Коммерциялық құпияны қорғау
үшін кәсіпорын әкімшілігі
мыналарды белгілейді:
1.Мәліметтің коммерциялық құпияға жату ережесін.
2.Коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін.
3.Құпиялық режимін,коммерциялық құпия істерді жүргізу
тәртібін, оның есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту, жою
мерзімі мен тәртібін.
4.Құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын.
Арнайы бұйрықпен басшы кәсіпорынның коммерциялық
құпия мәліметтің тізімін бекітеді.
Коммерциялық құпияны қорғауды
қамтамасыз ету
Ішкі
Сыртқы
Құқықтық ұйымдық техникалық
Психологиялық
Коммерциялық құпияны
қорғауды ұйымдастыру кезінде
оның экономикалық
тиімділігіне де көңіл бөлу
қажет. Сондықтан мынандай
екі жаңдайды ескеру керек:
Құпияны сақтауды қамтамасыз
етуге жұмсалатын шығындар
коммерциялық құпия жария
болған жағдайда,
болуы
мүмкін экономикалық зиянмен
саластырған аз
болуы тиіс;
Коммерциялық құпияны
сақтауды
қамтамасыз етудің
жоспарланған іс-шаралары
кәсіпкерлік қызметтің
экономикалық тиімділігін
арттыруға септігін тигізуі қажет.
Коммерциялық құпия болып
табылатын ақпаратты
қорғау барысында кәсіпорын
мынандай міндеттерді
шешуі қажет:
Бірінші, ол өз қызметі жөнінде
тұтынушылар және
жабдықтаушыларды ақпараттық
мәліметтермен қамтамасыз ету
және жарнамалауы қажет.
Екінші, кәсіпорын қызметінің
көптеген аспектілерін
жарнамалауы үшін, оның нақты
ақпараттық мәліметтерін ашық
пайдаланбау мүмкін емес. Бұл
жағжайда кәсіпорынның
коммерциялық құпиясын ашу
проблемасы туындайды.