Багратионныңсөзіне назар аударыңызшы: «Біздің Ресей-біздің
анамыз». Ресейдің нағыз патриоты Отанға деген махаббатын, шын
көңілін білдіргенде көзіне жас алуға дайын. Ал енді шағын линг-
вистикалық эксперимент жүргізіп көрейік: біздің сөзін бұл сөзімен
алмастырыңыз, нені байцадыңыз, Багратион туралы қандай ойда
қалдыңыз?
Виктор Кожемяконың «Мусор на могилу (Молаға қоқыс шашу)»
атты мақаласынан тағы бір мысал келтіре кетейік: «Сонымен, шын-
дығында кім үшін? Еліміздің тағдыры қыл үстінде тұрды емес пе?
Ал бәз біреулер «бул елдің» дейді, ақиқатында бұл біздің еліміз
ғой... Сол бәз біреу Сталин мен Трумэннің сұхбатын баяндап беретін
болса, пейілінің дұрыс-бұрыстығын тіпті анық байцайсыз».51
Надя Кеворкова «Чистеньких всяки полюбит (Тап-туйнақтай
адам кімге ұнамасын)» атты мақаласының «Апология нового рус
ского (Жаңа орыс апологиясы)» бөлімінде былай дейді: «Жаңа
орыстарды негізінде жаңа, жас деуге келмейді. Олар әлдекім-
дердің көзқарасы тұрғысынан алғанда, нағыз орыс емес, бузылған
еврей, татар не грузин болуы мүмкін; бұзылған деуіміздің себебі,
олар өздерінің жымысқы істерін БҰ/1 елмен емес, БІЗДІҢ елімізбен
байланыстырады. Еш шімірікпестен БІЗ деген есімдікті ңолданады,
Замятиннің прозасынан туындайтын семантикалык, ассоциация-
ның салмағын түсінбейді, кейбірі мәселенің мән-жайын түсінген-
мен, ресейліктерді орыстар деп, зорлықпен болса да әдеп саңтау-
ды білмейді. Біздің еліміз оларға сәні кеткен жумақтың синонимі
не түнек пен топастық орын алған мекен емес».52 Дегенмен әдеп
сақтау дегеніміз ресейліктерді орыстар деу емес, Ресейде тура-
тын орыс еместерді орыстар деп атамай, ресейліктер деуде болса
керек.
Қазіргі кезде елімізде, басқаша айтқанда, бул елде «өзіміз-
дікілер» мен «бөтендерді» «мырзалар», «жолдастар» деген сөз-
дермен ажыратады. Орыстарға тән тілдік, тілдік емес ойлау жү-
йесінде біздің ел тіркесінің әдетке айналып, сіңісті болып кеткені
соншалық, ағылшын тілін білмейтіндер үшін отанды бейнелеуде
басңа тіркесті ңолдану мүмкін емес сияцты. Бул турғыдан алғанда,
Валерий Ганичевтің «Из Англии, но не о ней (Англиядан, алайда
ол туралы емес)» атты мақаласында Англия мен Ресейді идеоло-
гиялық тұрғыдан ұтымды салыстырғаны бір жағынан қызық, бір
жағынан әсерлі шыққан: «Ағылшынның бетке ұстар саясаткерле-
рінің басты ерекшелігі - Англияның, мемлекеттің, керек десеңіз,
халықтың басты мақсатына қызмет ету болған. Жоқ, олар саяси
қарсыластарын масқаралау үшін әртүрлі реңктегі сөздерді қол-
данған, алайда ешкім Англияны «бул ел» деп атаған емес, атауға
дәті де бармаған».и
Достарыңызбен бөлісу: