Коммуникация


Тілдегі  саяси  сыпайылық  жеке  тұлғаның  сезімі  мен  ар-намы-



Pdf көрінісі
бет213/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Тілдегі  саяси  сыпайылық  жеке  тұлғаның  сезімі  мен  ар-намы- 
сын,  оның  құқығын  жерге  таптайтын,  жеке  тулғаның  жас  ерек- 
шелігі  мен  денсаулық  жағдайы,  әлеуметтік  мәртебесі,  сыртқы 
келбетіне  қатысты  жағымсьіз  реңкі  бар  тілдік  бірліктерді  жаңа 
тілдік тәсілдермен  алмастыруды  көздейді.
Тілдегі  бұл  әрекет  жоғарыда  айтылғандай,  ағылшын  тілін  қолда- 
нушы  африкалықтардан  басталған  болатын.  Африка  халқы  ағылшын 
тіліндегі black (черный) сөзінің метафоралық қолданыстағы жағымсыз 
мәніне қарсы шыққан болатын. Осы мәселе әйел құқығы үшін күресіп 
жүрген феминистік қозғалыс ұйымының назарына бірден ілікті.
Нәсілдіктұрғыдан жіктелуді меңзейтін сөздер мен сөз тіркестері 
саяси  әдеп  негізінде  қандай  семантикалық  өзгеріске  ұшырағанын 
төменде берілген  мысалдардан  байқалады:
Negro >  coloured  >  black  > African  American / Afro- American  [не- 
грлер  >  түрлі  түстілер  >  қара  нәсілді  >  африкалык,  америкалық  / 
Афро-америкалық];
Red  Indians >  Native Americans  (қызыл тәнді үндістер > Америка- 
ның жергілікті халқы].
Феминистік  қозғалыстың  жеңісі  тілдің  барлык,  деңгейінде,  со- 
нымен  қатар америкалық ағылшын тілі  сияқты өзге де диалектілер 
жүйесіне өзгерістер енгізді.  Мәселен, әйел адамға  қарата айтылған 
Ms  сөзі  аналогия  заңы  негізінде  Mr  қаратпа  сөзі  секілді  оның тур- 
мыска  шыққанын  (Mrs  [миссис])  немесе  турмысқа  шықпағанын 
(Miss  [мисс]) айқындап  бере алмайды.  Бул  қаратпа  сөз  ресми  ағыл- 
шын  тіліне  сәтті  енгізілді  десе  де  болады.  Енді  бул  қолданыстың 
ауызекі тілге енгізілу жолдары  қарастырылуда.
Адамның жыныстық ерекшелігін  білдіретін  қосымша  морфема- 
лар,  мәселен,  -man:  chairman  [представитель,  өкіл)],  businessman 
[бизнесмен],  salesman  [торговец,  саудагер]  немесе  -ess:  stuardess 
[стюардесса]  тілдің  лексикалық  құрамынан  өзі  жалғанған  сөз 
арқылы  ығыстырып  шығарылуда.
chairman  [председатель]  > chairperson  (төраға); 
spokesman  [делегат]  > spokesperson  (делегаттар); 
cameraman  [оператор]  > camera operator  (оператор);
17 S.Ter-Minasova. 
Lahguage,  linguistics and 
Life  (A view  from   Russia). 
M oskow,  1996,
p.  1 2 0 -1 2 2 .


foreman  [начальник,  бастык]  > supervisor (супервайзер); 
fireman  [пожарник]  > fire fighter (өрт сөндіруші); 
postman [почтальон]  >  mail  carrier (пошташы); 
businessman [бизнесмен] > executive [исполнительный директор] 
немесе  -   business  woman  (атқарушы  директор  немесе  іскер 
әйел;
stuardess [стюардесса]  > flight attendant (стюардесса); 
headmistress  [директриса] >  headteacher (бастык,,  басшы). 
Women  сөзі  қазіргі  ағылшын  тілінде  көбінесе  womyn  немесе 
wimmin  түрінде  жазылып  жүр.  Есім  сөздің  тектік  көрсеткіші  бел- 
гісіз  болған  жағдайда  дәстүрлі  түрде  қолданылатын  his  [его,  оны], 
him  [ему,  оған]  жіктеу есімдіктері  жаңа тілдік бірліктермен  his / her 
[его /  ее,  оны],  көптік  мағынада  their (их,  оларды)  болып  алмасты- 
рылған:  Everyone  must  do  his  or  duty  [Каждый  должен  выполнять 
свой  (букв,  его) долг > каждый/ая должен  (должна) выполнять свой 
долг (букв,  его  или  её,  его / ее); долг >  все должны  выполнять свой 
(букв,  их)  обязанности].  [Мұндай  тектік  көрсеткішті  қазақтіліне  ау- 
дару  мүмкін  емес,  өйткені  қазақ  тілінде  тектік  категориясы  жоқ. 
Әркімнің  өзіне  тиесілі  міндеттерді  атқаруы  мен  контекст  негізінде 
айқындалады -  Аудармашылардан].
Жазба  мәтіндерінде  көбіне  he/she  [он/она]  дегеннің  орнына 
she/he деп жазу жиі  қолданысқа түскен.
Қазіргі  ағылшын  тіліндегі  детективті  шығармалардың  өзіндік 
ерекшелігі  ретінде  қылмыскердің тегін  жасыруға  барынша  күш  са- 
латынын  атап  көрсетуге  болады.  Қылмыскердің әйел  не  еркек  жы- 
нысты  екенін  дәйектейтін  грамматикалық  көрсеткішсіз  берілуі  де­
тектива  шығармада  бастауыш  қызметіндегі  one  person  [бір  адам] 
тұлғасы  толықтауыш  қызметіндегі  their  guilty  knowledge  [олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет