2.2 Тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы үш фазалық тораптары 110 кВ және одан жоғары тораптарда бейтараптама жерлендіру әдісін таңдауда анықтаушы фактор оқшаулама құны болып табылады. Мұнда бейтараптаманы тиімді жерлендіру қолданылады, бұл кезде жерге бір фазалық тұйықталуда бүлінбеген фазалардағы кернеу деңгейі жерге қатысты болжаулы есеппен қалыпты жұмыс режіміндегі 0,8 фаза аралық кернеуге тең болады. Бұл осындай жерлендіру әдісінің негізгі құндылығы.
Бір фазаның жерге тұйықталу кезінде жер арқылы қысқа тұйықталу контуры және фаза ЭҚК бар аз кедергілі бейтараптама көзі пайда (сурет 2.3) болады. Үлкен тоқтар ағатын Қ.Т. тәртібі пайда болады және желі релелік қорғаныспен ажыратылатын болады. Алайда кернеуі 110 кВ және одан жоғары электр торабында бір фазалы бүлінудің маңызды бөлігі өзі қалпына келетін торапқа жатады. Мұндай жағдайда қайта қосылу автомат құрылғысы (АҚҚ- АПВ) тиімді, ол релелік қорғаныстан кейін іске қосылып, тұтынушылардың қорегін қалпына келтіреді. Үлкен мәнді Қ.Т. тоғын жерге жіберу және күрделі инженерлік ғимараттан тұратын жерлендіру контуры қымбатқа түсетін болады. Трансформатордың көп мөлшерлі жерлендірілген бейтараптамасында және де автотрансформаторлы тораптарда бірфазалы Қ.Т. тоғы үш фазалы Қ.Т. тоқ мәнінен аcып түседі.
2.3 Сурет - Тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы үш фазалы торап
Бір фазалы Қ.Т. тоғын азайту үшін бейтараптамалардың бірнешеуін жермен қосудан бөледі (разземление) және транформатор бейтарабына қосылатын тоқ шектегіш кедергілерді қолданады.
2.3 Тікелей жерлендірілген бейтараптамалы торап Мұндай тораптар кернеуі 1 кВ-қа дейін кернеуде үш фазалы және бір фазалы жүктемені біруақытта қоректендіру үшін қолданылады және 2.4. суретінде көрсетілгендей фазалық кернеуге қосылады. Бір фазалы жүктеме кезінде нөлдік өткізгіштік қолданады. Бұл өткізгіштік нөлдеуді орындау үшін және оның қызметін атқару үшін керек, яғни оған аладын-ала электрқондырғылардың кернеусіз металл бөліктерін қосады. Корпуста нолдеу жоқ болса (2.4 суретіндегі екінші қозғалтқыш) оқшауламаның бүлінуі корпуста қауіпті потенциял туғызады.
2.4 Сурет -Тікелей жерлендірілген
бейтараптамалы
үш фазалы торап
Нөлдік өткізгіштіктің бүтіндігін қадағалау қажет, өйткені оның кездейсоқ үзілуі фазалар бойынша кернеудің қиғаштануын (жүктелген фазаларда кемиді және жүктелмеген фазаларда артады) туғызады.
№3 дәріс. Синхронды генераторларды қоздыру Дәрістің мазмұны:
- синхронды генераторларды қоздыру жүйесі .
Дәрістің мақсаты:
- қазіргі заманғы синхронды генераторларды қоздыру жүйесін және олардың ерекшеліктерін меңгерту.