Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар



бет9/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

4.3 Күшті әрекетті реттегіштер
Күшті әрекеттілікті ҚАР құрылғысы реттеу параметрлерінің өзгеру жылдамдығына, және де оның үдеуіне әсер етеді. Қоздыру кернеуінің
өзгеруінің жоғары жылдамдылықтығы және қоздырғыштың төбелік кернеуінің мәні генератордың параллелді жұмысының тұрақтылығын едәуір арттыруды қамтамасыз етеді .
4.5 суретінде көрсетілгендей сұлбаның өлшеуші жағына, кернеу (БИН) және жиілік (БИЧ) өлшеу блогы кіреді. БИН блогы алдын ала қосылған элементі БКТ болады, онда өлшенетін кернеудің генератор тоғының реактивті құраушыларына тәуелді автоматты түзетілуі болады. БКТ –дан кейін белгі өлшеуіш элементтерге келеді ∆U (кернеу ауытқу) және U’ (кернеу туындысы), шықпасы көрсетілген шамаларға пропорционалды болады. БИЧ блогы шықпалары ∆f және f  пропорционалды өлшеуіш элементтерден тұрады.



4.5 Сурет– Күшті әрекетті ҚАР құрылымдық сұлбасы

Күшейткіш – қосқыш екі каскадты магнитті күшейткіштерден тұрады. Олардың шықпалық белгілері жұмысшы және жеделдетілген тиристорлар топтарына жылдам әрекетті қоздыру жүйесін (орындаушы элемент) басқаруға бағытталады.
5 дәріс. Автотрансформаторлардың жұмыс тәртібі
Дәрістің мазмұны:
- автотрансформатордың жұмыс тәртібінің ерекшеліктері .
Дәрістің мақсаты:
- автотрансформатордың жұмыс тәртібін меңгерту.
5.1 Автотрансформатор режімдерінің ерекшеліктері








5.1 Сурет - Әртүрлі тәртіпте автотрансформатор орамасында тоқтың таралуы
а,бавтотрансформаторлық режімдер; в,г - трансформаторлық тәртіптер; д,е – құрама тәртіптер
Автотрансформаторлар үш орамды болып орындалады, тіпті ЖК және ОК -лері электрлік байланыста, ал ТК орамы - магнитті байланыста болады. Үш орамы және ЖК мен ОК орамдары арасында гальваникалық байланысы болса 5.1 суретінде көрсетілгендей әртүрлі жұмыс тәртібі болуы мүмкін .
Автотрансформаторлы тәртіптерде қуатты Sном ЖК  орамынан ОК орамына  немесе керісінше беру мүмкін. Екі режімде де жалпы орамы бойынша тоқ айырымы болады IC -IB = kвыг∙IC, сол себепті тізбектей және жалпы орамдар типтік қуат бойынша жүктеледі, ол рұқсатты болып табылады.
Трансформаторлық тәртіпте қуаттың ТК  орамынан ОК немесе ЖК  орамына берілуі мүмкін, ТК орамын Sтип. артық жүктеуге болмайды. ТК-ЖК немесеТК-ОК тәртіптерінің рұқсатты шарттары келесі өрнекке тең болады . Егер Sтип ТК-ден ОК  трансформациясы болса , онда жалпы орам осындай қуатпен жүктелген болады және қуаттың ЖК-ден ОК-ге қосымша берілуі мүмкіндігі жоқ, алайда тізбектелген орама жүктелмеген.
Трансформаторлық тәртіпте Sтип қуаттың ТК-ден ЖК орамына берілуі болса, жалпы және тізбектелген орама толығымен жүктелмеген болады.
Сол себепті ОК-ден ЖК-ге кейбір қуатты қосымша беру мүмкіндігі болады ; 
.
Құрама тәртіпте қуатты автотрансформаторлық жолмен ЖКОК және трансформаторлық жолмен ТКОК бергенде тізбектелген орамадағы тоқ келесідей болады;

мұнда PB,QB – ЖК -ден ТК-ге берілетін  қуаттар.
Тізбектелген  орама  жүктемесі;
.
Осыдан  көрінетіні, тіпті  номиналды  қуатты  тасымалдағанда SВ = Sном болса да тізбектелген  орама  асқын  жүктелмейді . Жалпы  орама  жүктемесі тең болады; 
.
Тоқтардың  тізбектелген  мәні және түрлендіру  енгізіп келесі  өрнекті аламыз;

мұнда PH, QHТК орамасынан ОК орамасына берілетін активті және реактивті қуаттар .
Мұндай жағдайда, құрама режім ТК-ОК, ЖК-ОК жалпы ораманың жүктелуімен шектелінеді.
Құрама тәртіпте тоқтардың таралуы қуаттың ТК және ОК орамаларының ЖК  орамаларына берілуі 2 е суретінде көрсетілген. Автотрансформаторлық тәртіптің жалпы орамда тоғы трансформаторлық тәртіптің тоғына қарсы болады, сол себепті ораманы жүктеу рұқсатты мәннен төмен болады және шекті мәнінде нолге тең болуы керек. Тізбектелген орамада тоқтар қосындысы болады, соның салдарынан асқын
кернеу болуы мүмкін. Бұл тәртіп тізбектелген ораманың жүктелуімен шектеледі.
Басқа да құрама тәртіптер болуы мүмкін: ОК орамынан ТК және ЖК орамына қуат берілуі мүмкін немесе төмендетілген тәртіптегі жұмыс ЖК  орамынан ОК  және ТК орамына қуат берілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет