Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар



бет7/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
4.1 Өрісті өшіру автоматы (ӨӨА)
Өрісті өшіру автоматы- бұл генератор қоздырылуының магнитті ағынының нөлге жақын шамаға дейін жылдам азаю процессі.
СГ ішіндегі қысқа тұйықталу, электр доғасы арқылы өтеді соның салдарынан статор орамының және активті болаттың бүлінуін туғызады.
Генератордың өрісін жылдам өшіру апат көлемін шектеу үшін және орама сымын және статор болатын күюден шектеу үшін қолданылады.
Егер ротор орамын қоздырғыштан ажыратса, үлкен индуктивтілігі арқасында олардың қыспақтарында үлкен мөлшерде, оқшаулама тесілуін туғызатын асқын кернеулер пайда болуы мүмкін. Қоздырғыштың ажыратылуымен қатар ротор орамының магнитті өріс энергиясының жұтылуын біруақытта қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда өрісті өшірудің үш әдісі белгілі: ротор орамын сөндіргіш кедергіге (активті) тұйықтау; ротор орамының тізбегіне доға сөндіргішті торды қосу және қоздырғышты қарсы қосу әдісі.
Бірінші жағдайда процесс іске асу үшін ұзау уақытқа созылады және тесілу мүмкіндігі басым, сол себепті неғұрлым кең таралған әдіс 4.1 суретте көрсетілгендей өрісті доға сөндіргіш тор арқылы өшіру.
Генератордағы ҚТ кезінде KL қорғаныс релесі қосылады және ажыратқыштың ажырату электромагнитіне YAT әсер етіп генераторды сыртқы тораптан өшіреді және де ӨӨА (АГП) ажырауына импульс береді. ӨӨА арақашықтығы 1,5-3 мм сым дестілі тормен 4 жабдықталған .



4.1 Сурет - Генератор өрісін доға сөндіргіш тор автоматымен сөндірудің электрлік тізбегінің сұлбасы

ӨӨА-ның жұмысшы 2 және доға сөндіргіш 1 түйіспелері болады, олар қалыпты жұмыс тәртібінде тұйықталған болады. ӨӨА-ның 3 түйіспелері қоздырғыштың қоздыру тізбегіне қосымша кедергілерді Rд енгізеді. Автомат ажыратылған уақытта алдымен жұмысшы содан соң доға сөндіргіш түйіспелері ажыратылады. Доға доға сөндіргіш торға магнитті
үрлеу арқылы созылады және қысқа қатарлы доғаға бөлінеді, ондағы кернеудің түсуі, доғадағы тоқ кең аймақта өзгеруіне қарамастан 25-30 В тең болып тұрақты болып тұрады. Сөну уақыты 0,5-1 с, ал сөну шарты үйлесімдегіге жақын болады.
Тиристорлы қоздырғышта генераторларда өріс сөндіру автоматы ажыратылғанда негізгі вентилдер инверторлық тәртіпке ауысады ол 4.2 суретте көрсетілген.



1 – ӨӨА; 2- резервті қоздыру кірісі; 3- негізгі тиристорлық қоздырғыш; 4– көмекші генератордың тиристорлық қоздырғышы; 5 - өріс сөнудің түйіспе-лері;RГ- өріс сөнудің кедергілері
4.2 Сурет - Генераторды тәуелсіз тиристорлы қоздырғанда өрістің сөнуі

Қосалқы қоздырғыштың магнитті өрісі негізгі генератордың өрісі өшкеннен соң,оның қоздыру орамасын қоректендіретін түзеткіштердің, , инверттелуі арқасында сөнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет