Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Өлшеуіштік трансформаторларды таңдау



бет17/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

8.2 Өлшеуіштік трансформаторларды таңдау
Тоқ трансформаторын қондырғы кернеуі бойынша ,тоғы бойынша, және де құралымы мен дәлдік классы және электродинамикалық тұрақтылығы бойынша: таңдайды. Келтірілген өрнектерде белгіленген:  — есеп бойынша Қ.Т. соққы тоқ; — каталог бойынша электродинамикалық тұрақтылықтың еселігі; —тоқ транформаторының номиналдық біріншілік тоғы; — электродинамикалық тұрақтылық тоғы.
Жылулық тұрақтылық бойынша тексеру келесі қатынастың орындалуына келтіреді


мұнда - есеп бойынша жылулық импульс;


- каталог бойынша жылулық тұрақтылықтың еселігі;
 - каталог бойынша жылулық тұрақтылықтың уақыты;
- - каталог бойынша жылулық тұрақтылықтың тоғы.
Дәлдік класы бойынша тексеру трансформатордың екіншілік жүктемесінің рұқсатты және бекітілген мәнінің сәйкестігімен іске асырылады 

мұнда - тоқ трансформаторының екіншілік жүктемесі;
 - таңдалған дәлдік класындағы тоқ трансформаторының номиналды рұқсатты жүктемесі.
- құралдар кедергісінен, жалғау сымдарының және түйіспелердің өтпелі кедергісінен тұратын екіншілік жүктемедегі тізбектің кедергісі.
Құралдар кедергісі келесі өрнекпен анықталады

мұнда - құралдар тұтынатын қуат;
- құралдың екіншілік номиналды тоғы.
Түйіспелер кедергісі екі-үш құралдарда 0,05 Ом болып және құрал саны көп болса 0,1 Ом болып қабылданады.
Жалғағыш сымдар кедергісі және олардың ұзындығына тәуелді. мәнін біле отырып , оның қимасын тауып алуға болады :

Қуаты 100 МВт және одан жоғары станциялардың негізгі және қосымша қондырғыларының және екінші тізбегінде және де жоғары кернеуі 220 кВ және одан жоғары қосалқы станцияларда мыс сымдары (ρ = 0,0175) қолданылады. Басқа жағдайларда екіншілік тізбектерде алюминий сымдары (ρ = 0,0283) қолданылады.
Есептік ұзындығы lрасч ол тоқ трансформаторының жалғану сұлбасынан және тоқ трансформаторынан өлшеуіш құралдарға дейінгі арақашықтығынан (бір жақ ұшына) тәуелді болады. Әртүрлі қосылыс үшін мөлшермен келесі мәндерді алуға болады:
Тұтынушы желісінен басқа 6-10 кВ ГТҚ тізбегі, 40 – 60 м;
Генератор кернеуіндегі ЭС тізбегі 20 – 40 м;
Тұтынушыларға 6—10 кВ желісі 4 – 6 м;
ТҚ тізбегі:
35 кВ - 60 – 75 м; 110 кВ - 75 – 100 м; 220 кВ- 100 – 150 м;
500кВ - 150 – 200 м.
Қосалқы станция үшін көрсетілген мәндер 15 — 20% -ға төмендейді.
Жалғауыш сымдар ретінде көпсымды оқшауламасы қағаз, резіңке, полихлорвинилді немесе полиэти­ленді, қабықшасы қорғасын, резіңке полихлорвинилді немесе арнайы жылуға төзімді бақылау кабельдерін
қолданады. Беріктік шарты бойынша қимасы алюминий сымы үшін 4 мм2
кем емес және мыстың қимасы 2,5 мм2 кем емес болуы керек. 6 мм2 үлкен сым қимасы қабылданбайды.
Кернеу трансформаторы : қондырғы кернеуі бойынша ,
; құрылысы бойынша және ораманың қосылу сұлбасы бойынша; дәлдік классы бойынша; екіншілік жүктемесі бойыша  таңдалады.
Номиналды қуат есебінде таңдалған дәлдік класында бір фазалы жұлдызша қосылған трансформатор үшін, барлық үш фазаның қосынды қуатын алу керек, ал ашық үшбұрыш сұлбасы бойынша жалғанған трансформатор үшін – бір трансформатордың екі еселенген қуатын алу керек.  екіншілік жүктемеге барлық өлшеуіш құралдарды және кернеу трансформаторына қосылған релелер жатады.
Есептеуді қысқарту үшін құралдар жүктемесін фаза бойынша бөліп тастауға болады:

Егер екіншілік жүктеме таңдалған дәлдік класының номиналды қуатынан артса, екінші кернеу трансформаторын орнатып құралдардың жартысын соған қосамыз.
Кернеу трансформаторы тізбегіндегі сымдар қимасы кернеудің рұқсатты шығыны бойынша анықталады. ЭҚЕ бойынша кернеу шығыны кернеу трансформаторынан есептік санағыштарға номиналды жүктемеде 0,5%-дан аспауы керек, ал қалқандық өлшегіш құралдарға дейін —1,5% -дан аспауы керек .
Есептеуді қысқарту үшін оқулық жобалауда сымдардың қимасын механикалық беріктігі бойынша 1,5 мм2 мыс сымдар үшін және 2,5 мм2 алюминий сымдары үшін алады.
9 дәріс . Тарату құрылғыларының сұлбалары
Дәрістің мазмұны:
- сұлбалардың жіктелуі және бір жүйелі жинақтау шинасы бар сұлбалар.
Дәрістің мақсаты:
- ТҚ бір жүйелі жинақтау шинасы бар сұлбасын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет