Лингвистикалық фольклордың хрестоматиялық үлгісіне айналған
эскимостар тіліндегі қардың әртурлі реңкі мен түрін білдіретін
ақ
сөзінің синонимдік қатары әдебиеттерде 14-тен 20-ға дейінгі түрі
беріліп жүр.
Араб тіліндегі
түйе сөзінің бірнеше мағы-
насы бар. Олар шаршаған түйені, буаз іңгенді
және т.б. жеке-жеке атаулармен атайды.
Орыс тіліндегі қармен, қыспен бай-
ланысты айтылатын
пурга, метель, бу
ран, снежная буря, вьюга, поземка деген
мағыналарды ағылшын тілінде
snowstorm
деген бір-ақ сөзбен жеткізуге болады.
Осы тәріздес тағы бір қызық мысал
ретінде хинди тіліндегі жаңғақ түрінің көп-
теген атауға ие екенін келтіруге болады. «Үнді түбегі халқының жал-
пы мәдениетінде арека пальмасының жемісі (areca catechu), «супа-
ри» қатты жаңғағы қандай рөл ойнайтынын білсеңіз, мұны түсіндіру
қиын емес.
Үндістан халқы жыл сайын Араб теңізінің жағалауы - Канкона-
да, ыстық, ылғалды климатта өсетін осы арека пальмасы жаңғақта-
рының 200 мың тоннадан астамын түтынады. Жемістерін шикі,
жартылай піскен немесе толық піскен күйінде жинап, күннің астын-
да, көлеңкеде, желге кептіреді, сосын сүтке, суға қайнатып пісіреді
немесе майға қуырады.
Әрбір дайындау технологиясы жаңа тағамның пайда болуына
сеп болады да, соған орай жаңа атау шығады. Үнді жөн-жоралғыла-
рының барлығында дерлік арека пальмасының жаңғақтары пайда-
ланылады».1
Шынайы өмір мен тілдің арақатынасын төмендегідей тәртіпте
көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: