Коммуникация



Pdf көрінісі
бет195/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

ideology -  sometimes derog. a set of ide­
as,  esp.  one  on  which  a  political  or economic 
system  is  based:  Marxist  ideology  |  the  free 
market ideology of the extreme right (LDCE).
Ideology.  Science  of  ideas;  visionary 
speculation; manner of thinking characteristic 
of  a  class  or  individual,  ideas  at  the  basis  of 
some economic  or political theory or system, 
as Fascist,  Nazi, ~ (COD).
Ideology  мен  идеологияның  екеуіне  де  берілген  анықтамада 
идеялар  мен  сенімдердің  жиынтығы,  жүйесі  делінген.  Ары  қарай 
анықтамалар  әртүрлі  боп  кетеді.  Ағылшын  тіліндегі  анықтамалар- 
дың барлығында  идеялардың жиынтығы экономикалық, саяси тео- 
риялардың,  жүйелердің  негізінде  жатқандығына  баса  назар  ауда- 
рылған.  Кейде  идеялар  жиынтығы  партияға,  халыққа,  елге,  топқа, 
тіпті  бір адамға тән  болатыны айтылған (a  person, an  individual).
Орыс тіліндегі анықтамаларда еміс-еміс болса да  өз мүдделерін 
идеология арқылы жеткізетін «әлеуметтік топтар» туралы айтылады, 
алайда  идеологияға  негізделетін,  идеология  арқылы  өз  қызметін 
анықтайтын  саяси  жүйе  туралы  да,  экономикалық  жүйе  туралы  да 
сөз  қозғалмайды.  Оның  орнына  осы  жүйенің  қоғамдык,  сананың 
әртүрлі формаларында бейнеленуіне баса  назар аударылады.
Ideology  сөзінің  кейбір  жағымсыз  реңктеріне  тоқтала  кеткен 
жөн:  оны  LDCE  «sometimes  derog.»  (яғни  derogatory  'кемсітетін') 
деп  арнайы  белгілеп  көрсеткен.  COD  тек  жағымсыз  фашистік,  ұлт- 
шылдық идеологияны  мысалға  алған.  Ағылшын тілінде  де,  ділінде 
де  марксистік  идеология  аса  жағымды  болып  саналмайды.  Орыс 
тіліндегі  идеология  сөзі  -   барынша  бейтарап,  жағымсыз  стильдік 
коннотациялары  жок, қоғамдық-саяси термин.
Мәдениет  пен  идеология  ұғымдарының  арақатынасы  жоғары- 
дағы  анықтамалардан  біршама  түсінікті  болған  сияқты.  Идеоло­
гия  -   авторлық  құбылыс,  оның  авторлары,  сондай-ак,  «туған  күні» 
болады.  Идеологияның  осы  соңғы  аспектісі  «Шетел  сөздерінің 
қазіргі  сөздігінде»  (СИ)  берілген  анықтамада  жақсы  айқындалған. 
Мәдениетті ұзақ уацыт бойында этнос, халық қалыптастырады, сон- 
дықтан ол  идеологияға  қарағанда жасампаз әрі турақты.
С.С. Аверинцев 1999 жылы 16 сәуірде Мәскеу мемлекеттік лингвис- 
тикалықуниверситетінде жасаған баяндамасында мәдениетпен идео- 
логияның  арақатынасы  жайында  мынадай  мысал  келтіреді:  «Ежелгі 
Рим  Грекияны  жаулап  алып,  оған  өз  идеологиясын  таңды,  алайда 
римдіктер өз мәдениетінен анағұрлым күшті грек мәдениетіне бас иді. 
Бодандалған Грекия жабайы жеңімпазды өз тұтқынына айналдырды». 
Бұл мысалда Аверинцев «бір мәдениетті  екінші  бір мәдениеттен  жак,-
239


сы  деуге  болмайды,  алайда  прагматикалық турғыдан  күшті,  бәсекеге 
қабілетті деуге болады» -  деп, ойын өрнектеп жеткізіп түр.
Мәдениет  пен  идеология  арасындағы  айырмашылықты  анық 
көрсететін  тағы  бір  мысал  ретінде  заманауи  Ресей  тәжірибесін 
алуға  болады.  Көз  алдымызда  идеология  (онымен  бірге  идеоло- 
гиялық  ғылымдар  да)  бір-ақ  күннің  ішінде  түбегейлі  өзгеріп  шыға 
келді.  Социализм  идеологиясының  (идеологиялық  ғылымдардың 
да)  орнына,  ideology  сөзінің  анықтамасында  айтылғандай,  капи- 
талистік  идеология  келіп,  саяси,  экономикалық  жүйенің  негізіне 
айналды.
Орыс мәдениетіне  келер  болсақ,  белгілі  бір  күштердің (жаппай 
батыстану және т.б.)  елеулі  ықпал  еткеніне  қарамастан,  оны  бірден 
түбегейлі өзгеріп  кетті дей  алмаймыз.  Құдайға  шүкір, орыс мәдени- 
еті де,  орыстың улттық мінезі де  баяғыша  қалды.  Ол  барынша баяу 
дамып,  құлықсыз өзгеруде.
Діл  ұғымы  «ойлау жүйесі, әлемді тану,  әлемді  қабылдау,  психо- 
логиядан»  (СИ)  тұрады.  Басқаша  айтқанда,  діл  -   жеке  адамның, 
сондай-ақ тутас қоғамның ойлау әрі  рухани  реңі.
Менталитет -  ойлай алу қабілеті, ақыл-есінің дурыс болуы;  ин- 
Mentality 
-  
The  being  mental 
ОГ 
in 
ОГ
теллентуалдық мүмкіндіктер деңгейі; (кең мағынада алғанда) 
Of  the  mind;  (degree  of)  intellectual  power; 
оилау жүиесі, көңіл күи, мінез. 
(loosely)  mind,  disposition, character (COD).
Идеология  мен  діл  мәдениетпен  біртутас  дүниенің  қурамдас 
бөлігі  секілді  араңатынаста  болады,  яғни  мәдениет  сөзі,  этнография- 
лык  кең  мағынада  алғанда  (қолыңыздағы  кітапта  дәл  осы  анықтама 
қолданылады),  идеология  мен  ділден  құралады.  Тіл  мен  идеология 
өзара  тығыз  байланыста:  идеология  тілге  біршама  ықпал  етеді,  сон- 
дай-ақтілдің де идеологияға  ықпалы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет