Коммуникация



Pdf көрінісі
бет192/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   246
6М.В. 
Павловская.
  Как 
иметь дело с русскими. 
Изд-во Московского уни­
верситета,  2003, 27 6.
235


62 Мудрое слово Древ­
ней  Руси.  М.,  1989,  185, 
328,  391, 358 бб.
63 М. Привезенцева. 
«Поза  Наполеона» 
повредит имиджу 
успешного человека // 
Капитал,  10-16.03.1999, 
9 6.
Улым  менің,  адамдар  арасында  болғанда  не  оларға  жақын- 
дағанда күлме: күлкіден ақымақтық туады, ақымақтықтан жан- 
жал,  жанжалдан  төбелес  шығады,  төбелестің  ақыры  -   кісі  өл- 
тіру,  ал кісі өлтіру -  күнә.  («Повесть об Акире  Премудром», XII  в.);
Ақ жарқын күлкімен жаныңның қуанышын жеткізу оңай...  Неме- 
се жүрегің қуанса, өңің де бал-бүл жанып кетпей ме? (Св.  Василий);
Балаға  қосылып  кім  күлсе,  үятты  болып,  басы  дауға  қалар 
(«Мудрость Менандра  Мудрого»,  XIV в.);
Сылқ-сылқ күлген күнәға батар;
Күлкің көп болса, кунәң аз болмас (из пословицXVIII в., Мосхион)62.
В.И.Дальдің сөздігінде улыбаться /жымию/деген етістіктің мағы- 
насы  былай  ашылады:  «ухмыляться»,  «смеяться молча,  про себя», 
«показывать  выражением  уст  и  лица  расположение  ко  смеху» 
(миығынан  күлу,  үнсіз  күлу,  езу тарту,  күлуді  бет  пішіні  арқылы  кор­
сету).  Мынадай фразеологиялық мысалдар берілген: Где грех,  там и 
смех/Күнә бар жерде күлкі бар/; Набьет  и улыбка оскомину /Күлкі- 
ден де тіл ойылар/; Смехом сыт  не будешь /Күлкімен тоқ  болмай- 
сын/; Смех до добра не доводит /Күлкі мүратқа жеткізбейді/.
Осы  мәдени  ая  тұрғысынан  алғанда,  Макдональдс  қызметкер- 
лерінің «адамдар бізді  есі ауысқан деп ойлайтын  шығар» деген  на- 
разылығы  орынды.  Бөгде  адамдарға  ешқандай  жөн-жосықсыз  не 
үшін жымиюы  керек?!
Бүгінде танымал  құрылымдарда  «жаңа  орыстардың»  «жағымды 
бет-бейнесін» жасау үшін өзін  қалай ұстаған жөн дегенде: «Жымиған 
дұрыс, бірақүнемі жымиып жүретін адамжеңілтекадам деген түсінік 
қалдыратынын ұмытпау қажет.  Жымиюдың мөлшері болу керек,  бул 
сіздің өз бағаңызды білетініңізді көрсетеді» -  деп үйретеді.63
Революцияға  дейінгі  дворяндардың,  зиялы  қауымның  арасын­
да  Еуропа  мәдениетінен  келген  формалды,  сыпайы  жымию  болса 
керек.  Бұл  мәселе  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Маған  тек  кейбір 
тұстары ғана  белгілі. Орыстыңұлы ғалымының қызы,  көрнекті орыс 
ақынының  жұбайы  Любовь  Менделеева-Блоктың  жарияланбаған 
естеліктерінде  жаңа  қурылып  келе  жатқан  кеңес  қоғамының  жас 
бейнесін  суреттегенде  «жымию  кетті»  деп  айтылады.  Кетті  десе, 
онда  бұрын  болғаны  ғой.  Яғни  батыс  мәдениетіне  тән  формалды, 
ақсүйектік жымиюдың кеткені ғой. Алайда бұл мәселе арнайы зерт- 
теуді  қажет ететінін  қайталап  айтамын.
Дегенмен  бүгінде  Ресейде  жымию  мәселесімен  мәдениетта- 
нушылар мен саясаттанушылар да, «имиджмейкерлер» мен бизнес 
жөніндегі  мамандар  да  айналысуда.  Кеден  академиясында,  мәсе- 
лен  «Кеденші жымиюы  қажет пе?» деген  сұрақ талқыланған.
Нәтижесінде  Ресейдегі  жымиюға  қатысты  жағдай  өзгере  баста- 
ды.  Жымиятын  аса  жоғары  лауазымдағы саяси  қайраткерлер  шыға
236


бастады,  атап  айтқанда,  премьер-министр  М.М.Касьянов.  Дүкен- 
дер  мен  шетелдік  фирмаларда  қызмет  көрсететін  қызметкерлер 
күлімсіреп қарсы алатын болды. Сонымен, бүгінде заманауи  Ресей- 
де  жымиюдың  қандай  рөл  ойнайтынын  актриса  Ольга  Дроздова- 
ның  «Жымию  жұдырыққа  қарсы»  деген  тақырыпта  берген  сұхба- 
тынан («За  Калужской заставой»  № 44 (231)  15-21 қараша,  2001 ж.) 
көруге  болады.  О.Дроздова  сұхбатында:  «Өмірдің өзі  қатыгездікке 
қатыгездікпен  мүлде  жауап  беруге  болмайтынын  көрсетті,  ондай 
жолмен  бір  нәрсеге  қол  жеткізу  өте  қиын.  Қазір  маған  тіл  тигізген 
адамға  жымиып  жауап  қайтарам  және  мүның күші  жұдырықтан да 
күшті  екенін байқадым», -  дейді.
Керісінше,  Англияда,  британдык,  психологтердің  мәліметтері- 
не  қарағанда,  формалды  жымиюдың  рөлі  бәсеңсіп  барады.  2003 
жылдың ақпанында  қарапайым эксперимент жүргізілген:  психолог 
студенттер  көшедегі  жүргіншілерге жымиып,  олардың қаншасы  өз- 
деріне  жауап  ретінде  жымиғанын  есепке  алған.  Нәтиже  таңғалар- 
лык,  болған:  Лондондағы  қатысушылардың  75%-ы  жымиюға  жа­
уап  қайтармаған,  Эдинбургте  жүргіншілердің 4%-ы  жымиып  жауап 
қайтарған.  Англияның  оңтустік  батысындағылар  ең  ашық-жарқын 
тұрғындар екені  анықталған.
Сонымен,  қорытындылайык,.
1.  Жымию әртүрлі болады.
«Формалды  жымию»  -   батыс  мәдениетінде  бөгде  адамдар- 
ды  қарсы  алу түрі,  таныс  емес орында  бөтен  адамдардан  қорғану, 
қауіпсіздік шарасы. Орыс мәдениетінде бұл  керісінше,  қарама-қай- 
шы  нәтиже  береді.  «Ол  жақта»  адамдардың  бәрі  сыпайы,  мәде- 
ниетті,  әрдайым  жымиып  тұрады  деп  тамсана  айтқан  әңгімемнен 
соң  (1973  жылы),  келесі  кездескенімде  құрбым:  «Әңгімеңнің  пай- 
даға  асары  шамалы. Дүкенде  қасымда  тұрған  адамға  жымиям деп 
басым  бәлеге  қалды.  Соңымнан  қалмай,  әрең  құтылдым»,  -   деп 
ренжігені  бар.
«Коммерциялық  жымию»  -   заманауи  қызмет  көрсету  талабы. 
Ресейге  шетелдік фирмалармен  келсе де, бүгінде жат дүние емес.
«Шынайы  жымию»  -   жақсы  сезімдер  мен  жайлы  қатынастар 
көрінісі.  Яғни  жағымды  нәрсеге  адамның табиғи  реакциясы,  оның 
мәдениетпен  байланысы  жоқ.  Жымиюдың  бұл  түрі  адамзат  қауы- 
мының  барлығына  тән,  оған  ешқандай  мәдениеттің  қатысы  бол- 
маған.  Орыстарға жымиюдың осы түрі жак,ын.
2.  Жымиюдың әртүрлілігі -  мәдениеттің әртүрлілігі.
3.  Адамдардың  барлығы  өзге  мәдениетті  түсінуге  және  қабыл- 
дауды  үйренуі  қажет,  онсыз  мәдениетаралык,,  халықаралық  ком- 
муникацияларға,  серіктестікке,  бүкіләлемдік  ынтымақтастыққа  қол 
жеткізу мүмкін  емес.


II т а pay
Тіл және идеология
Өткен аптада өнер мен 
үгіт-насихаттың ажырамас 
бірлікте екенін 
аңғардым, әдетте таза 
эстетикалық пайымдауға 
жатқызыл аты н да рды ң 
бәрі  белгілі бір мөлшерде 
моральдық,  саяси  не діни 
наным-сенімдерге сіңісті 
болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет