Қазіргі кезде орыстардың туабіткен осы қасиеті бизнес жүргізу-
дің батыстықтәсілін жоққа шығарып отыр. Мәселен, «Фанта» сусы-
нын жарнамалау кезінде ішкі жағында арнайы суреттер жиынтығы
бар қақпақтарды жинаушылардың арасында утыс ойындары жүр-
гізіледі. Мәскеуде, Петербургте және бірқатар қалаларда тез арада
әртүрлі базарлар пайда бола бастады. Жарияланған утысты жеңіп
алу мақсатында сусынның ңақпағын жинаушылардың барлығы бір
одаққа бірігеді.8
Бірлестік құрып, өмір сүру негізі ежелден орыс халқына тән бол-
ғанымен, қазіргі индивидуалдыцтан бас тарту өткен коммунистік
кезеңнің сарқыншағы саналады.
Газетке Мәскеудегі сән апталығы туралы жаза отырып, мақала
авторы сәнге деген жеке индивидуалды көзқарас пен жауапкерші-
ліктің жоқтығын, сәнгерлердің есімінің атаусыз қалғанын айта ке-
ліп, өз ойын былай түжырымдайды: «Сән апталығы көбіне қатаң үл-
гідегі сапалы тігілген топтамаларды ұсынды. Өкініштісі, ұсынылған
сән топтамаларының авторлары мүлде атаусыз қалды. Біздің сән-
герлердің қарапайымдылығы мен сыпайылығы кезекті ұлттық жұм-
баңқа ұқсайды. Олардың шетелдік әріптестері қай жерде болсын
өз есімдерін кадрда толық көрінетіндей етіп ірі алтын әріптермен
жазады. Ал біздің сәнгерлер АҚ мен ЖШС-ның артына жасырынып
алады. Оларды жеке-жеке атап шығудың өзі адамды жалықтырып
жібереді.9
Өткен кезеңнің осы бір сарқыншақтары туралы жазушы Андрей
Битов «Повторение не пройденного» атты мақаласында мынадай
пікір айтады: «Жеке тұлғалардың серіктестіктерден бөлініп шык,-
пауы - өткеннің сарқыншағы саналды, ары кетсе үкімдей көрінді».10
Қазіргі Ресей елінің тұрғындары кеңестік идеологияны инди-
видуалдықты төмендеткені, бірлестікке, ұжымға бағындырғаны,
жеке тұлға ретінде қалыптастырмағаны үшін айыптайды.
Батыс елдерінде орыс философиясы мен дінін үйреншікті, әдет-
тегі нәрсені, жеке адамның тұлғалық қасиетін төмендеткені үшін
айыптайды. Бұл туралы өз сұхбатында жазушы Светлана Алексее
вич мынадай пікір айтады: «Батыстан мен мынадай пікір естідім:
сіздердің мәселелеріңіз православтық шіркеуде, яғни оның орто-
доксалды ұстанымында жатыр. Біз үшін жердегі нәрселер маңызды
емес, біздің үйіміз жоқ, бізге Ғалам маңыздырақ... Орыс филосо-
фиясын алып қараңыз. Мұнда тек Рухтың өмірі туралы ғана айты-
лады. Тән туралы ой-пікірлер, барлық материалдық құндылык, тө-
мендетілген. Меніңше, бұл адам баласы үшін қауіпті. Адам өмірінің
қуны жоқ болып көрінеді. Адам өз-өзіне айтуы мүмкін: «Егер мен
ана жақта өмір сүретін болсам, онда мен үшін бұл жерде ештеңенің
құны жоқ».11
Достарыңызбен бөлісу: