3.1 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ / семин. сабақтарындағысұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау, СӨЖ және курстық жұмысты (жобаны) қорғау;
3.2 Аралық бақылау-коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша);
4. 1 Оқытушының талаптары:
4.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкескафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтанблоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.1.10 Сабақ барысында міндетті түрде бет перде және залалсыздандыру құралын пайдалану міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |