Коммуникация ұғымы. Коммуникация семиотикасы



бет4/5
Дата11.02.2023
өлшемі26,75 Kb.
#67033
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-апта

Екіншіден, оқу құралы шет ел тілдерін оқып-үйренудегі әлеуметтік фактордың рөліне аса мән береді. Бұл тұста автордың әлеуметтік мәдени комментарийді мәде­ниеттер арасындағы тартысты (культурный конфликт) шешу жолындағы ерекше бір тәсіл ретінде қарастырғаны байқалады. Сөйтіп, келіп әлеуметтік комментарийдің түрлері айтылады. Әлеуметтік мәдени аспектінің аясында көркем әдебиетті түсіну мәселесі де сөз болып, бұл салаға арнайы тарау бөлінеді. Тарау «Қоғам мәдениетінің өзгеруі мен дамуының тілдегі көрінісі» деп аталады. Мұндағы «Көркем әдебиетті түсіну мәселелері. Әлеуметтік комментарий арқылы мәдени шиеленістерді шешу» дейтін тақырыпшаларда айтылатын мәселе­лердің өзі-ақ көп нәрсені аңғар­тады. Мысалы: «…Қоғамның дамуына сәйкес орын алатын мәдениеттегі қарама-қай­шылық, оның мәдени қақтығыстары тек өзге мәдениет өкілдері арасында ғана емес, халық өміріндегі әлеуметтік өз­герістердің тереңдеуі соншалық, өз ата-бабаларының мәдениеті мен дүниетаны­мын мүлде білмейтін белгілі бір мәде­ниетті ұстанушы халық өмірінде қарама-қайшылық пайда болады. Классикалық әдеби шығарма­ларға берілетін коммен­тарийлер қазіргі және өткен кезеңді сипаттайтын тұңғиық терең су үстіндегі көпірдің немесе бүгінгі оқыр­манға өткен дәуірдің детальдарын көру мүмкіндігін беретін сиқырлы көзілдіріктің қызметін атқарады», – дей келіп, «Орыс классик­терінің шығарма­ларында Ресейдің төңкеріске дейінгі тұрмыстық өмірін бейнелейтін жүздеген ұғым-түсініктердің кездесуі қазіргі оқырман қауымына «кедергі келтіретін тас сияқты», не мүлдем түсініксіз, не мүлде керісінше ұғынылады» деген филолог Юрий Федосюктің сөзін береді.
Бұл ойға мысал ретінде қазіргі орыс тілінде мағынасы өзгеріске түскен сөздерді келтіреді. Мұндай мысалдарды, келтірілген дәйектерді оқыған кезде, бұл сияқты ұғым­дар мен түсініктер, сөздер қазақ тілінде де, қазақ жазушыларының ертеректе жазылған шығармаларында да ұшырасады ғой, сондықтан тілді өзге ұлттың өкіліне ғана емес, өз ұлтымыздың қазіргі балаларына да түсіндіру қажет қой деген ойға қаласың. Осы себептерден кейін бұл оқулықтың қазақ тіліне аударылуы осы бағыттағы қазақ тіліндегі еңбектердің, атап айтқанда оқулықтардың, монография­лардың, дис­сертациялардың жазылуына да түрткі боларына сене бастайсың.
Үшіншіден, оқулықта көптеген тер­мин­дер (мәдениеттер қақтығысы, мәде­ниеттер тартысы, мәдени шиеленіс, мәде­ни есең­гіреу, мәдениеттер соғысы, әлем­нің мәдени бейнесі, мәдениеттер тоғысы, мәдениеттер қиылысы, әлеуметтік-мәдени комментарий т.б.) аталып, дефи­нициялары беріледі. Бұларды ерекше жаңалық демесек те, қазақ ғылыми тілінің толығуына қосылған сөз тіркестері деп қабылдауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет