81
бей қалған. Ә.Қодар ғана ақынның шығарма-
шылығында басты желі болып тартылып жатқан
бұл ұғымға тиісті көңіл бөліп, сәтті аударма
жасайды:
Держа в единенъи Ум, Сердце и Волю,
Ты к цельности редкой придешь без труда
[3,
43].
Үңіліп қараған адамға бұл аудармада да
кемшіліктер бары белгілі болады. Абай айтып
отырған «бірдей ұста» мен Ә.Қодар айтып
отырған «держа в единении» екеуі екі басқа
мағынаны білдіретіні сөзсіз. Ә.Қодардың аудар-
масын «бірдей ұстау» емес, «бірге ұстау» мағы-
насында ғана қабылдауға болады. Ал ақын бұл
үш қасиетті «бірге» ұста, деп отырған жоқ,
«бірдей ұста» дейді. Толық адам болудың шар-
ты осы үш қасиетті бірге ұстауда емес, бірдей
ұстауда. Олай болса біз сәтті деп отырған
Ә.Қодардың аудармасында да Абайдың өзекті
ойы толық жетпеген деуге негіз бар. Оның
үстіне ақынның толық адам туралы қағидасына,
тұжырымына да көлеңке түскен. Өлеңнің басқы
тармақтарын Ә.Қодар мынадай үлгіде аударған:
Наш холоден Ум, наподобие льда,
Горячее Сердце согреет всегда.
Разумность и такт, прозорливость терпенья,
В нас Воли рождает тугая узда
[3, 43].
Аудармашы метафоралық қатынаста тұрған
екі түрлі құбылыс арқылы берілген ұғымды
жеңілдетіп жеткізеді. Соның нәтижесінде ақыл-
дың суықтығы, салқындығы туралы түсінік сақ-
талған да, оның басты қасиеті - зеректігі –
жойылып кеткен.
Жүректің жылытатындығы туралы ой сақ-
талған да, оның нені (тұла бойды) жылытатыны
ескерусіз қалған. Сөйтіп, түпнұсқадағы мазмұн
мен мән аудармада өзгеріп әрі жұтап шыққан.
Өлеңнің соңы мынадай екі тармақпен түйін-
деледі:
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол ушеуінің жөнін білмек
[1, 128].
Ақыл, қайрат, жүрек - бұл үшеуінің бірінсіз
бірінің күні жоқ болғанда, олардың жөнін біліп,
әрқайсысының орны мен ретін анықтайтын күш
- ғылым. Бұл үшеуінің басын қосу, ақынның
ойынша, ғылымның ісі болып табылады. Бұл
«ұлы ақынның өз ойы, өз танымы екенін оның
барлық шығармаларының рухы айғақтайды»
[13, 242].
Ақынның барлық шығармаларының рухы
айғақтайтын осы мағыналы тұрғы аударма-
шылардың тарапынан әртүлі дәрежеде байым-
далады. А.Штейнберг ақынның бұл орайдағы
өлең жолдарын былай аударады:
Разноречъе троих сумей сочетать,
Этой мудрости учит нас жизнь сама
[7,77].
Аудармада
аталған
үш
қасиеттің
әділқазысы, жөнін айтушы ретінде ғылымның
орны мүлде көрінбей қалған. Бұл жерде ғылым
туралы әлде-қандай сөз жоқ. Ә.Қодардың:
Ум, Сердце и Воля - ничто б друг без друга,
А Знанье их суть пронесет сквозь года
[3, 43], -
деуі де түпнұсқаның тіліндегі ғылымның орнын
тап басып көрсете алмаған.
Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан
басқа» өлеңі оның «қайрат, ақыл, жүрек» тура-
лы толғамдарын жаңа бір биіктен танытатын
өлеңдердің қатарына жатады. Өлеңнің атын
О.Румер «Стяжателю одно лишь тешит душу -
скот» деп аударады. Ақынның «малға дос» деп
отырғаны аудармашының қолынан «стяжатель»
болып шыққан. Өлеңнің кейінгі жолдарында да
осындай белгілер бар. Алайда өлеңнің басты
мазмұнын аудармашы дұрыс жеткізеді. Өлеңнің
жалпы мазмұнын аудармада жеткізу, дәл беру -
бұл да үлкен ақындық өнерді талап ететіні
сөзсіз. Ал әр сөздің, әр тармақтың мағынасын
дәл аударуды талап етпей, өлеңнің әр шума-
ғының жалпы мазмұнын, ақын ойының желісін
сақтап аудару түпнұсқаның тілін, ақынның
ойын, ақын шығармасында көрініс тапқан өмір
құбылыстарының тобын дұрыс тани алған жан
үшін көп қиындық келтірмесе керек. Аудар-
машы өлеңнің әуелгі үш шумағын аударғанда
осындай білім мен білік, таным дәрежесін
аңғартады. Жекелеген тармақтар мен шумақ-
тардың басты ой желісін бұзбай жеткізе білуі де
оның еңбегінің биік дәрежесін танытады.
Аудармашы түпнұсқа мазмұнын, онда көрініс
тапқан өмір шындықтарының сырын нақпа-нақ
бермесе де, оның негізгі қыры мен сырын, мәнін
оңтайлы жеткізеді. Түпнұсқаның әсері бір бө-
лек, аударманың әсері бір бөлек екені рас. Бір
тілді емес, қос тілді, орыс тілін де, қазақ тілін де
білетін және түпнұсқаның да, аударманың да
көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімін, табиға-
тын салыстыра отырып қабылдай алатын
оқушы үшін түпнұсқаның қасиеті, поэтикалық
қуаты бір басқа да, аударманың ой қуаты бір
басқа. Түпнұсқа мен аударма арасындағы
алшақтық та, ауытқу да осындай қос тілді
оқырман үшін мейлінше анық көрінеді. Бұл
жерде қос тілді оқырман туралы бекерден бекер
ой
қозғап
отырған
жоқпыз.
Абайдың
шығармалары алғаш орыс тіліне аударыла
бастағанда, аудармашылар өз аудармаларын
орыс тілді оқырмандарға арна-ғаны сөзсіз. Ол
тұста қоғамның даму дәрежесі, оқырмандардың
түрі мен типі осындай мақсатта қызмет етуді
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
82
аудармашылардан да, баспа қызметкерлерінен
де талап еткені шын. Бүгінгі жағдайда
оқырмандардың жаңа типі өсіп, жетілді. Олар -
екі тілді оқырмандар. Екі тілді бірдей білетін
оқырмандардың
өсіп-жетілуі
орыс
тілді
оқырмандарға
ғана
арналып
жасалған
аудармаларға бүгінде мүлде басқаша талаппен
қарауға алып келіп отыр. Қос тілді оқырмандар
талабына кез-келген аударма жауап бере
алмайды. Алайда тарихи тұрғыдан келгенде,
бұл аудармалардың өз кезінде үлкен қоғамдық-
әлеуметтік қызмет атқарғанын жоққа шығармау
керек. Оның үстіне қоғам тек қос тілді оқыр-
мандардан ғана тұрмайды. Орыс тілді оқыр-
мандар Абай шығармаларын оның осындай
аудармалары арқылы ғана тани алады. Сон-
дықтан ақын шығармаларының аудармаларын
бағалағанда, олардың осындай қызметін де
ескеруге тура келеді. Осы тұрғыдан келгенде,
ақын шығармаларының орыс тіліне аударылуы
барысында түпнұсқаның негізгі мазмұндық
желісінің сақталуы аса мәнді болып табылады.
Түпнұсқаның басты мазмұндық желісінің сақта-
луы бар да, ақынның түбегейлі нысана-тұрғы-
сын танытатын ойлардың жүйесі бір басқа. Ілге-
ріде айтқанымыздай, түпнұсқаның негізгі маз-
мұны аудармада дұрыс беріліп, ақынның түбе-
гейлі нысана-тұрғысын танытатын ой жүйесі
көзден таса қалған жағдайда, ондай аударманың
көркемдік-идеялық сапасы төмен болатынын
ашық айту қажет. «Малға достың мұңы жоқ
малдан басқа» өлеңіндегі мазмұн мен мағына
соңғы шумақта түйінделеді. Түйінді ойын ақын
былай жеткізген:
Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
[1,
249].
Ақынның айтып отырғаны оның өзінің жеке
дүниетанымы, әлеуметтік философиялық көзқа-
расы, эстетикалық нысана-тұрғысы екені анық.
Сонымен бірге бұл ойларда оның терең ұлттық
болмысы жатыр, бұл ойларда оның ұлттық
қасиеті бар. Өлеңнің ұлттық сипаты да осындай
тұғырлы түбегейлі мәнімен сипатталады.
Жүректің қасиетін ақын қара сөзінде де
кеңінен таратып баян еткен. Осындағы жүрек
қасиеті туралы сипаттамалардың дені ақынның
өлеңдерінде де басты желі болып тартылған.
Ақын кісі бойындағы мейірім, шафхатты,
рахымды, махаббатты жүректен шығатын асыл
қасиет қатарында бағалайды. Сол себепті ақын
өлеңдеріндегі «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл»,
«жылы жүрек» - бәрі де аудармада түпнұс-
қадағы мәнін жоғалтпай, өздері де таса қалмай,
аударма шығарманың орталық өзегін түзетін ой
желісі, ұғымдар жүйесі ретінде қала беруі
орынды болады Түпнұсқадағы «ыстық», «нұр-
лы», «жылы» сөздері белгілі заттың, кұбы-
лыстың айрықша қасиетін ашып тұрған
көркемдік бейнелеу құралдары (эпитет) екені
рас. Бірақ бұл жерде аудармада түпнұсқаның
көркемдік бейнелеу құралдарының сақталуы
туралы әңгіме болып отырған жоқ. Бұл үш сөз-
дің үлкен әлеуметтік мәнді ашып тұрған бай
қызметі бар. Олар адам бойындағы үш асыл
қасиеттің, «үштік ұғымның өзіне тән гуманистік
мағынасын ашып айғақтап тұр» [13, 241].
Ақынның «үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыс-
тық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деуінде
қаншалықты терең мағына барын осы айтылған
жайлардан аңғару қиын емес. Ақын ойының
темірқазығындай қызмет атқаратын мұндай ой-
ға да, мән-мағынаға да толы өлең жолдарының
әр сөзі, әр тіркесі аудармашыдан барынша
дәлдікті талап етеді.
Ақынның адамдық қасиет, адамшылық іс
туралы желілі ойлары «Сенбе жұртқа, тұрса да
қанша мақтап» өлеңінде және бір тереңдігімен
көңіл аударады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
[1, 267].
Төрт тармақ шумақтың алғашқы екі тар-
мағында бір тақырыптық желі бар. Ол жұртқа
сенбеу, оның себебі туралы. Соңғы екі
тармақтағы тақырыптық желі - кісінің өзіне
сенуі, оның нәтижесі туралы ой. Ақын өзіңе сен
дегенде кісінің бойындағы ілгеріде көрсетілген
үш қасиетті негізге алып отырғанын есте
ұстаған дұрыс. Сол үш қасиеттің біреуі - ақыл -
мына жерде анық көрсетіледі де, оған еңбек
қосылады. Еңбек - қайраттың қызметі. Олай
болса, ақын ақыл мен қайратты қатар ала
отырып, «өзің» деген ұғымның астарында «жү-
ректі» мегзеп отырған болып шығады. Сөйтіп,
бұл жерде де толық адамның басты шарты, үш
қасиет қатар негізге алынған деуге болады.
Осындай іргелі, күрделі, терең ой желісіне
құрылған өлеңнің орыс тілінде бірнеше аудар-
масы бар. Олар - А.Гатовтың, Ә.Қодардың,
М.Сұлтанбековтің аудармалары. Үш аудар-
машының таным сипаты, шығармашылық ерек-
шеліктері, шеберлік үлгілері әр түрлі. Түп-
нұсқаны тану мүмкіншіліктері де басқа-басқа.
А.Гатов өлеңнің бастапқы шумағын былай
аударған:
Разным людям не верь, что тебя вознесут, -
Ведь они коварно тебя предадут.
Верь себе! И опора и счастье твое -
Это лишь неразлучные ум и труд
[7, 134].
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
83
Түпнұсқадағы серпін, қимыл-қозғалыс, ой-
дың әрекетшілдігі аудармада біршама беріл-
генін жоққа шығармау абзал. Жұртқа сенбеу
туралы тақырыптық желі сақталған. Оның себе-
бі де ашылған. Өзіне сену туралы тақырыптық
желі - бұл да бар. Оның нәтижесі де сурет-
телген. Алайда өлеңнің бір жолынан екінші
жолына жалғасып, дамып жатқан желілі ойдың
тұтастығы қатты әлсіреген. Өлеңде ақыл мен
еңбектің қызметі нақты, процесс күйінде сурет-
телген болса, аудармада ол жоқ, еңбек пен ақыл
сүйеніш пен бақытқа баланған. Еңбек пен ақыл
- бақыттың көзі. Оны жоққа шығару ретсіз.
Ақынның шығармашылық мұрасы бұл ойды
толығынан қолдайды. Дегенмен дәл мына өлең
жолдарында еңбек пен ақылдың сипаты емес,
нақты қызметі бағалы. Ақынның «алып шығар»
деген қимыл-қозғалысқа, серпінге толы сөзін
аудармашы қимыл-қозғалыссыз «опора и
счастье» деп, бейнелі, ауыспалы мағынадағы
сөздердің қызметі арқылы беруі ақын өлеңінің
контексіндегі ақыл, қайрат, жүрек туралы ұғым-
ды мүлде бүркеп тастаған. Сөйте тұра аударма
туынды түпнұсқадан тыс орыс тілді оқыр-
мандардың эстетикалық тұщынуын туғызатын
көркемдік құбылыс дәрежесіне дейін көтеріл-
ген. Ақынның дәл осы өлең арқылы айтайын
деген ойы, белгілі дәрежеде көркем түрге
иеленіп, орыс тіліне бірсыдырғы аударылған.
Бұдан жақсы, бұдан жатық, бұдан гөрі дәл әрі
көркем аудару мүмкіншілігін ешкім жоққа
шығармайды. Бірақ ол екінің бірінің қолынан
келмейді. Ә.Қодар мен М.Сұлтанбековтің ау-
дармаларында да мінсіз келісім бар деп айту
қиын.
Пусть хвалят люди, верить не резон.
Ты жди подвоха, если вознесен.
Поверь в себя, тебе помогут дружно
Твой труд и ум твой, взявшись с двух сторон
[3,
37].
Ә.Қодардың аудармасы - осы. Түпнұсқаның
алғашқы екі тармағының мазмұны жартылай
берілген. Екінші тармақтың мағынасы ашыл-
май, басқаша сипат алған. Кейінгі екі
тармақтың мағынасы да өзгеріп, артық сөздерге
орын бе-рілген. Ақынның «өзіңе сен, өзіңді
алып шығар» деген ойына қосымша, үстеме
мағына қосылып, екінші жағынан, ақынның өз
ойы көмескілене түскен. Аудармашының
«помогут дружно» деуі түпнұсқадағы нақты
айтылған
ойды
бұлың-ғырландырып,
нақтылықтың орнын жалпылық сипат басқан.
«Помогут дружно» тіркесі түпнұс-қадағы
тікелей бірліктердің ұғымын жеткізе алмайды.
Оның үстіне аударманың өлең сөз сияқты
төгіліп тұрмағаны оны түпнұсқаның ыр-ғақ,
ұйқас жүйесімен салыстырғанда айқындала
түседі.
М.Сұлтанбековтің аудармасында мазмұндық
нақтылық, дәлдік басым. Әр тармақтың көтеріп
тұрған мазмұны, атқаратын қызметі бұл жерде
нақты сақталған. Шумақтың жалпы мазмұндық
бітімінде де тұтастық бар:
Сколько б тебя ни хвалили - не верь,
Хитрость таится в хвалебной молве.
Веру в себя укрепляй, чтоб вдвоем
Разум и труд выводили на свет
[14, 25].
Соңғы екі тармақтың синтаксистік құры-
лымы түпнұсқадан мүлде алшақ. Бұл алшақтық
өз кезегінде түпнұсқадағы ой жүйесінің құры-
лымы мен аудармадағы ой жүйесінің құры-
лымындағы алшақтыққа алып келген. Соған
байланысты ақынның айтып отырған ойы да
жүйелі қалпын сақтай алмаған. Аудармадағы
мағынаны қазақ тілінде былай баяндауға бола-
ды: ақыл мен еңбек екеуі сені жарыққа алып
шығу үшін, өзіңе деген сеніміңді арттыр
(бекіт). Бір ұғымды екінші бір ұғымның орын-
далуының шарты етіп көрсету түпнұсқа жүйе-
сіндегі бірден бірге дами ұласып жатқан ой
ағынының еріксіз үзік-үзік болып шығуына
себепкер болған.
Өлеңнің түйінді мәні соңғы шумақта жинақ-
талған:
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Содан тапқан - шын асыл, тастай көрме
[1,
267].
Өлеңнің бастапқы шумағы секілді мұнда да
қимылды, қозғалысты, процесті білдіретін сөз-
дердің қатары самсап тұр. Ақынның әр сөзінде
бір әрекеттің сыры бар, бір қызметтің қыры бар.
Қимылды, қозғалысты білдіретін әр сөзде ақын-
ның ғибратты өсиеті бар. Солардың түпқазығы
болып ақынның жүрек туралы танымы, жүрек-
пен байланысты ұғымдар жүйесінің өзегі тағы
жарқырап көрінеді. Мұндағы ой бейнелі, образ-
ды. Жүрек туралы ілгерідегі ойлар тура
мағынада қолданылып келген болса, мына жер-
де олай емес. Ақын жүрекке сүңгу, жүректің
түбін қөздеу туралы ой тастайды. Жүрек адам-
ның кеудесіндегі жұдырықтай ғана ет болса,
оған қалай сүңгуге болады, оның түбіне қалай
үңілуге, түбін қалай көздеуге болады? Ол
мүмкін емес. Ал бұл сөздерді ақын қолданып
отырған мәнде қабылдар болсақ, онда әңгіме
басқа. Ақын ет жүрек туралы айтып отырған
жоқ, сол ет жүректің қасиеті мен қызметі,
ондағы махаббат, мейір, рахым туралы айтып
отыр, шафхат та осы қатарда. Осы жерде
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
ақынның жоғарыда әңгіме болған «Он жетінші
сөзіндегі» жүрек туралы сипаттамаларына тағы
бір назар аударған артық емес. Қайрат, ақыл,
жүрек туралы сондағы ойлардың мәнісі мына
өлең жолдарында қысқаша түйінделіп, шиыр-
шық атқан мағыналы өсиетке, ғибратқа айнал-
ған. Өзге тілді оқырмандар үшін де, түпнұс-
қаның аудармадағы көркемдік қасиеті үшін де
өлеңнің осындай мәнінің аудармашы тарапынан
лайықты көрсетілуі аса бағалы.
Жоғарыда түпнұсқа мен аударма арасын-
дағы сәйкестік пен алшақтық жайы тек мазмұн-
мағына арнасында ғана сарапталды. Бұл жерде
нақты, тура мағыналы сөздердің тура мағынада
аударылуы, тармақ беретін мағынаның аудар-
мада мүмкіндігінше дәл берілуі, тармақ, шумақ,
тұтастай өлең мазмұнының, ақынның өмірлік
тұрғысын, ақындық биік нысанасын танытатын,
эстетикалық көзқарастарының негізін аңғар-
татын тұжырымды ойлардың берілу дәрежесі
жайында сөз болды. Әрине, аударма өз қал-
пында, түпнұсқадан тыс тұрып та белгілі
көркемдік-эстетикалық, танымдық қызмет ат-
қаратынында сөз жоқ. Ақынның ойын ақынның
өз ақындық қуаты деңгейінде бейнелі жеткізу
аудрамашы үшін мүмкін еместігінде сөз жоқ.
Бейнелілік, образдылық сыры мен сымбатын
аударуда аудармашыдан ешқандай биік талап
өлшемдерін талап етпей, тек мазмұн-мағына
деңгейінде ой қозғағанның өзінде, аудармада
түпнұсқа мазмұнының кейде өрескел бұрма-
ланатыны, кейде орынсыз өзгеріске ұшырай-
тыны белгілі болады. Бұл өзгерістер мен бұр-
малаулар Абайдың ақындық өнері туралы
халық
санасында,
абайтану
ғылымында
қалыптасқан биік ұғымнан төмен түсініктің
орын алуына мұ-рындық болуы ғажап емес.
Сондықтан Абайдың ақындық даналығына
лайықсыз аударманың болмыс-бітімін сыншыл
оймен байымдаудың әлеуметтік, ғылыми
маңызы жоғары. Әдеби шығарманың өзге тілге
аударылғаннан кейінгі аударма қалпындағы
көркемдік сапасы мен әлеуметтік қызметі
түпнұсқадан тыс бағалануға тиісті емес.
Аударма
шығарманы
оқырман
өзінше
қабылдап, оның көркемдік-эстетикалық мәнін
түпнұсқадан тыс, өзінше өлшеп-пішіп, өзінше
бағалауына
ерікті.
Алайда
аудармашы
түпнұсқадан ауытқып, өз оқырманының қолына
автордың басты ойын, өмірлік маңызы жоғары
пікірлерін, шығармашылық нысанасын өзгертіп
жеткізетін болса, онда бұл оқырманды адас-
тыруға, түпнұсқа туынды туралы мүлде бөлек,
ақиқатқа
жанаспайтын
түсініктің
пайда
болуына алып келеді.
ӘДЕБИЕТ
1.
Абай
(Ибраһим)
Құнанбаев.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - Т.1. -
Алматы: Ғылым, 1977. - 454 б.
2.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Избранное
/Перевод с казахского. - М.: Художественная
литература, 1970. - 272 с.
3.
Абай (Ибраһим) Кунанбаев. Избранное
/Перевод с каз.комментарии А.Кодара. - Алматы: Ана
тілі, 1996. - 224 с.
4.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы:
Ана тілі, 1995. - 272 б.
5.
Әуезов М. Абай (Ибриһим) Құнанбайүлы.
Монография // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар
жинағы. - Т.ХХ. - Алматы: Жазушы, 1985. - 6-245-б.
6.
Абай Кунанбаев. Избранное. - Алматы:
Казгосиздат худ.лит., 1951. -140 с.
7.
Абай Кунанбаев. Избранное /Перевод с
казахского. - М.: Художественная литература, 1981. -
224 с.
8.
Чуковский К.И. Высокое искусство. - М.:
Сов.писатель, 1988. - 345 с.
9.
Мұқанов С. Абай Құнанбаев //Мұқанов С.
Таңдамалы шығармалары. Он алты томдық. Он
алтыншы том. - Алматы: Жазушы,1980. - 169-391-б.
10.
Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағлымы. -
Алматы: Ғылым, 1994. - 280 б.
11.
Сильченко М.С. Творческая биография Абая. -
Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской
ССР, 1957. - 294 с.
12.
Дәдебаев Ж. Абай //Дәдебаев Ж. Атыңнан
айналайын
Әулие
ата:
тарихи-филологиялық
зерттеулер. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. -
270-283-б.
13.
Мырзахметов М. Мүхтар Әуезов және
абайтану проблемалары. - Алматы: Ғылым, 1982. - 296
б.
14.
Абай Құнанбаев. Безветренной ночью луна
/Перевод с казахского М.Султанбекова. – Семи-
палатинск: обл.типогр.,1992. - 28 с.
* * *
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |