1 Дәріс. Өндірістегі автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйелері
1.2 Өндірістегі ақпараттық-басқарушы жүйелерді топтастыру
Дәрiстiң мақсаты: қазiргi ақпараты - басқарушы жүйелер (АБЖ) классификацияның басты ережесiн, АБЖ-ның функцияларының математикалық үлгiлерiнiң көрсету.
Қазақстанда және жақын мемлекеттерде [7,8] қазіргі уақытқа сай ақпараттық-басқару жүйелерді зерттеу нәтижесінде нарықта көп түрлі шешімдері бар екеніне көз жетеді. Ақпараттық басқару жүйелер (АБЖ) әртүрлі басқару функцияларын орындайды. Ол функциялар тек қана техникағана емес әлеуметтік, шаруашылық, экономика мәселелерін де алып жатады. Ақпараттық-басқарушы жүйенің құрылымы пирамидалар жиыны түрінде жүреді (1 суретті қара). Басқару функцияларының әрбіреуін де пирамида түрінде көрсетуге болады. Пирамида жүйе бөліктерінің байланыс иерархиясын көрсету үшін қолданылады. Пирамиданың ұшында байланыс азаяды, ал пирамиданың бас жағында қарым-қатынасы күшейеді. Әр пирамиданы төрт деңгейге бөлуге болады. Сонда әр деңгейге сәйкес программа кешені шығарылады.
1 сурет - Ақпараттық-басқарушы жүйенің құрылымы
1 суретте көрсетілген сурет жергілікті автоматика пирамидасы. Бұл пирамидаға тән сипаттама – өндіріске жоба жазғанда оның техникалық тапсырмасы бірінші деңгейде беріліп, төменгі сатыға ақпараттың техникалық тапсырма түрінде келуі. Ал MES-жүйелерде керісінше, техникалық, технологиялық, әлеуметтік, экономикалық аспектілердің ескерілуіне байланысты нақты техникалық тапсырма болмайды және басқару есебі айқын болмайды. Үшінші деңгейде осы жобаға бөлінетін қаржы анықталады. Төртінші деңгейде жобаның болашақ дамуы зерттеледі және оны тіркеп немесе жоюға қорытынды шығарылады.
Қызметтері бойынша АқБЖ бөлінуі:
1 к е с т е – АқБЖ бөлінуі
Деңгейлер
|
Сипаттамасы
|
IV деңгей
|
интеграция жүйелері
|
III деңгей
|
цех (бөлім) деңгейінің үлкен АқБЖ (бухгалтерия, кадр, зат жеткізу, зат өткізу)
|
II деңгей
|
байланыстары шектелген жергілікті жүйелер (өндірісті толық басқару, бас энергетик, бас инженер, бас механик және т.б. қызметтер)
|
I деңгей
|
аспаптар жүйесі (цех, учаске, технологиялық жолдар)
|
Аспаптар жүйесі орындаушы деңгей және оның қызметі қарапайым есептерді орындау:
- өлшеулер жүргізу, алғашқы мәліметтерден құжатқа тіркеу;
- режимдерді және көрсеткіштерді технологиялық басқару процесінің шеңберінде реттеу алгоритмін орындау;
- технологияда бақылауыштарды қолдану;
- SCADA-жүйелерді қолдану;
- экономикада – электронды кестелерді қолдану операциялары.
- Байланыстары шектелген жергілікті жүйе қызметі:
- әртүрлі мамандықтағы қызметкерлерден тұратын учаскілерді басқару. Мысалы, өндірістік нысанның диспетчерлік көрінісінің көрші учаскілермен байланысын көрсету, яғни басқа учаскілермен байланыстыра отырып басқару мәселерін шешеді. Бұл деңгейде технология жағынан таратылған басқару жүйелері (DCS) және экономика жағынан "1С-Бухгалтерия" сияқты бір функционалды жүйелер қолданылады.
Цех деңгейінің үлкен АқБЖ қызметі:
- әкімшілік-шаруашылық бірліктерді басқару. Бұл жүйелер программа кешендері болып келеді, Ресейде ол «Орбита», «Парус» деген программа кешендері, ал шетелде PI (PlantInformation, OSI Software) және InfoPlus (AspenTech), Baan, R3(SAP).
- Интеграция жүйесінің ғылыми зерттеу деңгейі және қызметі:
- өндірістің дамуын басқару және оның өсу стратегиясын ойластыру;
- аналитика және болжау (OLAP,CRM,B2B).
Пирамиданың байланыстары тігінен дамуын, көлденеңінен ақпараттық байланысын көрсетеді. Сонда пирамиданың төменгі жағында ақпараттар бір-бірімен тығыз байланыста, ал ұшында байланыс әлсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |