түбіне шөккен ұсақ жумыр тастар сияқты халық санасында әбден
қатталған. Ұрпақтан-урпаққа ауызша таралуы себепті индивидуал-
ды-авторлың шығармалардағы субъективизм тән емес. Фольклор-
лык шығармаларды халықтың арман-қиялын, оның мінез-құлқы
туралы ақпаратты сақтаушы қойма, сенімді дереккөздері ретінде
қарастыруға болады.
4.
Ұлттықтіл жүйесі-белгілібірхалыққатән үлттықмінез-құлықты
айқындауға септігін тигізетін, сенімді әрі ғылыми турғыдан дәйектеу-
ге болатын дереккөздердің бірі. Ұлттық тілдің өн бойында сол тілде
сөйлеуші өкілдердің мінез-қулқы бейнеленеді, улттық мінезді қа-
лыптастыруға негіз болады. Иван Ильин «Тіл - халык, жанының фо-
нетикалық, ритмикалық және морфологиялық көрінісі»21 - деп тегін
айтпаған болар. Енді жоғарыда көрсетілген соңғы дереккөзге сүйене
отырып, ұлттық мінездің тіл арқылы көрінісіне тоқталмақпыз.
Достарыңызбен бөлісу: