17 См. подробнее об
этом:
L. Minaeva.
From Comrades
to Consumers:
Interpersonal Aspects
of the Lexicon //
Political Discourse in
Transition in Europe
1989-1991. Ed. by
Paul A. Chilton, Mihail
V. Ilyin and Jacob L.
Mey. Amsterdam,
Philadelphia, 1998, p.
87-94.
(господин)17 сөзі жағымсыз коннотацияға ие болды, әрі тек капи
талиста елдерден келген шетелдіктерге (яғни бөтен және дұшпан-
дарға), олардың бөтен әрі дұшпан екенін таныту мақсатында қол-
данылды.
Осы сәтте өткеннің бір оқиғасы еске түседі. 1977 жылы Лос-
Анжелеске сапары барысында біздің делегация ресейлік эмигранттар
отбасына кешкі асқа шақырылады. Олар Ресейден 1917 жылғы төңке-
рістен кейін кеткен көне эмиграцияның (немесе эмигранттардың ал-
ғашқы легі) өкілі. Үй иелері бізді
мырзалар (господа) деп атады.
Қонақүйге оралғаннан кейін арамыздағы коммунизмге адал
(біздің бәріміз секілді) кеңестік бір адам: «Білесіз бе, маған Петров
мырза дегені сондай ұнады! Адамның беделін арттырып, құлаққа
жылы естіледі екен», - деп таңдай қақты. Оның сөздеріне менің
реакциям да есімде: мен оны іштей қолдағаныммен, оның батыл-
дығына қайран қалдым, оның бұнысын жақсы қонақасынан кейінгі
босаңсуға балаған едім.
XXI ғасырдың басында
мырза (господин) сөзі үйреншікті әрі
ресми сөзге айналды. Қазір
жолдас сөзін қолдану үшін батылдык,
қажет болды. Революция -
revolution - төңкеріс - түбегейлі өзге-
ріс - бұрылыс.
Қазір
мырза мен
жолдас сөздерінің екеуі де қолданыста, бірақ
оларды қолдану әлеуметтік бөліну нышанына айналды.
Мырза
(господин) - ресми қабылданған сөз, сол себепті де қазіргі режим-
нің қолдауына ие әрі онымен келісімге келеді.
Жолдас (товарищ)
кеңес заманында есейген аға буынның үйреншікті әдетіне айналған
сөз ретінде саяси оппозицияны немесе ескі режимге тиесілі екенін
танытуы мүмкін.
Аға ұрпақ пен «қарапайым жұрт» аталатындардың көпшілігі
жазбаша және ауызша
жолдас (товарищ) сөзін қолдануды әдетке
айналдырған. «Қарапайым» халықтык, мекемелердегі (дүкендерде,
емханалар мен ауруханаларда, т.б.) хабарландыруларда күні бүгін-
ге дейін
жолдастар (товарищи) сөзі қолданылады. Бул, әсіресе
провинцияға тән жағдай, провинция дегеніміз
- Мәскеу мен Петер-
бургтен өзге бүкіл Ресей аумағы.
Зиялы қауым бұл сөздің екеуін де (ңызылдарға тиесілісін де,
ақтарға тиесілісін де) қолданбауға тырысады, ресми жағдайларда
«Әріптестер!» («Коллеги!») сөзі кеңінен таралған. Ресей президенті
В.В. Путин 2002 жылы желтоңсанда ММУ-де (Мәскеу мемлекеттік
университеті) өткен Ресей ЖОО-лары (Жоғары оқу орындары) Рек-
торлар одағының ресейлік съезіндегі құттықтауын «Қурметті дос-
тар!» сөзімен бастады.
Іскерлік ортада
мырза/ханым («господин/госпожа/господа»)
мейлінше жалпы түрде шынайы естіледі.
122
Армияда
«жолдас» («товарищ») сөзі қолданыста қалды. Ре-
сейдің әскери-теңіз флотының бас командирі 2003 жылдың 27 шіл-
десіндегі әскери шеруді қабылдау барысында: «Жолдастар, матрос-
тар мен офицерлер!» - деп тіл қатты.
Сонымен қатар әрі әзілмен, әрі ирониямен айтылатын «мырза-
лар-жолдастар» қос сөзі де қолданылады. Газеттегі «күшті әлемнің»
адамгершілігі туралы мақала «Мырзалар мен жолдастардың дағ-
дылары» («Привычки господ и товарищей»)18 деп аталды.
Көне атаулардың, топонимдердің оралуы - қазіргі Ресейдің
қоғамдық өмірінің және мәдениетінің ерекшелігіне айналды.
Кеңес дәуірінің өзгерген атауларын қайта өзгерту кезеңі басталды:
Ленинград Петербург болып, Свердловск Екатеринбург, Метро
строевская Воздвиженка, Дзержинский алаңы Лубянка болып
өзгертілді.
Бастапңы кезеңде атауларды өзгерту, дауысқа салу және ха-
лықтык, референдумдар арқылы толықтай демократиялык, түрде
жүргізілді. Мәселен, Петербург қаласы Ленинград облысының ор-
талығында орналасқандықтан, солтүстік астананыңтұрғындары қа-
ланың көне тарихи атауын қайтаруға келісті, бірақ облыс түрғында-
ры Ленинград атауына адалдык, танытты.
Мәскеуде, неге екенін қайдам, алғашқылардың бірі болып
«Лермонтовская» метро стансасын «Красные ворота» атауымен ал-
мастырды. Бул халықты қайран қалдырды: Лермонтовты не үшін
өкпелетті?
Қазіргі таңда көне атаулармен бірге жаңа атаулар қатар қолда-
ныста жүр. Біздің ата-аналарымыздың буыны жаңаға қайтадан үй-
ренді, яғни көне (үйреншікті) және жаңа атауларды қолдануда қи-
налды. Қазір біздің кезегіміз келді. Тіл - мәдениет айнасы.
Достарыңызбен бөлісу: