18 L. Minaeva. From Comrades to Consumers: Interpersonal Aspects of the Lexicon // Political Discourse in Transition in Europe 1989-1991. Ed. by Paul A. Chilton, Mihail V. Ilyin and Jacob L. Mey. Amsterdam, Philadelphia, 1998, p. 93. 123
Бартер, дайджест, данс-хит, диджей, эксклюзив, монито ринг, дилер, триллер, плеер, фрустрация, армрестлинг, лизинг, рэкет, андеграунд, шейпинг, тинейджер, хеппенинг, попса, поп (Мэскеуде Ленин даңғылында «Королева попа» («Поп короле-
васы») деген үлкен афиша мен атаңты әншінің суреті ілінді. Аға
буын өкілдері, соның ішінде осы жолдардың авторы «бұл нені біл-
діреді?» деп қатты қайран қалдық. Бұл бар болғаны поп, скейтборд
(т.б. бірнеше сөздікке арқау болады) сөздерінің ілік септігіндегі
формасы.
Баспасөзден үзінді.
Татьяна Миронованың «Плач по русскому языку» деп аталатын
мақаласының атының өзі тақырыбымызға сай келіп тур («Литера
турная Россия», 19.02.1993):
Шетелдік сөздер орыс тілінің бір шетін имене айналсоқтап еніп, бугін дендеп, сыналап кіріп, тілден көрнекі және жақсы орын алатын болды. Сөйтіп, өз орнын тауып, біздің тілімізді то- лықтыра түсті. Бізді қорқытатыны - бул сөздердің көптігі емес, олардың басқыншылығының салдарынан орыс жанын жылытып, «жүрегін елжірететін көзге көрінбес реңкі бар» төл сөздеріміздің айналымнан шығып бара жатқандығы. Тіліміздің ушында «супер», «люкс», «процесс», «адекватно» сөздері дайын турғанда көркем тілмен бейнелеп сөйлеу үшін ба- сыңды қатырып, ойланудың қажеті жоқ. Бір қарасаң, әдемі, ақыл- ды сөздер, бірақ олар сондай суық және қурғақ, көпірген сабын секілді. Ол сөйлеу тілінен төл сөздерімізді ығыстырып, француз, неміс немесе ағылшын сөздерін іздейтін дағдыға бастап, шешендік өнер- ге, әдебиетке араласа бастайды. Тіпті, орыс тілінің ырғағының өзі ше- телдік қалыпқа түсіп барады. Дыбыс- тық көптүрлілік жоғалды, орыс сөзінің көпәуезділігінен айырыламыз. Радио және телекомментаторлар дыбыстық мәтін- дерін жүре келе үйренген ағылшын тілінің ырғағымен әрлейді, буның соңы миллион- даған көрерменді, бірінші кезекте балалар- ды елітері сөзсіз. Робот сөйлеп турғандай «электронды» дауысты есту - қорқы- нышты және адам көргісіз. Радио мен те- лехабарларын таратушы қызметкерлер ағылшын сөзін орысша жаттап алған өзге 124
мемлекеттің азаматтары секілді. Бәлкім, солай да шығар ? Тіпті радио және телевидениедегі бағдарламалардың аты да сондай түсініксіз, шетелдік ойлап тапқандай: «Телемикст», «Бомонд», «Военноеревю», «Тинко», «Евромикс», «Телетайп», «Поп-магазин». Міне, кірме сөздердің тасқыны басталған кездің тағы бір куәсі.
«Третье сословие» газеті (1993, № 1, авторсыз) - Мәскеу туралы:
Маймылдық еліктеу синдромы астананың көшелерінен де көрініс тауыпты. Ақымақтың ағынан жарылуымен «жаңа сол- шылдар» өздерінің «білімділігін» паш етуде. «Шоп», «нонстоп», «литл бар» секілді әлем-жәлемдеріңіз жай сөзбен айтқанда, ло ток, ларек, забегаловка сөздеріне өзін агылшын королевасы сезін-