Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Үш фазалы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу реті



бет13/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

6.3 Үш фазалы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу реті 
ҚТ тоқтарының есебін электрқондырғылардың параметрлерін, сонымен қатар релелік қорғаныс және автоматика тағайыншамасын (уставка) таңдау немесе тексеру үшін жүргізеді .
Есептеуде келесі ұйғарымдар қабылданады: барлық генераторлардың ЭҚК фазалары ҚТ процессі уақытында өзгермейді; магниттік жүйелердің
қанығуы ескерілмейді; күштік трансформаторлардың магниттелу тоқтарын
есептемейді ; жерге қысқа тұйықталған тізбек элементтерінің сыйымдылық өткізгіштерін ескермейді. Үш фазалық жүйе симметриялы болып есептеледі
және егер x/r > 3 қатынасы орындалса активті кедергіні есептемейді.
Үш фазалы ҚТ-да тоқтарды есептеу келесі тәртіппен орындалады: есептік сұлба құрылады; электрлік алмасу сұлбасы құрылады; алмасу сұлбасын, әрбір қоректендіру көзі, ҚТ нүктесімен нәтижелік кедергісі з арқылы қосуға болатынтай неғұрлым қарапайым түрге келтіреді; нәтижелік
ЭҚК көзі және нәтижелік кедергі арқылы Ом заңы бойынша Iп,0 тоғын анықтайды, содан соққы тоғын және қажет болғанда берілген уақыт моменті t үшін, ҚТ периодикалық және апериодикалық құраушыларын анықтайды.
6.4 Қондырғының есептік сұлбасы 
Есептік сұлба деп - ҚТ тоғына әсер ететін барлық элементтері және параметрлері көрсетілген қысқартылған бір сызықты сұлбаны айтады. Есептік сұлбада торап элементтерінің параметрлерін анықтау үшін олардың параметрлері атаулы, көп жағдайда салыстырмалы бірліктерде немесе пайыздық қатынаста көрсетіледі.
Есептік сұлбадағы әртүрлі элементтердің кедергілері қондырғы параметрлеріне сәйкес белгілі формулалар бойынша анықталады. Синхронды машиналар кедергісі индуктивті кедергінің көлденең осі бойынша асқын өтпелі мәндерімен анықталады .
Энергожүйенің кедергісі берілген энергожүйе түйініне орнатылған немесе орнатуға арналған ажыратқышты шекті қолданудың шарты бойынша анықталады. Эквивалентті генератордың жүйе параметрлерімен яғни салыстырмалы номиналды кедергімен х*с(ном) және қуат көздерінің номиналды қуаттар қосындысына тең номиналды қуатпен Sном. берілуі мүмкін.
Трансформаторлар және автотрансформаторлар кедергісі Қ.Т. - uк %, кернеу шамасы бойынша анықталады, ол шамалар каталогтарда және басқада анықтамалық материялдарда беріледі. Үшорамды трансформаторлар және автотрансформаторлар және тармақталған орамды трансформаторлар үшін ҚТ кернеуі, әрбір қос орама үшін беріледі.
Реакторлар үшін құжатында номиналды тоқты және Ом бірлігінде реактордың кедергісін көрсетеді. Кернеуі 6-500 кВ электрберіліс желісі үшін 0,4 – 0,3 Ом/ км шамасы, ал кабельдер үшін – 0,08 -0,16 Ом/ км шамасы қабылданады.
7 дәріс. Электроқондырғылардағы қысқа тұйықталулар (6 дәрістің жалғасы)
Дәрістің мазмұны:
- алмастыру сұлбасының кедергісін анықтау және сұлбаны есептік қалпына келтіру. 
Дәрістің мақсаты:
- алмастыру сұлбасын түрлендіру әдісін және әртүрлі шарттарда тоқтарды анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет