Коммуникация



Pdf көрінісі
бет108/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   188
Стереотип - «әдетте эмоциялык, реңкі бар, тұрақталған әлеумет- 
тік құбылыс не нысан туралы нобайы жасалған, стандартталған бей- 
не не көрініс. Белгілі бір әлеуметтік жағдай, тәжірибе ықпалымен 
туындаған құбылысқа адамның әдеттегі қатынасын білдіреді».14
Ағылшын сөздіктері де осы тәріздес анықтама береді: stereotype: 
«fixed mental impretion» (белгіленген ақыл-ой көрінісі) (COD), «а 
fixed pattern with is believed to represent a type of person or event 
(адам не оқиға типі туралы көрініс ретіне саналуы тиіс белгіленген 
үлгі)» (LDCE).
Стереотип, стереотиптік сөздері орыс тілінде де, ағылшын тілін- 
де де қалыпқа түскен (шаблонный) деген сөзбен анықталатын- 
дықтан, таптауырын болған, бірегейлігі, бейнелілігі жоқ деген 
мағынада жағымсыз реңкке ие. Бұл стереотип сөзіне, әсіресе мә- 
дениетаралык, коммуникация контексі тұрғысынан алғанда әділет- 
сіздік жасағанмен тең. Басқа халықтар мен басқа мәдениеттер ту­
ралы стереотип пікірлер өзге мәдениетпен келіспеушілікке алдын 
ала дайындап, жағымсыз мәдени эсер алуды жеңілдетеді. «Стерео­
типтер адамның тар шеңбердегі әлеуметтік, географиялық, саяси 
әлемінен шығып, дүние туралы тұтас, кең ауқымды көзқарасын қа- 
лыптастыруына көмектеседі».іг
Ұлттық мінез туралы стереотип пікірлерді халықаралық анек- 
доттардан көптеп кездестіруге болады. Шаблон сюжетпен құрылған 
мұндай анекдоттарда әртүрлі ұлт өкілдері бір уақытта бір жағдайға 
тап болып, әрқайсысы басына түскен қиындықты анекдот отанын- 
да стереотип ретінде қалыптасқан ұлттық мінезінің қырларына сай 
қабылдайды.
Мысалы, орыс анекдоттарында ағылшындар әдетте уақыт- 
қа қатаң бағынатын (пунктуаль), көп сөйлемейтін, прагматик, 
ұстамды, темекіні, вискиді, ат спортын жақсы көретін болып су- 
реттеледі. Немістер - істің өзіне оңтайлы жағын тапқыш, тәртіп- 
ке бағынатын, жинақы, тәртіпсүйгіштігінен өзін көп шектейтін, ал 
француздар жеңілтек, әйелқұмар, сайран салып, көңіл көтеріп
ішіп-жеуді ғана ойлайтындар ретінде көрсетіледі. Америкалықтар 
бай, жомарт, өз-өзіне сенімді, әрқашан қымбат көлік мініп жүре- 
ді деп қабылданады. Орыстар күй талғамайтын, аңғал, маскүнем, 
төбелескіш, содыр, ішіп алып, шатақ іздеп жүретіндер ретінде 
бейнеленеді.
Мысал ретінде бір анекдотты келтірейік: түрлі улт өкілдерінің
13Осы тур. қараңы з, мыс., 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет