Екінші үрдіс - шет тілдерінен сөз алмасу, ең бастысы - ағыл- шын тілінен енген сөздер. Ауқымдылығы бойынша да, қоғамдық
пікір бойынша да, орыс тілі мен орыс мәдениетіне төндіретін қаупі
бойынша да, бұл үрдіс екінші емес, бірінші орында тұруға тиіс.
Ресейдің әлемге ашылуы және әлемнің Ресейді тануы, бірінші
кезекте шетелдік, соның ішінде ағылшын тілінен енген сөздердің
нөпірінің астында қалудан басталды. Бұл сөздер біздің тіліміз бен
өмірімізге батыстық өмір салты (кейде одан кейін, кейде дейін),
бизнес, компьютер, интернет, фильмдер, телесериалдар, әндер,
бейнеөнімдер арқылы жаппай ене бастады. «Жаңа сөздер сөздігі»
(«Словари новых слов»), «Қайта құру сөздігі» («Словари перестрой
ки»), кірме сөздер сөздігі баспадан шығуда, сонымен бірге орыс
тілін кірме сөздер тасқынынан, өртінен, селінен, улануынан (цажет-
тісін таңдаңыз) қорғауға шақырған, алаңдаған, ызаланған және өтін-
ген үндеулердің легі артып келеді.