Коммуникация



Pdf көрінісі
бет180/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   246
сейлік сөздерін  шатастырмас үшін) отечество және  отечествен­
ный  сөздері  алмастырды:  отан  тарихы  (история  отечества), 
отандық тарих/әдебиет/мәдениет/өнім  (отечественная исто- 
рия/литература/культура/продукция),  отандық  өндіріс,  т.б. 
Ағылшындар  patriotic,  motherland,  fatherland  секілді  сөздерді  өз 
туған  отанына  қатысты  пайдаланбайды. Ұлы  Отан  соғысы  (Великая 
Отечественная  война)  орыстарға  қатысты  немесе  тікелей  аударма 
нәтижесінде  Great  Patriotic  War деп  аталады.  Ағылшынтілді  әлем 
үшін  бұл  соғыс  тек  бір  ғана  мағынаға  ие:  The  Second  World  War -  
екінші дүниежүзілік соғыс.  Қолда  бар мәлімет бойынша, fatherland 
сөзі  тек  Германияға  қатысты  қолданылады  (неміс тілінің  Vaterland 
сөзініңтіке аудармасы).  Ресейге  қатысты  motherland сөзі  қолданы- 
лады,  бірақ  әдетте  оның  шетелдік  екеніне,  ағылшын  тіліне  бөтен 
екеніне  маңыз  бере,  тырнақшаға  алады  (америкалықтарда  сәл 
басқашалау,  бұл  жайында  төменде  «Тіл  және  идеология»  бөлі- 
мінде айтылады).
Брюс  Монктың  айтуынша,  «өз  еліммен  қарым-қатынасым 
басқаша»  дегені  -  орыстар  секілді  тым  қоян-қолтык,  емес,  алыстау 
(женский  род,  матушка  және  басқа  да  жылы  сөздер  қатары),  жоға- 
рыда  атап  өткен  ұлттық мінез-құлык, стереотиптеріне толық сай  ке- 
леді  әрі оны дәлелдей түседі.
Жоғарыда айтқандардың барлығына куә болатын тағы бір тілдік 
құбылыс  ресейлік  саяси  күштер  күресінің  өзегіне  айналды.  Әңгіме 
өз  отаны  жайында  айту  мәнерінде:  орысша  -   біздің  еліміз,  ағыл- 
шынша -  this country  [бул  ел]  болып  отыр.  Ағылшын тілін  үйренуші 
орыстілді  студенттерге  егер  әңгіме  ағылшындар  және  Англия  жа­
йында  болатын  болса,  Ресейдегідей  our country  [біздің ел]  тіркесін 
қолданбауды  әдейілеп  үйрету  қажеттігі  туындайды.  Ағылшын- 
дар  өз  ұлттық  мінез-құлқына  сай  отанына  деген  сезімін  білдіруде 
салқынқандылық  танытып,  өздерінен  алыстатып  this  country  деп
219


атайды.  Ресейден алыстап  кеткен,  ол  елдіңтурғыны  болмай  қалған 
адам ғана,  орыс тілінде  біздің еліміз демей,  бұл  ел  тіркесін  қолда- 
нар еді: бул елде өмір суру мүмкін емес.  Әдетте шетелдегі эмигрант- 
тар, елінен жырақта жүргендер солай айтады. 1998 жылы Самарада 
өткен ағылшын тілін  шеттілі  ретінде үйрету жөніндегі халықаралық 
симпозиумда  шетел  БАҚ-тарындағы  Ресейге  қарсы  үгіт-насихаттар 
жайында айта  келіп:  «Егер мен ол жақта теледидар көретін болсам, 
бұл  елге  қайта оралудан  қорқамын», -  деген еді.
В.Н.  Телия  «Наименование  РОДИНА1  как  часть  социально­
го  концепта  «Patria»  в  русском  языке»  атты  еңбегінде  қызык, 
мәліметтерді  бөліседі.  Оның  пікірінше,  «patria»  ұғымын  орыс- 
тілінде  тілдік  қүбылысңа  айналдырудың  төрт түрлі  белсенді  ата- 
уы  бар:  родина^  родина2 -   отечество,  отчизна.  «Patria» түсінігін 
осылай  жіктеп,  талдаудың  әлеуметтік-тарихи  және  мәдени  та- 
мыры  тереңде.  Бул  түсініктер  қундылықтарын,  рухани-мәдени 
бет-бедерін,  оның  қандық-туысқандық  байланысын,  жеке  емес 
улттык,  аумақтык, тутастығын  (родина2  атауында  сіңірілген  білім- 
дер  құрылымына  тән),  одан  кейін  «Іс Атажурт  игілігі  үшін»  деген 
фокуста,  жекелей  емес  мемлекеттік-геосаяси  тұтастығын  (отечес­
тво  атауына  сай  білім  құрылымында  көрсетілген),  ал  соңында 
«баяғыдан  өтіп  кеткен  күндерден»  бастап  ата  журттыңулы  істері 
халықтың  тарихи  жадында  сақталған  ұлттық-геосаяси  қауымды 
өзіне  сіңіре  отырып,  нақты  әлеуметтік-тарихи  жағдайларда  да- 
мып,  өз  кеңістігін  кеңейтті.
Төменде  родина1  атауының  негізгі  концепт  жасаушы  саласы 
(аса жалпы түрінде)  келтіріліп  отыр.
POflHHAj  -   білімнің  төмендегі  қурылымдарын  айқындайтын 
«өз»  демографиялык,  кеңістігін  жеке,  пендешіліктен  цабылдайтын 
түсінік:  орын  немесе орындар, X субъектісі үшін  құнды  қарым-қаты- 
нас: X осында туды  әрі  балалық шағынан  өзінің айналасындағылар- 
мен  және  бұрынғы  бабаларымен  қандық-туысцандык,  байланысын 
сезінді; осы  жерде X туңғыш  рет өзін  қоршаған  ортаның бір  бөлшегі 
ретінде сезінді (микро және макрокосма); X алғаш рет мунда дос-жа- 
ран  және  жақындарын  тапты,  сөйтіп  осы  бір  бейресми  қауымның 
«бөлшегіне» айналды; X туған-туысқандарымен «өзінің ішкі әлемін» 
ана  тілінде  таныды  әрі  өзін  олармен  ортак,  әлемнің  «бөлшегіне» 
айналдырды;  X  мунда  ана  тілін  игерді  әрі  ол  тілде  сөйлеушілердің 
бір  бөлшегіне  айналды;  X  мунда  туған  өлкесіне,  ата-анасына,  қан- 
дас-туысңандарына,  жақындарына,  бала  күннен  таныс  дәстүр-сал- 
тына, ана тіліне деген эмоционалды жағымды көңіл-күйді қалыптас- 
тырды әрі  оны жалғастыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет