Коммуникация



Pdf көрінісі
бет63/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

1997,  №  12.
мансардтағы терезелердің аспанға  қаратылып, сол арқылы үйге ба- 
рынша  кең таралған  жарык, пен  жылуды  сезінуге мүмкіндік  береді. 
Осылайша  мұндай  үйде  Ресейдің демографиялык,  жағдайына  сәй- 
кес  бес-алты  адамнан  (ата-әжесі,  әке-шешесі,  балалары)  қуралған 
отбасы  емін-еркін орналаса алады  (бөліп  алған б із-С .Т .).12
Осындай  қарапайым,  тура  айтқанда,  әдеттегідей  күнделікті 
орын  алмасатын  табиғи  құбылыстар  күн  мен  түн,  таң  және  кеш 
сияқты  тілдік  бірліктер  өзара  тіларалык,  балама  ретінде танылады. 
Дегенмен  оларды  ағылшын тіліндегі  day -  night,  morning -  evening 
сияқты  сөздермен салыстырсаңыз, түрлі халықтың дүниетанымын- 
дағы  мезгілге  қатысты  өзіндік  мәдени  ерекииеліктері  бар  екенін 
байқаймыз.  Ағылшын  халқының  түсінігі  бойынша,  morning  (утро) 
он  екі  сағатқа  созылады,  яғни  сағат түнгі  он  екіден  күндізгі сағат он 
екіге дейінгі уақыт -  таңғы уақыт саналады.  Сондықтан түнімен  қы- 
дырған  ағылшындар үйге сағат түнгі бір  не екіде емес, таңғы  бір  не 
екіде  келген  болып  шығады  (one/two o'clock in  the  morning).  Содан 
кейін күндізгі уақыт басталады, бірақорыс-ағылшын сөздігіндегі day 
сөзінің день (күндіз) түрінде аударылған  нұсқасы емес, яғни  күндіз- 
гі он екіден  кейінгі afternoon дегенді аңғартады.  Сөздің ішкі форма- 
сы  көрсетіп турғандай,  afternoon түскі  он  екіден  кешкі сағат бес-ал- 
тыға дейінгі уақытқа  жалғасады,  кешкі мезгіл басталғанда  (evening) 
кеш болады да, ал сағат сегізде кешкі мезгіл  қысқа мерзімді түнмен 
алмасады  (night).  Ал түнгі он  екі -  morning,  таңғы уақыт  ретінде  са­
налады.  Ағылшын  тілін  үйренуші  орыстарды  ағылшынша  мына  бір 
сөйлем  таңғалдырады:  He  come  to  see  her  last  night  (он  навестил 
её  прошлой  ночью -  ол  оған  кеше  түнде  келді).  Немесе:  Tomorrow 
night  we  will  have  dinner  in  a  Chinese  restaurant  (Завтра  ночью  мы 
пойдём обедать  в  ресторан -  ертең түнде  біз  мейрамханада тусте- 
нуге барамыз). Берілген сөйлемді орыс мәдениеті түрғысынан алып 
қарасаңыз, мүлде дұрыс емес: түнде мейрамханаға бармайды және 
түнде тамақ  ішпейді.  Әрине,  last night -  кеше  түнде  дегенді  емес, 
«кеше  кешке»  дегенді,  ал  two  o'clock in  the  morning — «таңғы екі» 
дегенді білдіреді.
Күндіз  (день) деген сөз бұдан да  үлкен  қиындықтудырады.
Орыстың  тілдік  мозайкасындағы  қоршаған  ортаның  кішкентай 
бір  бөлігіне,  яғни  день  деген  сөзіне  ағылшын  тіліндегі  day  және 
afternoon  сөздері  сәйкес  келеді.  Good  day  -   аналогия  қубылысы 
бойынша good morning -  қайырлы  кун, good evening — қайырлы  кеш 
бірліктері  сияқты  «қайырлы  күн»  дегенді  білдірмейді.  «Қайырлы 
күн»  дегенді  ағылшындар  good  afternoon  түрінде  айтады,  ал  good 
day  -   тек  қоштасар  сәтте  ғана  қолданылып,  жылдам  айтылатын- 
дықтан,  құлаққа  қатаң әрі  ерсі  естіледі  және  «осымен  әңгіме  бітті, 
сау бол!» дегенді аңғартады.
(>8


Жыл  мезгілдері  жалпы  адамзат баласына  ортак,  құбылыс  сияқты, 
мәселен  орыс тілді  адамның танымында  бір  жылда  төрт  мезгіл  бар: 
қыс,  көктем,  жаз,  күз,  бүлардың  әрқайсысы  үш  айдан  түрады.  Бір 
жылда  он  екі  ай,  төрт  жыл  мезгілі  бар  екені  қарапайым  арифметика 
ретінде  ешқандай  күдік  келтірмейді.  Ал  ағылшын  халқының  дүние- 
танымындағы  жыл  уғымы,  яғни  олардың  жыл  санауындағы  365  күн 
жылдыңтөрт мезгіліне (seasons) бөлінеді, алайда қыс және жаз мезгілі 
төрт айға,  күз  бен  көктем  мезгілі  екі  айға  созылады.  Орыс халқының 
таным-түсінігіндегі  мамыр  айы  (көктем  мезгілі)  ағылшын  күнпарағы 
бойынша жаз мезгіліне, қараша айы (November) қыс мезгіліне жатады.
Дәл осылайша ағылшын тілінде таңғы ас (завтрак), түскі ас (обед), 
кешкі  ас  (ужин) лексемаларының балама  ретінде аударылуы  мәде- 
ни  ерекшеліктер  түрғысынан  күмән  келтіреді.  Breakfast  -   лексе- 
масының  екі  түрлі  қолданысы  бар:  құрлықтык,  және  ағылшындық 
(орыс  халқының  дүниетанымдық  қөзқарасы  түрғысынан  түрақты, 
жүйелі және шектеулі ас мәзірі). Орыс халқының таңғы асы -  тағам- 
ныңешбіріне ешқандай шектеу қойылмайтын ас мәзірі, ас мәзірінің 
өзі  түрлі  әлеуметтік  және  аймақтық топтарда,  отбасынан  отбасына 
қарай түрленіп отырады.
Осындағы  обед  (түскі  ас)  сөзі  адамды  тіпті  шатасушылыққа 
алып  келеді,  өйткені  lunch  және  dinner,  біз  ойлағандай,  не  гастро- 
номиялық,  не  үстелге  қойылатын  ыдыс-аяқ  жиынтығы  бойынша, 
не  ас  ішетін  уақыт  жағынан  (lunch  -   12.00  түскі  ас  үшін  өте  ерте), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет