Коммуникация


Демек,  егер  мәдениетті  адам  санасы  арқылы  қабылданған,  яғни



Pdf көрінісі
бет54/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Демек,  егер  мәдениетті  адам  санасы  арқылы  қабылданған,  яғни 
адамның  физикалық  және  рухани  іс-әрекеті  нәтижесінде  пайда 
болған  әлемнің  өмір  сүру  салты  десек,  онда  әлемнің  тілдік  бей- 
несі  мәдениет арқылы толық қамтылмаған.
«Человеческий  фактор  в  языке»  («Тілдегі  адами  фактор»)  кіта- 
бында  берілген  элем  бейнесінің  анықтамасы  адамның физикалық 
іс-әрекетін  және  оның  қоршаған  ортаны  қабылдаудағы  физикалык, 
тәжірибесін  ескермейді:  «Әлем  бейнесін  барынша  дұрыс  түсіну 
үшін  оның  анықтамасын  әлемнің  әу  бастағы  жаиандык,  өмір  сүру 
салтынан  қарастыру  керек.  Оның  негізінде  адамның  барлың  руха­
ни  белсенділігінің  нәтижесі,  дүниетанымы,  белгілі  бір  мәдениетті 
тұтынушылардың  түсінігіндегі  әлемнің  мәнді  қасиеттері  жатыр».4 
Алайда  адамның  рухани  және  физикалық  іс-әрекетін  бір-бірінен 
бөліп  қарастыра алмаймыз ғой.  Егер, әңгіме -  әлемнің мәдени-кон- 
цептуальдық бейнесі туралы  болатын  болса,  бұл  екеуі  бірін-бірі  то- 
лықтырушы, олардың бірін  екіншісінен  ажырату дұрыс емес.
Сонымен,  әлемнің  мәдени  және  тілдік  бейнесі  өзара  тығыз 
байланысты.  Олар  өзара  үздіксіз  іс-әрекетте  болады  және  әлемнің 
шынайы  бейнесін  жасайды.  Нақтырақ  айтсақ,  шынайы  өмірге, 
адамды  қоршаған ортаға  қарай жақындатады.
Әртүрлі  лингвистикалық  мектептердің  тілді  шынайы  өмірден 
бөліп  әкетпек  болған  әрекеті  қарапайым  және  сол  әрекеттері  бел­
ил і  бір  себептен  сәтсіздікке  ушырады:  назарға  тек  тілдік  форманы 
ғана  алмай,  сонымен  бірге  кез  келген  құбылысты  жан-жақты  зерт- 
теуге  мүмкіндік  беретін  мазмұнын да  ескеруі  керек-ті.  Мазмұн,  се­
мантика, тілдік  бірліктердің мәні,  сөз -  бұл  қандайда  бір дыбыстык, 
(немесе  графикалық)  кешеннің  затпен  немесе  шынайы  өмірмен 
өзара  қатынасы.  Тілдік  семантика  тілдік  әлемнен  шынайы  әлемге 
жол  ашады.  Бул  екі  әлемді  байланыстыратын  арқау  тұтастай  осы 
сөйлеу  ұжымына  тән  мәдени  әлемнің  нысандары  мен  қубылыста- 
ры  туралы  және  тілдің  жеке  тұтынушысы  (сөйлермені)  туралы  мә- 
дени түсініктерге  шырмалған.
Тілден  тыс  болмыс  та,  түсініктерді  ауызекі  жеткізу  жолы  да 
барлық халықта  бірдей  емес.  Оған  әр  халықтың тарихы,  өмір  сүру 
қалпының әрқилылығы  мен  қоғамдык, санасының даму ерекшелігі 
ықпал  етеді.  Демек,  әр  халықта  тілдік  бейне  әртүрлі  болады.  Бұл
3 Ч еловеческий  ф ак­
тор  в язы ке.  Ж ауапты  
редактор  Е.С.  Кубрякова. 
М .,1 9 8 8 .107  б.
4Сонда,  2 1 6 .
55


болмысты  категориялау  принципінде  лексика  мен  грамматикада 
заттану кезінде айқын  көрінеді.
Әрине,  әлемнің  ұлттық-мәдени  бейнесі  тілдік  бейненің  негізі. 
Ол  тілдік  бейнемен  салыстырғанда  толығырақ,  байырак,  және  те- 
реңірек.  Алайда  тек тіл  ғана  ұлттық-мәдени  бейнені  жүзеге  асыра- 
ды,  сақтайды, ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырады. Тіл  әлемнің ұлттык, 
көріністерінің барлығын  көрсете алмаса да,  бәрін сипаттай алады.
Тілдің  және  тіл  үйренудің  ең  негізгі  бірлігі -   сөз.  Ол  ең  көрнекі 
иллюстрация қызметін атцарады. С ө з-б ір  заттың немесе адамдар- 
ды  қоршаған  ортаның  нақты  бір  болымсыз  бөлшегінің,  құбылысы- 
ның жай  бір  атауы  ғана  емес.  Шынайылықтың  осы  болымсыз  бөл- 
шегі  адамның  сана-сезімі  арқылы  өтіп,  бейнелеп  көрсету  процесі 
кезінде сол ұлттың мәдениетіне сай, ұлттық цоғамдык, сана-сезіміне 
тән ерекше мәнге  ие болады.
Сөзді  мозайканың  бір  кішкентай  кесегімен  салыстыруға  бола­
ды.  Бұл  кішкентай  мозайкалар  әр  тілде  әртүрлі  суреттер  құрасты- 
рады.  Ол  суреттер  өз  бояуларымен  ажыратылады.  Орыстілді  орта- 
да  бұл  суреттер  өз  тұтынушыларын  көк  және  көгілдір  түсті  көруге 
мәжбүрлесе, ал ағылшындар бір ғана  көк (blue) түсті  көреді. Алайда 
орыстілділер  де,  ағылшынтілділер  де  бір  ғана  шындық объектісі -  
спектордың бір бөлшегіне  қарап тур. Әрине, адамдар цажет болған 
жағдайда  барды  бар деп  қалпына  келтіруге  қабілетті. Ағылшындар 
да  адам  көзіне  көрінген  барлық  түс  реңдерін  сөзсіз  көре  алады 
(және қажетті жағдайда  оларды  не терминмен,  не бейнелеп  көрсе- 
теді.  Мысалы,  Dark blue [көк, қара  көк], navy blue [қара  кек], sky-blue 
[көгілдір,  көкшіл], pale-blue [ашык, көгілдір]  деп).
Бұрындары Чернышевскийдің:  «Егер ағылшындарда  соо/сдеген 
жалғыз  сөз  болса,  олар  аспазды  асүйден  ажырата  алмайды  деген 
сөз емес» -  деп  айтқаны бар еді.
Тіл  адамдарды  әлемнің  нақты  көрінісіне  тәуелді  етіп  қояды. 
Ағылшынтілді  бала  ана тілін үйренуде/oof және leg деген екі  затты 
көреді,  ал  орыс тілінде  ол  бір-ақ  затты  «аяқ»  деген  мағынаны  бе- 
реді.  Алайда  ағылшынтілді  бала  түсті  (көк  және  көгілдір)  ажырата 
алмайды,  орыстілді  баладан айырмашылығы -  ол тек blue-көк түсті 
ғана  көреді.
Шетел  сөздерін  жаттап  алған  адам  әуелі  өзіне  толык, түсініксіз, 
жат,  белгісіз  бейнеден  бір  кесек  мозайканы  алды  деген  сөз.  Со- 
нан  соң  оны  өзінің ой-санасындағы  туған  тілі  арқылы  қалыптасңан 
әлемдік  бейнемен  салыстыруға  тырысады.  Тап  осы  жағдай  шетел 
тілін  үйренудегі  алынбас  қамалдай  көрінетін,  оқушылардың  ба- 
сым  бөлігінің  жеңе  алмайтын  ең  басты  қиындығы  болса  керек. 
Егер  заттың  немесе  қоршаған  ортаның  құбылыстары  айна-қатесіз 
көшірілетін,  механикалык„  фотографиялық  акт  секілді  қарапайым
5 6


болса,  онда  нәтижесінде  нақты  сана-сезімдерімен  байланыссыз 
әртүрлі  халықтардың  нақты  тұрмыс  санасына  тәуелді  әртүрлі  бей- 
несі  емес,  жұрттың  бәріне  ұқсас  әлемнің  фотокөшірмесі  жасалған 
болар  еді.  Сөйтіп,  осы  фантастикалык,  (адами  емес,  машина  робот 
дәрежесінде) жағдайда шетел тілдерін үйрену (бір тілден екінші тіл- 
ге  аудару)  бір  кодтан  екінші  кодқа  өтудің  қарапайым  механикалық 
мнемоникалық процесіне айналған  болар еді.
Алайда  нақты  өмірде  шынайылықтан  сөзге  жету  (түсінік  арқы- 
лы)  күрделі,  көп  жоспарлы  әрі  иір-қиыр.  Адам  бөтен  тілді  үйрене 
отырып,  өзіне  жат,  басқа,  жаңа  әлемді  меңгереді.  Шетелдік  жаңа 
сөздер  арқылы  оқушы  өзінің  сана-сезіміне,  өз  әлеміне  өзге  әлем- 
нен,  бөтен  мәдениеттен ұғым, түсініктерді әкеледі. Сөйтіп, шет тілін 
үйрену  (әсіресе  тіл  үйренудің  алғашқы,  үзаққа  созылар  кезеңінде, 
ары  қарай,  өкініштісі,  үйреніп  жатқан  тіл  жылжымай  қалады)  жеке 
түлғаның  екіге  жарылуымен  (жармақтануымен)  қатар  өрбиді.  Ой- 
лауды  қайта  құру  қажеттілігі,  өзіне  тән  дағдылы,  туғаннан  қалып- 
тасқан әлем  бейнесін басқа  әлемнің дағдыланбаған  өмір  салтымен 
көлегейлеу- шеттілін үйренудегі ең басты  қиындықтардың (психо- 
логиялық та)  бірі.  Бірақ  бүл  қиындықтар  көпе-көрнеу  айқын  көрін- 
бейтіндіктен, оқушы  (кейде мұғалімнің өзі)  сезінбей де  қалады.  Бұл 
осы  проблемаға  жеткілікті назар аударылмағанымен түсіндіріледі.
Сондықтан  осы  проблеманың тілдік  аспектісінде  бұған  толығы- 
рақтоқталатын  боламыз.
Сонымен, шынайылықтың сол түсінігі де;  кішкентей бір бөлігі де 
әртүрлі тілдерде алуан түрлі тілдік формада (толық немесе шалағай) 
беріледі. Әртүрлі тілде бір ұғымды беретін сөздердің семантикалық 
көлемінің  өзгешеленуі,  шынайылықтың  әртүрлі  бөлігіне  айналуы 
мүмкін.  Әлем  картинасын  бейнелейтін  мозайканың  осы  кішкентай 
бөлшектері  қоршаған  ортаның  адам  миында  қабылдануы  нәтиже- 
сінде  алынған  ұғым  беретін  заттың  көлеміне  қарай  әр тілде  әртүр- 
лі  көлемде  болуы  мүмкін.  Бейнелену  тәсілі  мен  формасы  және  де 
түсініктің  қалыптасуы  сол тілдік ұжымның әлеуметтік-мәдени және 
табиғи  ерекшеліктеріне  тікелей  қатысты.  Тілдік  ойлаудағы  айыр- 
машылықты  адам  сол  бірдей  уғымды  беру формасының артық  не­
месе жетімсіздігін үйреніп жүрген  шет тілі мен туған тілін салыстыр- 
ғанда  ғана  сезінеді.
Шет тілін  үйренуде  әлемнің тілдік және  мәдени  бейнесі туралы 
түсінік  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Шынында  да,  тел  мәдениеттің 
интерференциясы  туған  тілдің  коммуникациясын  қиындататыны 
сөзсіз.  Үйреніп  жатқан  шет  тілі  осы  ана  тіл  тұтынушыларының  мә- 
дениетіне  еніп,  орныңцан  қолданыстың  ықпалына  түседі.  Туған тіл 
мен төл  мәдениеттің  элем туралы  алғашқы  бейнесіне үйреніп жүр- 
ген тіл арқылы екінші  бір әлем бейнесі келіп  қабаттасады.  Шеттілін
57


және  мәдениетін  үйрену  арқылы  пайда  болған  әлем  бейнесі -  бұл 
тілмен  бейнеленген  бейне емес, тілмен  жасалған  бейне.
Әлемнің  бірінші  және  екінші  бейнелерінің  өзара  қатынасы  -  
адамның өзіндік «менінен» белгілі бір дәрежеде бас тартып, әлемді 
басқаша қабылдауына (шет елдерден) санасуды мәжбүрлейтін  кур- 
дел!  психологиялык, процесс.
Ғаламның  екінші  тілдік  бейнесінің  ықпал  етуі  мен  тілдік  тулға- 
ның қайта  қалыптасуы жүреді. Тілдердіңтүрлілігі  әлемніңтүрлілігін 
бейнелейді,  жаңа  ғалам  бейнесі  жаңа  өлшемдерді  жарыққа  шыға- 
рып,  ескісі санада  қаттала  бермек.
Отыз  жылдан  астам  шет тілінен  сабак,  беретін 
оқытушылардан  байқағаным,  олар  екі  мәдениет- 
тің  ықпалына  түседі.  Ағылшын,  француз,  неміс 
және тағы  басқа  шет тілдері  кафедрасының орыс- 
тілді  оқытушылары  өздері  оқытатын  тілдердің 
кейбір мәдени  ерекшеліктерін  меңгеріп  алады.
Тіларалык,  сәйкестіктерді  зерттеу  және  мәде- 
ниетаралық  коммуникация  мәселесін,  сондай-ақ 
шет  тілдерін  оқыту  әдістерін  жетілдіру  лексико­
графия,  аударма  теориясы  мен  практикасы  үшін 
өзекті саналады. Халыцтың дүниетанымында жоқ, 
соған сәйкес оның тілінде  кездеспейтін  қандай да 
бір  ұғымның  екінші  бір  тілде  баламасының  бол- 
мауы тілдегі жетіспеушілік саналады.
Бұған  баламасыз  лексика,  яғни  сөздің  мазмұн 
межесін  өзге  тілді  лексика  ұғымдарымен  өзара 
салыстыруға келмейді. Белгілі біртілде таңбалана- 
тын  ұғым-түсінік  не  зат,  құбылыс атауы  (things meant)  бірегей  сана­
лады.  Себебі  мұндай  бірегей  уғымдар  белгілі  бір  халықтың дүние- 
танымын бейнелейді, соған  сәйкес тілдік жүйеде  көрініс береді.
Өзге улттық ойлау жүйесінетән ұғымдарды таңбалау үшін  қажет 
болған  жағдайда  өзге  тілдік  ортадан  кірме  сөздерді  қабылдайды. 
Орыстілді ғалам бейнесінде виски,  эль сияқты сусындар кездеспей- 
тіні  белгілі.  Сондай-ақ  ағылшынтілді  ортада  блины,  борщ  секілді 
ұлттық  тағам  да  жоқ.  Дегенмен  бұл  уғымдар  өздері  енген  кірме 
сөздердің өн  бойында  өмір  сүреді.  Мундай лексемалар ұлттык, мә- 
дениетке  тән  заттарды  ғана  таңбалайды.  Мундай  тілдік  бірліктер 
қатарына ұлттық мәдениетті таңбалайтын  атауларды жатқызуға  бо- 
лады (balalaika,  matryoshka, Ыіпі,  vodka; футбол, виски, эль); саяси, 
экономикалык,  немесе  ғылыми  терминдер  (bolshevik,  perestroika, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет