4.3 Ақпаратты алу және өңдеудегі қолайлы автоматтандырылған жүйелердің дамуы
Қолайлы автоматтандырылған жүйелер [2,7,8] деп - қолданушы өз ыңғайына қарай өзгертуге, қайта жасауға, модульдердің құрамын, байланыстар мен программалық шешімдердің конфигурациясын өзгертуге болатын жүйелерді айтамыз.
Қазіргі қолайлы автоматтандырылған жүйелер микропроцессорлық элементтен тұратын жабдық. Төменгі өлшеу деңгейі интеллектуалды датчиктерден тұрады (микропроцессормен жабдықталған сезімтал элементтер). Келесі деңгейде басқару мен реттеуге ЕПЛК қолданады. Байланыс деңгейіндегі интерфейстер сондай микропроцессорлы түрлендірушілерден тұрады және ең соңында өңдеу кезінде микропроцессордың есептеу мүмкіндіктерін пайдалану, яғни дербес компьютерді қолдану.
Егер автоматтандыру параметрлері 100-ге дейін болса, онда мұнда виртуалды құрал қолданылады. Құрал – бұл өлшеуші түрлендіргіш, арнайы программалық қамтамасыздандырумен жабдықталған ақпаратты жинау платасы мен компьютер. Егер виртуалды құрал дербес компьютерде жасалса, онда оның өндірісте қолдануына оның «қорғансыздығы» кедергі болады, осы кезде келесі шешу жолдары орын алады:
-жергілікті өлшеу және мәліметтер өндірістік контроллер ЕПЛК-дан алынады. ЕПЛК өлшеу аймағын кеңейтеді, сонымен қатар параметрлер санын көбейтеді.
- қолайлы автоматтандырылған жүйелердің келесі даму сатысы өндірістік желілер. Қазіргі кезде қолайлы автоматтандырылған жүйелердің дамуы программалық бағдарламалар мен аппараттың сымсыз мәліметтерді беру жолымен дамуда.
Қолайлы автоматтандырылған жүйелердің негізгі басты мәселесі - аппараттың сенімділігін және ақпаратты қорғауды арттыру.
Қолайлы автоматтандырылған жүйелерді қолдану ерекшеліктері:
- жүйені оптимизациялау есептері жылдам шешіледі;
- жүйенің мониторингі жасалады;
- тұрақты бақылау мен апат жағдайларынан қорғану орындалады;
-программалық және аппараттық қамтамасыздандырулар жаңа технологиялар мен стандартқа оңай өзгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |