8.1 Өлшеуіш құралдар мен өлшеуіш трансформаторлардың көлемін және орналастыру орнын таңдау Өлшеуіш құралдардың көлемімен оларды орналастыру орны (ББҚ, ГБҚ, ОБҚ) обьектінің сипаттамасына және басқару амалына тәуелді әртүрлі болады.
Ұсынылатын өлшеуіш құралдар тізімі 8.1 кестесінде көрсетілгендей анықтамаларда, оқу құралдарында келтіріледі.
8.1 Кесте – Генератор тізбегіндегі өлшеуіш құралдар көлемі мен орналасу орны
Турбогенераторлар
Статор
Ротор
Әрбір фазада амперметр, вольтметр, ваттметр, варметр, активті энергия есептегіші, активті және реактивті қуат датчиктері. Тіркегіш құралдар: ваттметр, амперметр және вольтметр (60 МВт және одан жоғары генераторларда)
амперметр, вольтметр. Вольтметр негізгі және резервті қоздыру тізбегінде. Тіркеуші амперметр (60 МВт және одан жоғары генераторларда)
1. Көрсетілген құралдар басқарудың негізгі қалқанында (ББҚ немесе ГБҚ) орналастырылады.
2. 12 МВт –қа дейінгі генераторлар статорында бір амперметр орнатылады.
3. Турбинаның топтық қалқанында ваттметр,
жиілік өлшегіш құралдар орнатылады
статор тізбегінде (ББҚ жоқ болса) және қоздыру тізбегінде вольтметр орнатылады.
4. ББҚ болса ОБҚ-на ваттметр және варметр орнатылады.
5.ОБҚ-на ваттметр және варметрді қосатын жиілік өлшегіш құралдар орнатылады.
8.1 - ЖЭО негізгі тізбегіндегі өлшеуіш құралдар
Егер өлшеу обьектісі басқару қалқанынан алыста орналасса (жүз және мың метр), өлшеуіш құралдардың тоқ трансформаторларына дейінгі сым кедергісі салдарынан, өлшеу қателігі рұқсат етілмейтін шамаға дейін ұлғайып кетеді. Бұл жағдайда активті және реактивті қуаттың өлшеуіш ток түрлендіргіштері қолданылады, олар шығысында өлшенетін параметрге сызықты тәуелді тұрақты тоқты береді. ӨҚ қолдану ТТ және КТ жүктемесін, бақылау кабельдердің қимасын азайтуға, және де ЭЕМ (ЭВМ) ақпаратты енгізуге көмектеседі , яғни телеөлшеулер және телебасқару жүйесін іске асыруға көмектеседі .