Коммуникация



Pdf көрінісі
бет25/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Мәдени антропология-ө те  кеңауқымды іргеліғылым. Ол адам- 
заттың  мәдени  дамуының  жалпы  проблемаларын  зерттейді.  Онда 
өзге  гуманитарлық ғылымдардың барлық білімі топтастырылған.
Мәдени  антропология -  адамды  адам ететін  және оны  өзге тір- 
шілік  иелерінен  ерекшелеп тұратын  және  мәдени тұрғыдан  қалып- 
тасуының бірыңғай процесін зерттейді. Жануарларда өзін-өзі ұстау- 
дың белгілі бір жүйесі  қалыптасқан, бірақ мәдениет жоқ.
Мәдениет  -   мәдени  антропологияны  зерттеу  пәні  ретінде  уа- 
қыттың белгілі  бір  кезеңінде ұлттың, таптың,  адамдар тобының құ-
21


рамдас және  қалыптасқан өмір салтының, сондай-ақ адамзат қоға- 
мының барлық саласындағы және барлық факторындағы (идеялар, 
наным-сенім,  салт-дәстүр)  қызметінің  нәтижесі.  Мәдени  антропо­
логия  мәдениетті  оның  барлық  аспектісінде:  адамның  өмір  сүру 
салты,  әлемді тануы,  менталитеті,  ұлттық мінезі,  рухани,  қоғамдық 
және  өндірістік  қызметінің  дамуын  зерттейді.  Мәдени  антропо­
логия  адамның  қарым-қатынасы  арқылы,  коммуникация  арқылы 
мәдениетті  дамытатын,  ерекше  қабілетін  -   соның  ішінде  сөйлеу 
қабілетін зерттейді. Адамзат мәдениетінің шексіз әртүрлілігін, олар- 
дың өзара  қызметі  мен  шиеленістерін  қарастырады.  Ерекше  назар 
тілдің өзара  қызметі мен  мәдениетіне  аударылатын болады.
Мәдени  антропология  курсының негізгі міндеттері:
1)  мәдениеттің  адам  өміріндегі,  мінез-қулқындағы,  өзге  адам- 
дармен  және өзге  мәдениетпен  қарым-қатынасындағы  ерекше  рө- 
лін түсіндіру;
2) осы  ғылымның идеялары  мен  әдістерімен таныстыру;
3)  мәдениеттің даму жолын  айқындау, олардың өзара  қақтығы- 
сы  мен  іс-әрекеті және өзгеруі;
4)  тіл  мен  мәдениеттің  өзара  байланысы,  өзара  ықпалы  мен 
іс-әрекетін  айқындау;
5)  мәдениеттің  адам  мінез-құлқына,  дүниетанымына,  әлемдік 
жуйеге,  жеке  өміріне,  тулғаның  қалыптасуына  т.с.с.  қалай  ықпал 
ететінін  көрсету.
Мәдени  антропологияның дамуы  қазіргі  Ресей  үшін  аса  маңыз- 
ды, өйткені бұл ел біраз уақыт өзге әлемнен, басқа мәдениеттен қол 
үзіп  қалды  ғой.  Ресейліктер  кейбір  басқа  мәдениеттерден  мүлдем 
мақұрым  болды,  не  олар  туралы  жалған  түсінікте  болды.  Қазіргі 
таңда  өзге  мәдениеттерді  тану  қажеттілігі  мен  мүмкіндігі  сәйкесіп 
отыр.  Қажеттілік -  Ресей  тұрғындарының халықаралық және  мәде- 
ниетаралық қарым-қатынасының жаңаруынан туындап отыр.
Бұл  курс  пен  білімнің  осы  саласы  -   әсіресе  шет  тілдерін  үйре- 
нушілер  үшін  маңызды,  шет тілдерін  нақты  қарым-қатынас  құралы 
ретінде  қолдану (бурынғыдай  жазбаша  мәтіндерді жай оқу арқылы 
үйрену емес) мәдениеттер,  олардың дамуы және өзара байланысы 
жайлы жалпы білім аясы  кең жағдайда -  басқаша айтқанда, мәдени 
антропологияны  білгенде ғана  мүмкін  болады.
Лингвомәдениеттану тіл  жөніндегі  ғылымның  бір  саласы,  тіке- 
лей  мәдениетті  зерттеуге  қатысы  бар  сала  ретінде  соңғы  кезде  өте 
кең ауқыммен таралуда.
Профессор  В.В.  Воробьевтің  (Ресей  халықтар  достығы  универ­
ситет!) сөзіне сүйенсек, «бүгін лингвомәдениеттану-жаңа филоло- 
гиялық пән ретінде танылды. Ол белгілі бір деңгейде бөлініп қалған 
немесе  уйымдасқан  түрде  жинақталған  мәдени  қундылықтарды,


сөйлеудіңтуындауы  мен оны  қабылдаудағы табиғи  коммуникатив- 
ті  процестерді, тілдік тұлғаның тәжірибесі  мен  ұлттық менталитетті 
зерттейді,  «әлемнің тілдік  бейнесін» жүйелі  сипаттайды  және  оқы- 
тудың  білім  беру,  тәрбие  әрі  интеллектуалдық  міндеттерін  қамта- 
масыз етеді.
Сөйтіп, лингвомәдениеттану-типті  синтездеуші,  мәдениет пен 
тілдің қызметіндегі өзара байланысы мен өзара іс әрекетін зерттей- 
тін  кешенді  ғылыми  пән.  Бұл  процесс  тілдік  және  тілден  тыс  (мә- 
дени)  бірліктердіц біртұтас  құрылымдық (структуралық)  мазмұнын 
қазіргі басымдықтарға және мәдени қондырғыға бағытталған  (нор- 
малар  мен  қоғамдық  құндылықтар)  жүйелі  әдістер  көмегімен  ай- 
қындайды.8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет