қатар тіл құрылымынан, синтаксистен, грамматикадан, лексикадан,
функционалды стилистикадан және т.б. да көрінеді. Төменде мына
сұрақтарға толығырақ тоқталатын боламыз: орыс және ағылшын
тіліндегі материалдар негізінде адамның тілге ықпалы; адамның
тулға ретінде қалыптасуындағы, жеке және ұлттық мінезінің жаса-
луындағы тілдің қалыптастырушы рөлі көрсетілетін болады.
Сонымен, тіл мен шынайы өмір арасында адам тур. Тек адам
ғана сезім мүшелері арқылы әлемді танып, біледі. Соның негізінде
қоршаған орта туралы өз пайымдауын жасайды. Қабылдаған ақпа-
раттарын өз санасынан өткізіп, зерделеп, оны тіл арқылы өз қауы-
мының басңа мүшелеріне жеткізеді. Басқаша айтқанда,
шындық
пен
тіл арасында
ойлау тұр.
Тіл ойды бейнелеп, оны бір адамнан бір адамға жеткізетін тәсіл
ретінде ойлаумен тығыз байланысты. Тіл мен ойлаудың арақатына-
сы -т іл білімі мен философияның күрделі сурақтарының бірі. Алай-
да бұл еңбекте аталмыш феномендердің қайсысы алғашқы, қайсысы
кейінгі, ойды сөзбен бейнелемей-ақ жеткізуге мүмкіндік бар екені
туралы ойталқы жүргізудің қажеттілігі жоқ. Біз көтеретін басты мәсе-
ле - тіл мен ойлаудың шүбәсіз өзара тығыз байланысы мен бір-бірі-
не тәуелділігі, олардың мәдениетпен, шындықпен арақатынасы. Сөз
шындықтың болмысын емес, ол туралы адам санасында қалыптасқан
уғымның көрінісін бейнелейді. Ұғым оны түзетін кейбір негізгі белгі-
лерді жалпылау арқылы жасалады, сондықтан нақты сипатынан тыс,
абстрактілі (дерексіз) болып келеді.
Шындық өмірден уғымға, одан
Достарыңызбен бөлісу: