2.1 Резонансты-жерленген (қарымталанған) бейтараптамалы үш фазалы тораптар 3-35 кВ торапта жерге тұйықталу тоғын азайту үшін норманы қанағаттандыру үшін бейтараптаманы доға сөндіргіш реакторлар арқылы жерлендіру қолданылады.
Қалыпты жұмыс тәртібінде реактор арқылы өтетін тоқ нөлге тең. Бір фазаның жерге толық тұйықталу кезінде доға сөндіргіш реактор фазалық кернеуде болады және тұйықталу орны арқылы 2.1 суретте көрсетілгендей жерге сыйымдылықты тоқпен қатар IС реактордың индуктивті тоғы IL, ағады.. Индуктивті және сыйымдылықты тоқтар бір-бірінен фаза бойынша 180˚ бұрышқа айырылса, жерге тұйықталу орнында олар бірін-бірі қарымталайды. Егер IC = IL (резонанс) болса, жерге тұйықталу орнында тоқ ақпайды. Осыған орай бүліну орнында доға және оған қатысты қауіптің барлығы бірдей болмайды.
2.1 Сурет- Қарымталанған бейтараптамалы үш фазалы торап
8
Шындығында доғадағы тоқ ешқашан нөлге тең болмайды. Тұйықталу орнында орамадағы активті шығынмен шартталған, жоғары гармоникалы жерге жылынысатын қалдық тоқ ағады. Бұл тоққа орауышта бапталмаған (расстройки) тоғы қосылады, қолданыс кезінде торап сыйымдылығы тұрақты болып қалмайды өзінің есептік ұзындығынан артуына немесе кемігеніне тәуелді болмауына шартталып, торап толық қарымталанбаған немесе асқын қарымталанған болуы мүмкін.
Егер жерге тұйықталу орнында тоқ белгілі шамадан артса, доғаның сөнуі күрделенуі мүмкін және қарымталаушы құрылғы өзінің міндетін орындамайды. Сол себепті барлық қарымталаушы құрылғылар индуктивті кедергіні белгілі шамада реттеуді қамтамасыз етуі керек.
Доға сөндіргіш реакторлардың қосынды қуаты торап үшін келесі өрнекпен анықталады
Q = n ICUф мұнда n – торап дамуын ескеретін коэффициент ; болжаулы түрде қабылдауға болады n= 1,25;
IC – жерге тұйықталудың толық тоғы, А;
UФ – тораптың фазалық кернеуі, кВ.
Q есептік мәні бойыншакаталогта талап етілетін номиналды қуатқа реакторлар таңдалады. Осы кезде диапазон реакторлардың реттеуші аймағы жеткілікті болуы керектігін ескеру керек.
Неғұрлым кеңінен таралған РЗДСОМ типті, қуаты 1520 кВА дейін кернеуі 35 кВ дейін реттеу аймағы 1:2, реактордың құрылғысы 2.2 а суретте көрсетілген. Реакторлар маймен салқындатылады.
РЗДПОМ реакторларында неғұрлым тура, жұмсақ және автоматты түрде қарымтаманы бағыттауға болады, индуктивтілігі өзекшедегі магнитті емес ойығы өзгерісімен өзгереді, бұл 2.2.б суретінде көрсетілген немесе
болат магнит өткізгіштің тұрақты тоқ көзінен магниттелу жолымен көрсетілген.
а) РЗДСОМ типі; б) РДЗПОМ типі
2.2 Сурет – Доға сөндіргіш реакторлардың құрылғысы
Доға сөндіргіш реакторлар, қарымталаушы тораппен кемінде үш желіден кем емес байланысқан түйіндік қоректендіргіш қосалқы станцияларда орналастырылуы керек. Генератор кернеуіндегі торапты қарымталау үшін реакторларды генераторлардың жанында орналастырады.
Резонансты-жерлендірілген (қарымталанған) бейтараптамалы торапта, жерлендірілмеген бейтараптамалы тораптары сияқты, жерге тұйықталған фазамен уақытша жұмыс істеу рұқсат етіледі, бірақ ол 6 сағаттан аспауы керек.
Доға сөндіргіш реакторлардың болуы әсіресе қысқа уақытта жерге тұйықталуда маңызды, өйткені доға тұйықталу орнында сөнеді де желі ажыратылмайды. Бейтараптамалы доға сөндіргіш реакторлар арқылы жерлендірілген тораптарда, жерге бір фазасы тұйықталғанда екі бүлінбеген фазалардың жерге қатысты кернеуі есе артады, яғни фазааралық кернеуге дейін артады. Демек, өзінің негізгі қасиетімен бұл тораптар жерлендірілмеген (қарымталанған ) бейтараптамалы тораптарға ұқсас . Неғұрлым қарапайым жағдай сияқты, бірінші қарағанда, сөндіретін құрылғыны тораптың сыйымдылық, резонансына дәл емес етіп икемдеу (настройка), ол керісінше кейбір уақытта алдынала бұзу (расстройка) болып табылады.
Толық қарымталанбаған икемдеудің кемшілігі жерге тұйықталуда бейтараптама ығысуы көп болады, соның салдарынан торапта асқын кернеу болуы мүмкін, ол торапқа жақындап қалған доға қауіптілігінен кем емес қауіп туғызады.
Асқын қарымталауды жөндеудің дұрыс жақтары жерге тұйықталу болған кезде бейтараптама ығысуы фазалық кернеу шамасынан аспайды. Сөндіргіш орауышты икемдеудің бұл түрі қазір негізгілердің бірі болып ұсынылуда.
Неғұрлым анығырақ зерттеулер көрсеткендей, дұрыс икемдеуді көбірек бейтараптама ығысуы көзқарасымен қарағанда екеуі де бірдей болып табылады, бейтараптама ығысуы толық қарымталанбаса болаттың қанығуына әкеледі және де фазалық кернеу шегімен шектеледі.