Коммуникация



Pdf көрінісі
бет197/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

I.  Ұқсастықтары.
Екі тілге де, сондай-ақ екі  идеологияға да өз еліндегі жүйені,  ре- 
жиллді,  тәртіпті  тура  әрі  ашык,  түрде  тынбай  насихаттау  тән.  Булай 
насихаттауды  тілдің тула  бойынан  да,  тілдік  емес тустардан да  бай- 
қауға болады:
1. 
Ашық,  назар  аударатын  патрио­
тизм. Алдыңғы тарауда  патриотизмді ашық 
сөзбен  жеткізу  ағылшын  тіліне  қарағанда 
орыс  тіліне  тән  екені  айтылған.  Бул  жерде 
ағылшын  тілінің  британдық  нусқасына  қа- 
тысты  айтып  отырмыз.  Америкалық  нусқа 
британдық  нусқаға  қарағанда  орыс  тілі- 
не  барынша  жақын.  Америкалықтардың 
отанға деген  қатынасы  британдықтарға  қа- 
рағанда  сезімге толы.  Америкалықтар  ота- 
нына  she  [ол]  деп,  оны  кейіптейді:  Where 
America was and  where she  is now  (Америка 
қайда  еді,  қазір  ол  қайда].  Тек  америкалық 
мәтіндерден  ғана  mother  country  [отан- 
ана]  дегенді  кездестіруге  болады,  кейде 
our country  [біздің ел] деген  қолданыс та  соларда  кездеседі.1
Орыстар мен америкалықтардың отанға деген  қатынасының уқ- 
сас  жақтары  көп  болғанымен,  «отан»  деген  уғымдарының  өзінде 
айтарлықтай  айырмашылық бар. Орыстар үшін бұл туып өскен жер,
'С м .: To the Youth of 
Ja p an  // W.  Faulkner. 
Essays,  Speech es and 
Public Letters.  Ed.  by 
Jam es  B.  M eriwether.
New York,  1965,  p.  8 2 -8 6 .
24 i
16-264


родина  /отан/ сөзінің өзі  родить /туу/ деген  етістіктен  шықңан.  Ре- 
сейде «отырықииылық» жағымды,  оң нәрсе  ретінде саналады, сон- 
дықтан тұрғылықты жерді жетіскеннен тастап кетпейді, бұл -  әдетте 
психологиялық жарақат. Америкалықтар тұрғылықты  жерін жиі әрі 
еш  қиналмастан  ауыстырады,  баспасөз  бетінде  қызық  статистика- 
лык  мәлімет  келтіріледі:  орта  есеппен  алғанда,  америкалықтар  35 
жасқа  дейін  жұмысы  мен  үйін  9  рет  ауыстырады  екен!  Бізге  муны 
түсіну қиын, біздің қоғам бір жерге тұрақтап, тамырын жая алмаған 
ондай  «жолы болмаған адамға» аяушылықпен  қарар еді. Америка- 
лықтар үшін  бұл  белсенді  өмір  салтын  көрсететін  қалыпты  жағдай. 
Сондықтан  олар  үшін  дәл  қазір тұрып  жатқан  жері  «отаны»  болып 
есептеледі.  Орыстар үшін  «бүкіл  әлем -  бөтен, тек отанымыз -  пат- 
шалықтай»» /«целый мир чужбина, отечество нам -  Царское село»/. 
Дәл  А.С.  Пушкиндей, ойымыз бен  құндылықтарымызды дөп  басып 
ешкім айта алмаған.
Уильям  Фолкнер өзінің жапон  жастарына үндеуінде Америка ту- 
ралы:  my  country,  the  United  States,  my  part  of America  [менің  елім, 
Құрама  Штаггар, Американың мен жақ бөлігі];  my country, the South, 
my  side  the  South  [менің  елім,  Оңтүстік,  Оңтүстіктің  мен  жақ  бөлігі]; 
our land, our homes [біздің жер, біздің уй] деп қайталаудан танбайды.
Сонымен,  америкалықтар  our  country  [біздің ел],  ал  орыстар  -  
бул  ел деген қолданысқа  көшті.
Отанның  сұлулығына  тамсанудан  туындаған  America  the  beau­
tiful  [Америка  сулу]  деген  қолданыс та  бар.  Зер  салып  қараңызшы: 
beautiful  America  [сулу  Америка]  емес,  America  the  beautiful  [Аме­
рика  сулу]  -   Ivan  the  Terrible  [Иван  Грозный],  Peter  the  Great  [Ұлы 
Петр],  Nicholas the Second  [Екінші Николай] деген  патша аттары  мен 
лауазымдары салтанатты түрде берілген атау. Елді кейіптеу арқылы 
оған деген жеке адамдардың сезімі күшейтіледі.
Америкалықтардың атақты ураны  Proud  to  be American  [Амери- 
калық екеніме мақтанамын]  Кеңес үкіметі  кезіндегі Советское, зна­
чит отличное /Кеңестік болса, керемет/ атты ұранмен үндес. «Proud 
to  be  American»  ұранының  қамтыған  ауқымы  таңғалардық.  Мәсе- 
лен,  осы  уран  жазылған  ашық  хаттарды,  кәдесыйларды,  кеудеше- 
лерді, футболкаларды, тіпті осы атаумен шыққан  кітаптар сериясын 
да  кездестіруге болады.
Кеңесүкіметі кезіндебіздедеосындайөзжетістіктеріміздіашық, 
даурыға  насихаттау болған.  Батыс, әсіресе АҚШ  бізді осы үшін әжуа 
ететін,  өзіміз  де  мұны  анекдоттарымызда  («Россия  -   родина  сло­
нов»  /Ресей -   пілдер  отаны/),  әндерімізде  («и  даже  в  области  ба­
лета  мы  впереди  планеты  всей» /Тіпті  балеттен де  бүкіл  ғаламшар 
алдындамыз/)  күлкіге  айналдыратынбыз.  Бұрын  қалай  жетістікте- 
ріміз  бен  артықшылықтарымызды  айтып  айғайласақ,  постсоветтік
242


кезеңде,  керісінше,  дәл  сондай  энтузиазммен  кемшіліктеріміз  бен 
осал тұстарымызды айтудан,  жазудан танбадыц.
Америкалықтар  өз  устанымдарына  берік  болып  шықты,  олар 
қазір  де  «Proud  to  be  American»  деуін  жалғастыруда.  Ағылшын- 
дардың  «proud  to  be  English,  proud  to  be  British  [ағылшын  екеніме 
мақтанамын,  британдык,  екеніме  мақтанамын]»  деп  айғайлап, 
өздерін  мадақтауларына  олардың  улттық  мінезі  жібермейді.  Бул 
турғыда олардыңөз  әдіс-тәсілі  бар  (қараңыз:  II  б.,  1-т.,  5).  Міне,  бул 
жайында  Валерий  Ганичев  былай  деп  жазады:  «Иә,  ағылшынның 
жоғары дәрежелі саясаткерлері аса білімді әрі мақсатшыл.  Реті  кел- 
ген  жердің  бәріне  өз  одақтастарын,  апологеттерді,  англофилдерді 
(бізде русофил сөзі -  билік пен баспасөздің ең жаман (балағат) сөзі) 
«кіргізуге» дайын түрады».2
Бір  қызығы,  біздің  Ресейде үгіт-насихат  («Советское,  значит, от­
личное» /Кеңестік болса, үздік, «у советских собственная  гордость» 
/кеңестіктердің  өз  ожданы  бар/,  «великий  могучий  Советский 
Союз»  /Ұлы  да  алып  Кеңес  Одағы/)  кеңес  адамы  екеніңді  мақтан 
етуге  үйрететін,  алайда  өз  ұлтыңмен  мақтану  туралы  тұспалдап 
болса да  айтылмайтын.
Ресей  «орыс екеніме мақтанамын» деген сөзді Александр Суво­
ров  кезінен  бері естімеген  шығар.
Америкалықтар  өз еліне деген асқан  адалдығы  мен  берілгенді- 
гін  насихаттауға  келгенде  бәрінен  асып  түседі.  Бүкіл  әлемге  белгілі 
тауар  белгісіндегі  Made  in  USA  [АҚШ-та  жасалған] деген  сөз Crafted 
with  pride  in  USA  [АҚШ-та  мақтанышпен  жасалған]  деген даурықпа 
сөзбен  алмастырылған.  Осы  даурықпа  жолдардың  авторы  тауар 
белгісіне  өз  сөздері  жазылған  арзан  және  сапасыз  шұлықты  әйгілі 
«Target» дүкенінен  кездестірген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет