4.2 Контроллердің программалау тілдері
2000 жылдың басында Ресейде ULTRALOGIC контроллерлер пайда болды, олардың аты басқа түсініктен шыққан – олар өндірістік контроллердің программа жүйесін дайындау болып келеді. Осы түсініктемеге контроллерлердің негізінде автоматтандыру жүйені жобалау стандарты жатады.
ULTRALOGIC стандартты программалау тілдеріне келесі тілдер жатады [1-3]:
- Sequential Function Chart (SFC) – тізбекті функционалды блоктар жиынтығының тілі.
- Function Block Diagram (FBD) – функционалды блок диаграммалар тілі.
- Ladder Diagrams (LD) – реле диаграммалар тілі.
- Structured Text (ST) – құрамды текст тілі.
- Instruction List (IL) – инструкциялар тілі.
SFC и FBD – электронды схема түрінде жазылады (инженерлер үшін), ал ST и IL–Ассемблерге жақын тіл.
ULTRALOGIC функциялары жиынтық кітапшасы функциялар ретінде элементарлы функциялар мен қатар стандартты П, ПИ, ПИД реттеу, сигналдың фильтрациясын орындау, берілген параметрлерін тұрақтандыру функциялары кіреді. Сонымен қатар, математикалық статистикалық есептің функционалды блоктары сигналды өңдеуді жеңілдетеді. ULTRALOGIC контроллерлерін басқару нысаны мен формалды түрде аналогты және дискретті кіріс-шығыстармен байланысқан «қара жәшік» ретінде қарастырылады. ULTRALOGIC басты контроллердің аппарат платформасына байланыссыз болады. Ол үшін жүйеде инвариантты компилятор болады. Ол аппарат туралы ақпарат және оның конфигурациясы туралы алдын-ала дайындалған мәліметті қолданып, міндетін орындайды.
ULTRALOGIC программалық жиынтығына жоба менеджері, отладчик және загрузчик кіреді.
Менеджер міндеті: айнымалыларды енгізіп, өзгерту. Контроллердің аппаратты конфигурациясын жинастыру. Программаларды жазып, өзгерту. Жобаның компиляциясын орындау.
Отладчик міндеті: айнымалыларды қарастыру. Осциллографтан графикке шығару және зерттеу. Қадам бойынша отладка.
Загрузчик міндеті: драйверлерді қосу және программаны орындау.
6 сурет - Жүйенің функциясы цикл бойынша міндетін қайталау
6 суретте еркін программаланатын контроллерді жүйенің функциясы цикл бойынша міндетін қайталау циклограммасы келтірілген. Циклограмма еркін программаланатын контроллердің программалық ерекшелігін көрсетеді.
Қайталау келесідей орындалады [2]:
-кіріс сигналды оқу,
-программаны бір рет орындау,
-программаның қорытындысын шығыста шығару,
-жоғары деңгейдегі желі мәліметтермен айырбас жасау.
FBD тілінің негізгі мысалдары:
- Бинар функциялар: NOT, AND, OR, XOR, SET, RESET.
- Басқару функциялар: RETURN, GOTO, СALL, TSTART, TSTOP, GSTART, GSTOP.
- Арифметикалық функциялар: ADD, SUB, DIV, MUL.
- Салыстыру функциялар: =, <>, >, <, =>, <=.
- Математикалық функциялар: ABS, EXPT, LOG, SQRT.
- Тригонометрикалық функциялар: АCOS, ASIN, ATAN, COS, SIN, TAN.
Достарыңызбен бөлісу: |