Коммуникация



Pdf көрінісі
бет205/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   246
II.  Ерекшеліктер
Идеология  формасы  жағынан  ұқсас  болғанымен,  мазмұны 
жағынан екі елде әртүрлілігімен ерекшеленеді. Айталыц, қоғамның 
жалпыға,  сол  ңоғамның  өкілдеріне  деген  қарым-қатынасы  тұрғы- 
сынан  алғанда түрлі болып  келеді.
Кеңестік  Ресейдің  идеологиясы  -   бірлестік,  қауым  болып  өмір 
суру,  коммунизмге  жету  болатын.  Мұның  өзі  жеке  адамның  тұлға 
ретінде  қалыптасуына  кедергі  келтіріп,  жеке  тұлғаның  өтініші  мен 
тілегі,  қажеттігі  ескерілмеді.
Тарихшылардыңайтуынша, ұжым, қауым болып бірлестікте өмір 
сүру  орыс  халқына  тән  ежелден  келе  жатқан  әдет.  Социализм  мен 
коммунизм  идеясының салтанат құруы  да  осыдан  болар?  А.В.  Пав­
ловская  «Как  делать  бизнес  в  России»  деген  еңбегінде:  «Орыстың 
ұлттык,  мінез-құлқы  өзгелер  секілді  уақыт  пен  кеңістік  негізінде  қа- 
лыптасты»,  -  деп  жазады.  Орыс  халқының  тарихы  мен  география- 
лык, орналасу жағдаяты өзінің көзге көріне бермейтін ізін цалдырды. 
Ғасырлар  бойы  жүргізілген  соғыс,  алдағы  соғыстың болу  қаупі  орыс 
халқын  ерекше  патриот  ретінде  тәрбиеледі.  Орыс  халқының  орта- 
лықтандырылған  билікке  ұмтылуы  да  осыдан  туған  болатын;  қатал 
табиғат  олардың бірігіп  өмір  сүру  қажеттігін  туғызды;  ал  шексіз  кең 
дала -  ресейліктерге құлашты  кең жаюға  мүмкіндік берді.
Керісінше,  батыс  идеологиясының  негізінде  жеке  индивидумға 
табыну, жеке  адамның сезімдеріне және  оның қажетіне деген  құр- 
мет жатыр.  Бірлестікті елемеуге, оны  мойындамауға тырысты.
Ежелден  орыс халқына тән  бірлесіп  өмір сүру әдеті  олардың гео- 
графиялық  орналасуымен,  тарихымен  байланысты.  Жеке  адамның 
тағдырын  ұжым  шешетін  бірлесіп  өмір  сүру  әдеті  1917  жылғы  қа-
253


зан  төңкерісіне  дейін  де  және  одан  кейінгі  кезеңдегі  «коммунизм 
құрылысы»  кезеңінде  де  жалғасын  тапты.  Бірнеше  жүзжылдықтар 
бойы  XX ғасырдың басына дейін  Ресей тұрғындарының басым  бөлігі 
шаруалар бірлестігін  ңұрып, сол бірлестіктерде өмір сүріп  келді.  Мұн- 
дай  бірлестіктер  шаруалардың  басын  біріктіріп,  оларды  өзге  жерді 
жаулап алушылардан, қарацшылардан, помещиктерден, мемлекеттік 
шенеуніктерден  қорғады.  Барлык,  маңызды  мәселелерде  ұжым  боп 
шешім қабылдады. Атап айтқанда, әділдікті сақтау үшін біріге отырып 
кімге қанша жер беру керек, кімге көмек көрсету керек, қылмысы ушін 
кімді қалай жазалау керек, кімді соғысқа жіберу керек, салықты қалай 
төлеу  керегін  бірігіп  отырып  шешті.  Тіпті  отбасылык,  жанжалдың  өзі 
ортақ талқыға  түсіп  жатты.  Мұндай  жүйе  әлсіздердің  құлап  қалуына 
да (орыс ауылдары кедейлікті білмеді), мықты адамдардың көтерілуі- 
не де  жол  бермеді.  Осылайша,  бірлесіп  өмір сүру,  әлеуметтік тендік, 
теңгермешілік идеясы орыс  қоғамында социалист цурылысңа дейін 
қалыптасқан  болатын. Тіпті  орыс халқының қаны  мен  сүйегіне сіңген 
деуге болады. Мұндай жағдайда  өзін-өзі  қорғау қабілетінен  бірін-бірі 
қолдау ұстанымы жоғары болып  келеді.
Мұны  Ресей  мен  Батыс  елдерінің  менталитетін  айқын  көрсе- 
тетін  мынадай  тұрмыстык,  жағдаяттардан  байқауға  болады:  күре- 
жолда көліктертиісті жылдамдықты біршама асырып, шамадан тыс 
қатты  жүріп  келеді.  Қарсы  бетте  келе  жатқан  жүргізушілер  көлік- 
терінің  шамын  жыпылықтатады.  Бұл -  жылдамдықты  азайт,  жолда 
бақылау  бар  деген  сөз.  Мұны  орыс  жүргізушілері  бірден  түсінеді 
де,  жылдамдықты  баяулатады.  Жүргізушілер  жол  полициясының 
жанынан  аңырын  жүріп  өтеді  де,  әрі  қарай  жылдамдықты  тағы  да 
асырады. Олар  қарсы  беттегі  көліктерге дәл  осындай  белгі  береді.
Заңға  бағынатын  Батыс елдері  үшін  бұл  жайт бұзақылык, лен  ай- 
налаңа  қауіп төндірудің көрінісі.  Керісінше, орыс жүргізушілері үшін 
достык, ниет, өзара  көмек  көрсету, сыбайластық саналады.
Орыс  халқына  тән  бауырластык,  сезімі  әрқашан  шетелдіктерді 
таң  қалдырып  келеді.  XX  ғасырдың  басында  америкалық  сенатор 
бұл туралы  былай деп жазған  болатын:
«Индивидуалды-англо-саксондықтардыңқанынасіңгенәдеті 
«Individualism...  may  be  an  ineradicable 
шығар... орыстардыңулттық тенденциясы -  коммунисты қағи-  p a r t   0 f  
Anglo-Saxon  nature...  the  racial 
дат  бойынша  істі  жүргізу.  Егер  америкалықтардың,  ағылшын- 

.
 
.
дардың,  тіпті  немістердің  кәсіпорны  жанжал  мен  ұрыс-керіс 
tendency 
Or 
the  Russian 
IS 
to  do  business 
әсерінен  теңселетін,  одан  кейін  қауымдастық  қызметкер-  ОП 
the  Communistic  principle.Where  like
лерінің  өзара 
тіл
 
табыса  алмауынан  қурдымға  кететін  болса, 
undertakings  by  Americans,  or  Englishmen, 
орыстар ешқандаи қаишылықсыз-ақтіл табысып кетеді».
or even  Germans,  would  first  be  interrupted 
by  contention  and  then  distracted  by  quarrels,  and  finally  break  down 
by  the  inability  of  the  various  members  of  the  association  to  agree 
among  themselves,  the  same  number  of  Russians  get  along  very  well 
together,  and  practically without antagonism».
254


Қазіргі  кезде  орыстардың туабіткен  осы  қасиеті  бизнес жүргізу- 
дің батыстықтәсілін жоққа  шығарып отыр.  Мәселен, «Фанта» сусы- 
нын  жарнамалау  кезінде  ішкі  жағында  арнайы  суреттер  жиынтығы 
бар  қақпақтарды  жинаушылардың  арасында  утыс  ойындары  жүр- 
гізіледі.  Мәскеуде,  Петербургте  және  бірқатар  қалаларда тез  арада 
әртүрлі  базарлар  пайда  бола  бастады.  Жарияланған  утысты  жеңіп 
алу  мақсатында  сусынның  ңақпағын  жинаушылардың  барлығы  бір 
одаққа  бірігеді.8
Бірлестік құрып, өмір сүру негізі ежелден орыс халқына тән бол- 
ғанымен,  қазіргі  индивидуалдыцтан  бас  тарту  өткен  коммунистік 
кезеңнің сарқыншағы  саналады.
Газетке  Мәскеудегі  сән  апталығы  туралы  жаза  отырып,  мақала 
авторы  сәнге деген  жеке индивидуалды  көзқарас пен  жауапкерші- 
ліктің  жоқтығын,  сәнгерлердің  есімінің  атаусыз  қалғанын  айта  ке- 
ліп, өз ойын былай түжырымдайды: «Сән апталығы көбіне қатаң үл- 
гідегі  сапалы  тігілген  топтамаларды  ұсынды.  Өкініштісі,  ұсынылған 
сән  топтамаларының  авторлары  мүлде  атаусыз  қалды.  Біздің сән- 
герлердің қарапайымдылығы мен сыпайылығы кезекті ұлттық жұм- 
баңқа  ұқсайды.  Олардың  шетелдік  әріптестері  қай  жерде  болсын 
өз  есімдерін  кадрда  толық  көрінетіндей  етіп  ірі  алтын  әріптермен 
жазады. Ал  біздің сәнгерлер АҚ мен  ЖШС-ның артына  жасырынып 
алады.  Оларды  жеке-жеке  атап  шығудың өзі  адамды  жалықтырып 
жібереді.9
Өткен кезеңнің осы бір сарқыншақтары туралы жазушы Андрей 
Битов  «Повторение  не  пройденного»  атты  мақаласында  мынадай 
пікір  айтады:  «Жеке  тұлғалардың  серіктестіктерден  бөлініп  шык,- 
пауы -  өткеннің сарқыншағы саналды, ары кетсе үкімдей көрінді».10
Қазіргі  Ресей  елінің  тұрғындары  кеңестік  идеологияны  инди- 
видуалдықты  төмендеткені,  бірлестікке,  ұжымға  бағындырғаны, 
жеке тұлға  ретінде  қалыптастырмағаны үшін  айыптайды.
Батыс елдерінде орыс философиясы мен дінін үйреншікті, әдет- 
тегі  нәрсені,  жеке  адамның  тұлғалық  қасиетін  төмендеткені  үшін 
айыптайды.  Бұл  туралы  өз  сұхбатында  жазушы  Светлана  Алексее­
вич  мынадай  пікір  айтады:  «Батыстан  мен  мынадай  пікір  естідім: 
сіздердің  мәселелеріңіз  православтық  шіркеуде,  яғни  оның  орто- 
доксалды ұстанымында жатыр. Біз үшін жердегі нәрселер маңызды 
емес,  біздің  үйіміз  жоқ,  бізге  Ғалам  маңыздырақ...  Орыс  филосо- 
фиясын  алып  қараңыз.  Мұнда  тек  Рухтың  өмірі  туралы  ғана  айты- 
лады.  Тән  туралы  ой-пікірлер,  барлық  материалдық  құндылык, тө- 
мендетілген.  Меніңше, бұл адам баласы үшін  қауіпті. Адам өмірінің 
қуны  жоқ  болып  көрінеді.  Адам  өз-өзіне  айтуы  мүмкін:  «Егер  мен 
ана жақта өмір сүретін болсам, онда мен үшін бұл жерде ештеңенің 
құны жоқ».11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет