7.2 Ажыратқыштарды және айырғыштарды таңдау Ажыратқыштарды номиналды кернеу арқылы ұзақ мерзімдік номиналды тоқ арқылы ажырату қабілеттілігін таңдайды және жылулық және динамикалық тұрақтылыққа тексереді. Электродинамикалық тұрақтылыққа тексеру және мәндерін анықтап, бұл мәндерді симметриялы тоқтың лездік(сквозного) мәндердің шамасымен және шамасы тең ассимерриялы шекті тоқ мәнімен ; шарттары бойынша салыстыру қажет .
Жылулық тұрақтылыққа тексеру шарты;
, мұнда — жылулық тұрақтылықтың номиналды уақыт ішіндегі номиналды тоғы.
Осыған қатар, ажырату қабілеттілігі бойынша тексеріледі, ол номиналды симметриялық ажырату тоғымен (каталогтарда беріледі) және апериодикалық құраушылардың номиналды салыстырмалы мәнімен сипатталады.
Айырғыштар ұзақ мерзімдік номиналды тоқпен және номиналды кернеумен таңдалынады және жылулық және динамикалық тұрақтылыққа каталогтық және есептік мәліметтердің мәндерін салыстыру шартымен тексеріледі. Есептік шамалары ажыратқышпен бірдей болады.
7.3 Күштік кабельдерді және ТҚ –дың шиналарын таңдау Тоқ өткізгіш бөліктер қалыпты режімнің неғұрлым үлкен тоғыменжәне жоспарлы тазарту және күрделі жөндеу режімінің неғұрлым жоғары тоғы бойынша Iжөн,max., және апаттан кейінгі режімнің номиналды тоғы бойынша Iа.к,max таңдалады. Соңғы екі режімнен неғұрлым үлкен тоғы бар Imax ауыр режімін таңдайды. Тоқ мәні 3000 А дейін қатты шиналарды таңдағанда бір – және екі жолақты шиналар қабылданады. Үлкен тоқтарда қорапша қималы шиналар қабылданады. Шиналау қимасын таңдау тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша іске асырылады. Табылған қима егер ол экономикалық мәннен 15%-дан көп емес айырмада болмаса неғұрлым төмен жақын стандартты қимаға дейін жинақталынады. Тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша таңдалған шиналар қызу шарты бойынша рұқсатты тоғына , қ.т. тоғына әсер ететін жылулық тұрақтылыққа және қ.т. кезіндегі динамикалық тұрақтылыққа тексеріледі.
Тұрақты тоқ бойынша тексеру қатынасын тексеру арқылы іске асырылады мұнда - таңдалған қимадағы шиналардың жалпғынан орналасқан түзетулерді ескеріп және қоршаған орта температурасын ескеріп, қабылданған кестеден рұқсатты тоғы алынады.
Шиналарды жылулық төзімділікке тексеру қатынасын орындаумен іске асырылады, мұнда - Қ.Т. тоғымен қызғандағы шина температурасы және - қ.т. шина қызуының рұқсатты температурасы.
Электродинамикалық тұрақтылыққа тексеру үшін механикалық есептер жүргізу керек.
Екі жолақты шиналар қабылдаған жағдайда фазалар арасында және жолақтар арасында күштеу пайда болады. Жолақтар арасындағы күштеу олардың түйісуіне әкеліп соқтырмауы керек. Өткелдегі жолақтар арасындағы күштеуді азайту үшін төсемдер (прокладка) орнатылады. Тіректік оқшаулатқышты таңдау номиналды кернеу Uқой Uномбойынша және рұқсатты жүктеме бойынша FесепFрұқ іске асырылады.Бұл кезде Fрұқ=0,6Fразр тең болады . Өткерме оқшаулатқыштары кернеу бойынша Uқой Uном, номиналды тоқ бойынша I maxIном және рұқсатты жүктеме FесепFрұқ бойынша таңдалынады. Тоқ өткізгіштер және жұмсақ шиналар қимасы тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша, рұқсатты созылмалы тоқ бойынша таңдалынады және қ.т. тоғының жылулық әсері бойынша тексеріледі. Кернеуі 35 кВ және одан жоғары жұмсақ шиналар үшін тәж пайда болуына тексеру жүргізіледі.
Кабелдер қондырғының құрылысы және кернеуі бойынша; тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша; созылмалы рұқсатты тоқ бойынша таңдалынады. Қалыпты режім бойынша таңдалған кабельдерді жылулық тұрақтылық шарты бойынша минималды қимасын анықтап , жылулық тұрақтылыққа тексереді.
Жоғарлату күштік трансформаторларды қуатты турбогенераторлар шықпасымен қосу үшін қазіргі уақытта жинақталған экранды тоқ өткізгіштер (ЖЭТ) қолданылады. Ток өткізгіштер генератордың номиналды параметрлерімен таңдалынады, жабық тоқ өткізгіштердің электродинамикалық тұрақтылығы электродинамикалық тұрақтылықтың максималды тоғымен сипатталады, оның мәні қ.т. соққы тоғының мәнінен жоғары болуы керек.
№8 дәріс. Электростанциялардағы және қосалқы станциялардағы өлшеу Дәрістің мазмұны:
- электростанцияларда және қосалқы станцияларда өлшеу.
Дәрістің мақсаты:
- өлшеуіш құралдарды және өлшеуіш трансформаторларды таңдау әдістемесін меңгерту.