(dinner - 20.00-21.00 кешкі ас үшін мүлдем кеш) мүлде сәйкес кел-
мейді. Кешкі ас (ужин) ағылшын тілінде әрі dinner, әрі SL/ррегтүрінде
дыбысталады. Маяковский айтқандай, «аударманың» жүйеленген
жүйесі «күнделікті тұрмыстағы апатқа» ұшырады. Тағы бір мысал:
орыс тіліндегі бабушка сөзі мен ағылшынша grandmother - туыс-
тык, қатынасты айқындайтын терминдер. Берілген бабушка сөзінің
ағылшын тіліндегі grandmother нұсңасымен қандай ортақтығы бар?
Бұл образ екі халықтың дүниетанымында екі түрлі көзқарас туды-
рады, өйткені екі түрлі өмір сүру салты, екі түрлі көзқарас, екі түрлі
мінез-құлық, екі түрлі киім кию үлгісі, отбасындағы атқаратын қыз-
меттің әрбасқа болуы - екі халықтың санасында бір ғана зат атауы
туралы екі түрлі ұғымның қалыптасуына негіз болады. Орыстілінен
ағылшын тіліне енген babushka кірме сөзі басқа тартатын орамал,
желек үғымын таңбалайды (a head scart tied under the chin, worn
by Russian peasant women - орыстың шаруа әйелдері сияқты иектің
астынан байланатын, басқа тартуға арналған орамал) [CDEL].
Қазіргі жаңа мәртебе бойынша, орыс халқының түсінігіндегі ба
бушка үғымы қолы мүлде бос емес: немерелерін бағады, үй шаруа-
шылығымен айналысады, жас ата-аналарға жұмыс істеп, ақша та-
буға мүмкіндік жасайтын әйел адамға қатысты қолданылады.
69
13 Н езависим ая
газета, 20.11.1997.
14 И звестия, 21.03.1998.
Ағылшындардың түсінігіндегі grandmother ұғымы «құрметті
демалысқа» шығатын, саяхаттайтын, әдемі киінетін, уақытын жақ-
сы өткізуге, барынша көңіл көтеруге тырысатын деген мағынаны
білдіреді. Бул айтылғандардың айқын иллюстрациясы ретінде час
(сағат) және hour сөздерін өзара салыстыру арқылы көрсетуге бо-
лады. Берілген екі сөздің терминдік мағынасы абсолютті түрде
бір-біріне сәйкес келеді: «час, hour - алпыс минутқа тең келетін
уақыт бірлігі». Егер де сіз халықаралық компанияда «бір сағаттан
кейін кездесейік» деп айтсаңыз, оған «орысша бір сағат па, әлде
ағылшынша бір сағат па?» деп сұрақ қоюы әдеттегі нәрсе санала-
ды. Кез келген тілде бір сағаттың алпыс минутца тең келетін уақыт
өлшемі екені белгілі, бірақ бұл жердегі ерекшелік осы уақытқа де
ген улт өкілдерінің көзқарасында, дүниетанымында жатыр. Орыс
халқына қарағанда, ағылшындардың шақырылған жерге (қонаққа,
салтанатты кешке) кешікпей бару мәдениеті қалыптасқан, олар өз-
дерінің уақытқа деген муқияттылығымен, уцыпты қарауымен өзге-
шеленеді. Өз тәжірибемізден көргеніміздей, ресейлік мекемелер-
де түскі асқа берілетін бір сағаттың өзі ары қарай белгіленбеген
уақытқа созылуы мүмкін.
Ресей басылымдарының осы мәселеге қатысты жазған мына-
дай деректері бар: «Бүгін, 20 қарашада, сағат «тура» 10.30-да (өз
уақытына өте муқият қарайтын ағылшындардың аукциондық ката-
логында әдетте дәл осылай жазады және олардың ресейлік әріп-
тестерінен өзгешелігі ретінде барлык, іс-шараны «дәл уақытында
бастауын» көрсетуге болады) - Лондондағы Кинг Стритте, Кристи
Үйінің бас кеңсесінде «Императорлық және төңкерістен кейінгі
өнер мен икондар» кезекті аукционы басталады.13
Француздың танымал актері Пьер Ришар Грузия киностудия-
сындағы түсірілімнен алған әсерімен былай бөліседі: «Бізде
кино - толық қалыптасып, бір жүйеге түскен индустрия. Ал Грузия-
да болса, бәрі керісінше. Түсірілім кез келген уақытта басталып,
кез келген уақытта аяқталуы мүмкін. Келесі күні қандай көрініске
түсетініңді де алдын ала біле алмайсың. Кейде жумысты қызған
шағында тоқтатып қойып, бәрі бірлесіп ән салатын. Оларда ба-
тыстағы сияқты директор режиссерді үнемі қадағалап турмайды,
«бол, болдың» астына алып жұмысты талап етпейді, уақытқа деген
тәуелділік жоқ».14
ММУ-дің (Мәскеу мемлекеттік университеті) шет тілдер фа-
культетінің студенті Сергей Цингаленок «Культура и время» атты
еңбегінде әртүрлі мәдениет өкілдерінің уақытқа әрқилы қатынасы
жайлы қызық мәліметтер келтіреді. Ол кешкі сағат 7-ге студенттік
жатақханадағы достарын туған күніне шақырады. Қонақтарының
жиналуын былай суреттейді: «Немістер сағат 6.55-те келіп, әлі еш-
70
кімнің келе қоймағанына таңғалды. Қытайлар 7.05-те келіп, кешік-
кендеріне ұзак, кешірім сұрап, себебін түсіндірді. Орыстар мен
венгрлер 7.30-да келіп, «Ал, қане, бастайық» деді. Кәрістер сағат
8.30-да келіп, қысқа түрде кешірім өтінді. Америкалықтар 9.15-те
келді, кештің нағыз қызған шағында келгендеріне дән риза болып,
кешіккендерін ауыздарына алмады. Қалған орыс достарым түні
бойы бірінен соң бірі келіп жатты».
Сонымен, орыстардың сағат сөзі мен ағылшындардың hour сөз-
дерінің астарында әртүрлі ұғымдар жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |