Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

 

7



 

чествосын  танудың  ең  бір  көрнекті  арна-

ларын көрсетумен пара-пар еді. Әрине, бұл  

анықтамада  Абайдың  бар  тұлғасы  толық 

көрінбеген, 

өзекті 


мәселелердің 

өнікті 


салаларына ғана назар аударылған. 

Алайда: «Бұл  күнге  шейін  қазақтың  жазба 

әдебиеті  жайынан  сөз  жазушылардың  көбі 

біздің  жазба  әдебиетіміздің  басы  Абайдан 

басталады  деп  есептейді.  Бұл  пікір  суретті 

(художественная  литература)  ретінен  қарағанда 

дұрыс  болса  да,  әдебиет  тарихының  ретінен 

қарасақ,  үлкен  адасқандық  болар», - деген 

пікірге тоқтала кету қажет. 

Бұл  пікірге  ойлана  қараған  жөн.  Ғылыми 

деректердің 20-жылдардағы  өресі  алысқа  көз 

салуға  мүмкіндік  бермегеніне  қарамастан,  М. 

Әуезов өнікті болжам айта білген деп табуымыз 

керек, ал, оны дәлелдеу жағына келгенде, онша 

көп  ғылымдық  ыждаһат  жасамай,  жаңсақтыққа 

ұрынған. 

Ақындар  айтысы,  жалпы  айтыс  өнері: «бір 

жағынан  ауызша  әдебиетке  кірсе,  бір  жағынан 

жартылап  келіп  жазба  әдебиетке  кіреді.  Біздің 

айтыстар  сол  эпистолярлық  роман  түріндегі 

өлеңдер.  Сондықтан  жазба  әдебиетінің  басына 

бұл  өлеңдер  кіруі  тиіс.  Одан  бері  де  жазба 

әдебиеттің  өз  міндетін  ұға  бастаған,  қазақ 

тұрмысындағы  кем-кетікті  қолға  ала  бастағаны 

да  Абайдан  бұрын  басталады», - деген  уақытта 

М.  Әуезов  әдебиет  тарихын  әріден  тартпай, 

бергі  қол  созым  жерден  бастайды.  Наурызбай 

мен  Тілеуқабақ  қызының,  Біржан  мен  Сараның 

айтысын ғана дәлел етеді. 

Айтысты  эпистолярлық  романға  балауында 

белгілі шарттылық та бар. Алма-кезек жазысқан 

хаттар  негізінде  жазылатын  шығарма  мен 

қолма-қол  айтыста  суырып  салып  айтылатын 

өлеңдердің  мән-мағынасына,  көркемдік  фор-

масына  бір  өңірден  қарауға  болмайтыны  тағы 

белгілі.  Айтыстың  түп  төркіні,  бар  табиғаты 

ауыз  әдебиетінде  жатқанын  аңғару  қажет  еді. 

М.  Әуезов  бұл  пікірін  кейінгі  еңбектерінде  ары 

жаңғыртпай,  айтысты  фольклордың  үлкен  де 

сүбелі  бір  жанры  деп  табады. «XVIII ғасырдың 

соңғы  жарымынан  бастап, XIX-XX ғасырдағы 

айтыстар  және  Совет  дәуіріндегі  айтыстар 

жазылып  алған  түрлерінің,  үлгілерінің  өздеріне 

қарағанда  да  қазақ  фольклорының  мол 

саласының  бірі», - деген  тұжырымды  пікір 

айтып,  алғашқы  кездегі  ойынан  ат  құйрығын 

кеседі. 

Алайда  осы  ойын  әрі  қарай  дамытқан 

уақытта: «Абайдың  алдындағы  адамдар  деп 

Шортанбай,  Алтынсарин,  Нармамбеттерді  алу 

керек.  Бұл  адамдардың  кейбірінің  Абайдан  жас 

болғандығын  есеп  қылуға  болмайды.  Бәрінің 

анық  аңғарылса  керек.  Шынында  да  Абай-

дың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің,  

классикалық 

әдебиетінің 

негізін 

қалаушысы  болуы  оған  дейінгі  көркемдік 

дамуды  жоққа  саймайды,  қайта,  казақтың 

көне  жазба  әдебиеті  болғандығына  назар 

аудартады.  Демек,  қазақ  даласының  маңғол 

шап-қыншылығына  дейінгі  тарихи  және 

мәдени  дамуын  санаттан  шығарып  тастауға 

еш  болмайды.  Абай  төңірегінен  өрбіген 

ойлар 

осы 


тақылеттес 

талай 


өнімді 

арналарға  жол  салып,  болжал  айтқызған 

болатын. 

Татар  ғалымы  Әбдірахман  Сағдидың 

1923  жылы  «Ақ  жол»  газетінде  «Абай» 

деген атпен бірнеше мақаласы жарияланды. 

Ол  «Келешек  дүниесінде  тіл,  әдебиет  және 

олардың  өсу  жолдары»  деген 1926 жылғы 

жинағына  енді.  Осы  еңбек  жайында 

Есмағамбет  Ысмайылов  мынадай  пікір 

айтқан: «Абай туралы ең алғаш елеулі пікір 

айтқан  адам  Орта  Азия  университетінің 

профессоры  Әбдірахман  Сағди  болды. 

Сағди  Абайдың  шығармаларын  дүние 

жүзілік  классик  ақындармен  салыстыра 

отырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихында 

маңызы  ерекше  зор  екенін,  Абайды  дүние-

жүзілік  данышпан  жазушылардың  қатарына 

қойып  бағалау  қажет  екенін  айтады.  Бірақ 

Сағди  мақаласының  негізгі  бір  методоло-

гиялық қатесі болды. Ол Абайды қоғамдық-

әлеуметтік  өміріне  байланысырып  қара-

мады  және  көбінесе  Абайды  татар,  шығыс 

ақындарына  салыстырып  отырды.  Абайдың 

орыс  әдебиетімен  байланысын  жете  аш-

пады», 


1925  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газеті  мен 

«Лениншіл  жас»  журналында  Бейсенбай 

Кенжебаевтың  «Абай»  атты  мақаласы 

жарияланды.  Бұл  мақала  Москвада  оқып 

жатқан  қазақ  студенттерінің  әдебиет  үйір-

месінің  арнаулы  тапсырмасы  бойынша 

жазылған.  Мұны  атап  көрсетудің  бір  мәнді 

жағы  бар.  Қазақтың  мерзімді  баспасөзін 

қарап  отырған  уақытта,  Москвада  оқып 

жатқан  студенттердің  пікірі  айрықша  ілти-

патқа алынып отырғандығын көреміз. Олар-

дың  ой-пікірлері  кей  кезде  шешуші  сипат 

алғанын  да  байқаймыз.  Мәселен, «Қазақ 

әдебиетіндегі 

орынды 

һәм 


орынсыз 

сындар», «Ешкімнің  қолжаулығы  бола 

алмаймыз», «Көркем 

әдебиет 


туралы 

Мәскеудегі  қазақ  оқушыларының  пікірі» 

деген  көлемді  де  мәнді  мақалаларға  әлеу-

меттік  жұртшылық  та,  әдеби  қауым  да 

назар  аударғаны  тарихи  шындық.  Демек,  Б. 

Кенжебаевтың  «Әдебиет  үйірмесінің  тап-



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

8



 

сырмасы»  бойынша  жазған  мақаласын  да 

осындай  коллективтік  пікірдің  бір  сілемі 

деп бағалаған жөн. 

Коллективтің  тапсырмасымен  жазылып, 

кейіннен  құптау  тапқан  осы  мақала  ең 

алдымен  екі  мәселеге  жауап  берген.  Әрине, 

эстетикалық  дәлелдеуі  мен  танымында 

балаңдық,  қалыптаспағандық  аңғарылып, 

ой аңғарын ажарлы жеткізу жағынан жетім-

сіздігі  байқалғанмен  де,  Абай  «шын  ақын 

ба,  ақын  болса  қандай?  Ол  кімнің  ақыны, 

ұстаған  жолы,  көздеген  бағыты  қандай?» 

деген  түбегейлі  мәселелерге  оралымды  да 

орнықты жауап береді. Бірінші: «Абай - өте 

ақын  кісі,  бұған  өлеңдерінің  суреттері, 

ұйқасымдары,  ойына  келгенді  қиналмай 

толқытып, 

түйдектеп 

шығаратындығы 

дәлел.  Осымен  бірге,  Абай - сыршыл 

ақын», - деген  тұжырымды  Абай-дың  қазақ 

поэзиясына 

қосқан 


жаңа-шылдығымен 

дәлел-демекке 

ұмтылған. 

Мұның 


өзі 

сыншылық  ойдың  қай  өңірге  көз  сала 

бастағанының бір көрінісі еді. 

Екінші сауалға: «Абай көшпелі дәуірдегі 

әдебиеттің  өкілі  болғандықтан,  сатираның 

бар  қуатымен  пайдаланды,  өйткені  Абай 

бұрынғы  өткен  заманның  қайта  орал-

майтынын 

білген. 

Ескі 


әдет-мінездің 

халық-қа  зиянды  екенін  тағы  білген.  Сонан 

соң  олардың  бәрін  кекетіп,  жаңа  заманға 

халықты  үйретуге  тырысқан», - деп  не-

гізінен  алғанда  түтіні  дұрыс  қорытынды 

жасаған. Мұндай пікір ол кезде көпшіліктің 

көкейіне  қона  қоймаған,  әрі-беріден  соң 

тыңнан айтылған ой екенін ескермеске тағы 

болмайды.  Өйткені  біреулер Абайды аспан-

ға  көтеріп,  ұлтшылдықтың  атасы  етіп 

жатқанда,  оған  қарсылар  Абай  твор-

чествосының  шын  мән-мағынасын  әділ 

таразыдан  өткізе  алмай  жатқан  кезде 

Москва  студенттерінің  ұйғарымымен  осын-

дай  пікір  айтудың  өзі  құптарлық  құбылыс. 

Өйткені  зиялы  жастар  талқы-сынан  өткен 

мақала: «Абай  қазақтың  жазба  әдебиетін 

бастады,  соған  негіз  салды.  Сондықтан 

Абай - қазақ  жазба  әдебиетінің  ағасы.  Бұл 

орын  Абайға  үлкендік  те,  кішілік  те 

қылмайды.  Абай  өлеңдерін  қарап  келіп 

шығаратын  қорытындымыз:  Абай - халық 

ақыны» [«Лениншіл  жас»,  № 6, 1925], - 

деген  тұжырымның 20-жылдардың  орта 

шенінде  жасалғаны  қазақ  әдебиет  сыны 

үшін  үлкен  мәні  барлығын  аңғармасқа 

болмайды. 

ҚазАПП  съезінде (1932 жылы)  жасалған 

баяндамада 

тұрпайы 


социологизмнің 

дауылы  көтеріліп,  бірқыдыру  әдеби-мәдени 

мұраларды,  Абай  творчествосын  да  сыртқа 

тепкен кезіміз жоқ емес. «Әдебиет энцикло-

педиясына»  байшыл-ұлтшыл  ақын-жазушы-

лар  туралы  мақалалар  орынсыз  жазылды 

дегенде, «қара  тізімнің»  ең  басынан  Абай 

орын  алған  болатын.  Әрқилы  мақалаларда 

Абайдың 

аты 


тағы 

да 


әр 

саққа 


жүгіртілгенін  тізе  бермей,  осы  көңіл-

сыңайдың  кейбір  шындығын  аңғартатын  Ілияс 

Жансүгіровтің 1933 жылы 

Абай 


шығармаларының  жинағына  жазған  кіріспесіне 

арнайы  тоқтаған  жөн.  Өйткені  мұнда  көзеңдік 

ой-пікірдің,  ҚазАПП  сынының  табы  әбден 

айқын.  Сонымен  бірге,  бұл  мақала  Абайды 

танудың  алғашқы  кезеңіндегі,  яғни 1917-1933 

жылдар  аралығындағы  ой  эволюциясының 

нақты бір көрсеткіші бола алады. 

Сондай-ақ,  әдебиеттану  ғылымына  РАПП, 

ҚазАПП-тың  жасаған  ықпалын  да  айта  кеткен 

орынды.  Өйткені  Ілияс  Жансүгіровтің  Абай 

жайындағы  осы  социологиялық  еңбегінің  бір 

тармағы,  тіпті,  әрі-беріден  соң,  негізгі  арқауы 

РАПП,  ҚазАПП  ұстанған  идеялық-эстетикалық 

талап-тілектен өрбігенін айқын көреміз. 

20-жылдары, 

әсіресе, 

оның 

екінші 


жартысында  «Плеханов  ортодокциясы  үшін» 

деген  ұран  көтерілді.  Оның  негізгі  талабы 

көркемдік  дамудың  себебін  қоғам  тіршілігінен, 

әлеуметтік-экономикалық  өмірден  іздеу  керек, 

көркем  шығарманы  соның  ыңғайына  қарай 

талдау  керек  деген  ойдан  тармақтанады  да, 

әдебиеттің; 

көркемөнердің 

өзіндік 

өсіп-


өркендеу  заңдылықтарын  теріске  сайды.  Осы 

бағытты  қатаң  ұстаған  В.  М.  Фриче: «Көркем 

шығармаларды 

жасаудың 

айла-амалдары 

материалдық  байлықты  өндірудің  заңдарына 

бағынады», - деген  болатын.  Классицизмді 

сентиментализмнің  алмастыруын,  сентимен-

тализмді 

романтизмнің, 

ал, 

романтизмді 



реализмнің  алмастыруын  өндірістік  карым-

қатынасқа,  қоғамдық  формацияға  байланысты 

қарайды да, өнерді өзіндік ерекшеліктен жұрдай 

қылып  шығарады.  Сондықтан  адамды  адам 

қанау  дәуірінде  жасалған  әдеби-мәдени  мұра-

ның  бағасы  өте  төмен,  одан  алар  үлгі-өнеге 

жоққа  тән,  өйткені  олар  қанаушы  таптың, 

халықты  езіп-қанап  отырғандардың  шашпауын 

көтерді,  даңқын  шығарды  деген  ойға  шыр-

малып,  дөрекі  социологизмнің  етек  алуына 

«теориялық» негіз дайындады. 

Совет  әдебиет  сыны  мен  әдебиеттануының 

басып  өткен  өткелдерін  проф.  С.Машинский 

«Жолдар  мен  бұралаңдар.  Совет  әдебиет  ғылы-

мының  тарихынан»  деген  еңбегінде  арна-йы 

зерттей  келіп: «Тұрпайы  социологиялық  құйын 

30-жылдардың  бірінші  жартысында  совет  әде-

биеттануының 

едәуір 

бөлегін 


қам-тыды. 

Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

9



 

Классиктер, өнер саласындағы қайрат-керлердің 

барлығы  дерлік  арнайы  «өңдеуден»  өтті.  Өткен 

заманның ұлы  шығармалары бур-жуазияның  не 

дворянствоның,  не  әралуан  әлеуметтік  жік-

тердің  «психологиясын»  жырлаушылар  деп 

табылды.  Пушкин - «I Николайдың  малайы», 

Гоголь - «феодалдық  идеологияны  қайтадан 

қалпына  келтіруге  жанталасқандардьң  өкілі» 

деп  жарияланды.  Тұрпайы  социологтар  псевдо-

маркстік  сөздерді  жамылғы  етіп,  классиктердің 

көркем 


туын-дыларына 

әділетсіз 

зорлық 

жасады» [«Наследие и наследники», 1967, 69-73 



б.], - деген  пікірлері  қазақ  әдебиетінің  сын-

зерттеу саласына да арнап айтылғандай. 

Ілияс Жансүгіровтің  Абай жинағына жазған 

кіріспесінің негізгі мақсаты - кемеңгер Абайдың 

дүниетанымын  айқындау  болғанымен,  артық 

сілтеп жіберген. Ілияс Жансүгіровтің бұл еңбегі, 

негізінен  алғанда,  бірінен  бірі  туындап  жатқан 

екі мәселенің сырын ашуды көздеген. Біріншісі 

-  Абай  заманы,  екіншісі - осы  заман  идео-

логиясының  Абай  дүниетанымын  қалып-

тастыруға  жасаған  ықпалы.  Қазақ  халкының 

тарихы, сондай-ақ әдебиетінің тарихы жасалмай 

жатқан  кезде  және  ескі  идеология  мен  жаңа 

идеологияның арасындағы идеялық-творчество-

лық күрестің сілемі әлі де болса сезіліп жатқан 

кезде  Абайдың  өмір  сүрген  заманын  ұзақ 

сонарлы  зерттеудің  ешқандай  әбестігі  жоқ. 

Осыны  терең  де  толғамды  айтамын  деген  игі 

тілек әрқашан өрелі биіктен табыла бермеген. 

Абайдың  ақындығына  келгенде,  Ілияс  біраз 

көсіліп,  бұрынғы  ой-пікірлерде  кездеспейтін 

өңірлерге көз салады. Өйткені ақынды ақынның 

түсінуі,  оның  сырын  ашуы  бірқыдыру  құнарлы 

ойларды  сабақтатқан.  Алайда  алдағы  социо-

логиялық  ой  ағыны  тартына  сөйлетіп,  емеурін-

мен  ғана  білдірткен  кезі  де  жоқ,  емес. 

«Алтынсарыұлы  Ыбырай,  Уәлиханұлы  Шоқан, 

Құнанбайұлы  Абай - осылар  біртұтас,  бір 

бағыттас  адамдар» [57-бет]  екенін  айту  сол 

кезеңнің өзінде жаңа ойдың қарлығашы еді. Тек 

Абаймен  болып,  Ыбырай  мен  Шоқан  көбіне 

ауызға  алынбай,  ал,  әлдеқалай  айтыла  қалса, 

беттері  теріске  бұрылып,  талай  атақты  арқалап 

шыға  келетін.  Үшеуін  бір  сарындас,  бір 

бағыттас етудің өзі сын үшін өнікті де құнарлы 

ой екенін аңғармасқа болмайды. 

Қазақ  әдебиеттануының  туа  бастау  және 

сынның  қалыптасу  дәуірінде  ақын-жазушьның 

шығармасында  қамтылған  өмір  шындығының 

әр  саласына,  тақырып  аумағына  ойлана  көз 

жіберу-дің  өзі  ұнамды  құбылыс.  Оны  Ілияс 

«Абай пікірлері» деген тарауда өмірден көрген-

түйгенін  жүйелеудің  өзі,  әрі-беріден  соң,  қазақ 

халқының  мінез-құлқындағы  кесір-кесапат-

тардың бәрін түйдектеп, бір арнаға салудың өзі 

сыншылдық  ойдың  өрісі  кеңігендігін  де, 

сонымен қатар, айтар ойдың молайғандығын да 

анық танытады. 

Ал,  сол  тақырыптық  аумақтың  өзі  қай 

үлгі-өнеге,  қай  тұрғыда  көретіндігіне,  яғни 

поэзияның  ішкі  жанр,  түрімен  нақыш-

талатындығына  назар  аудару - эстетикалық 

талап-талғамның  өскендігін 

аңғартатын 

құбылыс.  Абай  лирикасының  ішкі  дүни-

есіне,  сезім  байлығына  біраз  бойлап  алған 

автор: «Абай  бұлардың  үстіне,  шебер 

суретші  (художник),  өлеңмен  Абай  салған 

суреттер мінсіз, көрікті, ер-тұрманы түгел», 

өмір  шындығы  «жанды  тұлғасымен  тұтас 

түрекеледі» [60], - деген  байқауларын 

ортаға  жайып  салады.  Өйткені  бұл  ой 

аңғарында  тек  әдебиетшілерде  ғана  кезде-

сетін  байқағыштық  емес,  өзінің  практи-

калық  ісінен,  тәжірибесінен  туатын  шын-

дық  бар.  Ал,  мұның  өзі  сын  жанрының 

қалыптасуы 

үшін 


айрықша 

ілтипатқа 

алынатын  эстетикалық  құбылыстар,  жылт 

етіп 


көрініп, 

көбіне 


қолға 

ұстата 


қоймайтын ерекшеліктер. 

Осының  бәрін  Ілияс  тезис  түрінде 

айтқан  уақытта,  әлі  ешкімнің  сыншылық 

ойы  баяндай  қоймаған  салаға  ауады  да, 

өзінің  социологиялық,  тұрғыдан  тұжы-

рымдағандарына  қарсы  шығатын,  өз  ойын-

дағы  қайшылықтардың  бәрін  жеңілдететін 

үлкен бір проблемаға ауысады. Ол: «Өлеңді 

өнер  деп  бағалаған  Абай,  сол  өлеңді  кес-

телеп  жасауға  қызмет  етті.  Өлеңнің  өнер 

екенін  көрсетті.  Қазақта  да  мынадай  өлең, 

мынадай  сөз  өнерінің  үлгілері,  өнегелері 

болады  деп  өнер  белгісін  калдырды. 

Абайды  жазба  әдебиеттің,  сырлы  әдебиет-

тің  басы  дейтініміздің  бір  жағы  осында», - 

деп  көңілге  ұялар,  ғылымға  ой  салар  пікір 

тұжырымдайды. 

Ал,  жазба  әдебиеттің  басы  деп  санауға 

іңкәр етіп отырған оның тек жаңашылдығы, 

қазақ  өлең  құрылысына  кіргізген  жаңа-

лықтары  ғана  емес,  сонымен  қатар, «Абай-

дың  жалпы  өлеңінің  дені  сау,  тілі  таза. 

Абайдың  өлеңі  таудан  тасыған  бұлақтай 

сарқырап жатса, сөздері сол бұлақтың түрлі 

тасындай  жарқырап  жатады»,  Абайдың 

тарихи  зор  еңбегі  «тіл  өнерін  жасап,  қа-

зақтың жабайы тілінен үлгілі, өнер, әдебиет 

тілін  жасағандығы», - деп  дұрыс  та  перс-

пективалы қорытынды жасайды. 

Осындай  ірі  тұжырымды  барынша  дә-

лелдей түсу үшін Абайдың қазақ өлеңіне 14 

түрлі  өлең  өрнегін  қосқанын  жалпылай 

айтады: «Абай  өлең  түрін  жасауға  қызмет 

еткен  жазушы.  Абай  бұрынғы  қазақтағы 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

10



 

өлең,  жырлардың  өлшеу,  үлгілерін  кеңі-

тудің  үстіне,  араб,  парсы,  шағатай,  орыс 

өлеңдерінің 

үлгісін 

кіргізіп, 

қазақ 

әдебиетін 



жаңалаған 

адам». 


Оның 

шығармаларынан,  өлеңнің  әуез  ырғағынан 

күйлі,  ырғақты,  сорғалап  келетін  талай 

өлеңдерді  тауып, «Абайдың  жыры  ырғақ,  

музыка дыбысы, құрылысы жағынан төгіліп 

келеді.  Өлең  ұй-қасындағы  етістіктердің 

сайдың  тасындай  ірі  қимылды,  қозғалысты 

көрсетудегі 

жандылығы», «дыбыс 

ұйқастығы,  әуен  сәйкестігі  (аллитерация) 

ақын-дық 

шебер-ліктің, 

талант 

қуаттылығының, 



өлең 

көркемділігінің 

белгісі», - деп айрықша қадірлейді. 

Сонымен,  Ілияс  Жансүгіровтің  Абай 

жинағына  жазған  алғы  сөзі  ұлы  дарынның 

ерекшелігін  бірқыдыру  аңғарған,  кезеңдік 

эстетикалық,  талап-талғамның  ауыр  жүк-

терін  көтерген  еңбек  болды.  Осындай  ең-

бектердің  дүниеге  келуі  арқасында  Абайды 

дұрыс  тануға  жаңа  кілт,  жаңаша  көзқарас 

табу, 

яғни 


маркстік-лениндік 

ілімнің 


қағидаларын  басшылыққа  алып,  нақты 

жүзеге  асыру  қажеттігі  аңғарылып,  мәнді 

сыншылық-ғылымдық 

ой-пікірге 

үлкен 

арна  дайындалды.  Көптеген  мақалалар  мен 



еңбектердің  осындай  ерекшелігі  де,  қате-

кемшілігі  де  Абайтанудың  алғашқы  кезеңі-

нің 1917-1933 жылдарға  тұспа-тұс  келе-

тіндігін,  сыншылық  ой  эволюциясы  соны 

арна  тауып,  ғылыми  процеске  ұласа  бас-

тағанын танытты. 

Әрине,  Абайдың  өмір  сүрген  дәуірінің 

жай-күйін,  әлеуметтік  ой-пікірінің  жаңа 

арна  табуын,  кезең  идеологиясының  Абай 

шығармаларына 

жасаған 

әсерін 


айту 

айрықша  мәнді  болғанмен,  оның  твор-

чествосын 

жан-жақты 

тануға 

аздық 


жасайды.  Қазақтың XIX ғасырдағы  қоғам-

дық  тарихына  Абай  өмірбаянын,  ақындық 

болмысын  жанастыра  қарау  қажеттігін 

туғызады.  Бұл  міндетті  М.  Әуезовтің  осы 

жинаққа  жазған  «Абайдың  туысы  және 

өмірі»  атты  ғұмырнамалық  еңбегі  атқаруға 

тиіс болды. 

Осы  ғұмырнаманы  әңгімелеген  уақытта, 

бір  жағдайды  айта  кеткен  жөн. 1909 жылғы 

Кәкітай жазған Абай өмірбаяны 1933 жылға 

дейін  ұлы  ақын  жөніндегі  ақпар-мәліметтің 

негізі  боп  келген-ді.  Бұл  екі  аралықта 

жазылған  мақалалар,  айтылған  ой-пікірлер 

Абайдың  өмірбаянын  жасауды  мақсат 

етпеген.  М.  Әуезовтің  «Абайдың  туысы 

және  өмірі»  атты  еңбегі - қазақ  әде-

биеттануында  Абайдың  ғылыми  ғұмыр-

намасын  жасауға  талаптанған  күрделі 

қадам.  Әдетте,  көп  зерттеушілер  ақын-

жазушының  өмір  жолын  қуа  баяндап,  одан 

кейін идеялық-тақырыптық, қауқары жетсе, 

эстетикалық  талдаулар  жасайды.  Ал,  М. 

Әуезов осы үш саланы жіктемей, тұтастыра, 

бір-біріне  байланыстыра  отырып  ой  өрбіт-

кен.  Осы  әдісті 1933 жылғы  өмірбаянда 

алғаш  рет  қолданып,  кейінгі  редакцияла-

рында  жетілдіре  қомақтандырып  отырған. 

Абайтану 

ілімінің 

салалана 

өркендеп 

кетуіне  осы  әдіс  өзінің  игі  әсерін  тигізген. 

Мәселен, 1889 жыл  «Абайдың  барлық 

ақындық,  қызметінің  ішіндегі  ең  өнімді,  ең 

жемісті  жылы  болады. 89-жылы 25 шамалы 

өлең  жазылады.  Бұл  сөздерінің  ішінде  бұрын-

ғыша елінің өзі көрген кемшілік-міндерін қатал 

сыншы, үлкен ұстаз тілімен сынап, тексеру бар, 

сонымен  қатар,  махаббат  жайындағы  сөздер, 

табиғат суреттері, бас қайғысы да бар. 

Одан соң Пушкиннің «Онегинінен» аударма 

жасайды. 

Осы  жылдан  бастап  Абайдың  білімі  мен 

өсиетіне  құмар  болған  ел  ішінің  көзі  ашық 

жастарына  Абайдың  ауылы - үлкен  білгіштің 

медресесі  сияқты  болады.  Абай - ұстаз  да,  сөз 

ұғынатын  ынталы,  талапты  жастардың  бәрі - 

шәкірт» [372-бет], - деген  үзіндіге  көз  салсаң, 

Абайдың  әлеуметтік  ісі  мен  творчестволық 

өмірі  қоян-қолтық  араласып  жатады  да,  одан 

мәнді  қорытынды  жасай  алатын  білгірлікті 

байқаймыз. 

М.  Әуезов  жазған  осы  ғұмырнама  бұрынғы 

деректерге  көп  мағлұмат,  оқиғалар,  фактілер 

қосып, 

творчестволық 



өмірдің 

қат-қабат 

сырларын  ақтарып  барып,  жаңа  бір  дүниеге 

айналып  кетеді  де,  Абайды  тану  ісіне  үлкен 

олжа қосады. 

Абайдың тарихи өмірі мен творчествосының 

ой  аңғарын  әбден  жыға  түсінген  М.Әуезовтің 

Абай біреу емес, екеу деп тұжырым жасауы сол 

кез  үшін  де,  жалпы  Абайтану  үшін  де  үлкен 

жаңалық еді. 

Абайдың  өз  заманымен  алысып,  оны  жаңа 

жолға  салғысы  келгенін  және  тың  сүрлеумен 

жүруге талаптанғанын дәлелдей айта келіп: «40 

жастан  асқан  соңғы  Абай  бізге  бір  Абай  емес, 

екі Абай болып кетеді. Біреуі - өмірге үйлескісі 

келмей,  заманнан,  ортасынан  озып  шығып, 

сыншы, ұстаз ақылшы, ақын, данышпан болуға 

айналған  Абай  да,  екіншісі - күндегі  өмірдің 

бетімен  елдің  сөзін  ұстап,  бұрынғыша  партия 

тартыстың,  билік  әкімшіліктің  жолындағы  ру 

басы, ел меңгерушісі Абай. 

Абайдың  өз  ішінде  осындай  екі  тарау  жол 

шығады.  Бір  жүрек  екіге  бөлініп,  жыртылып 

айрылады.  Заманнан  ақыл-сезімі  артып,  басы 

озған  жалғыздық  трагедиясы  (қайғысы)  туады. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет