I map ay
Тілдіц жеке гщлтапы
цалыптастырудағы рөлі
Тіл және улттъщ мтез-црлъщ
Ана тілінің адам болмысымен біте қайнасып
жатқаны соншалық, оқушыға ана тілін үйрету де-
геніміз - оған рухани тәрбие беру деген сөз.
«А на т ілін о қ ы т у ж а йы н да », 1897.
§1. Мәселенің қойылуы
Тіл мен адам ажырамас бірлікте. Әлемде адамзаттан тыс тіл бол-
майтыны секілді, адам да тілсіз өмір сүре алмайды. Адамды тілсіз
зерттеп білуге болмайтыны сияқты, тілді де адамсыз меңгеру мүмкін
емес. Тіл
адамның қоршаған ортасын, сол ортада қалыптасқан мәде-
ниетті бейнелейді, мәдениетті сақтап, ұрпақтан-үрпаққа, әкеден ба-
лаға жеткізеді. Тіл -таным қүралы,
адам оның көмегімен әлемді, мә-
дениетті танып, біледі. Сондай-ақ тіл - мәдениет қуралы, ол адамды
түлға ретінде қалыптастырады, оның іс-әрекетін, өмір салтын, дүние-
танымын, үлттық мінезін, ділін,
идеология-
сын анықтайды. Тіл - айнымас қатал ұстаз,
ол өзінде қалыптасқан идеяларды, пікір-
лерді, мәдени қабылдау модельдері мен
іс-әрекеттерді таңудан танбайды.
Белгілі
бір тұрғыдан алғанда, адам -
өз ана тілінің құлы, нәресте шағынан ата-
анасы сөйлейтін тілдің ықпалына түсіп, өз
еркінен, қалауынан тыс түскен ұжымның
тілімен бірге мәдениетін де бойына сіңірү-
ге мәжбүр болады.
Ұлттық мәдениет пен түлғаның арақа-
тынасы жайында әртүрлі
ғылым саласы
өкілдерінің, атап айтқанда, психологтердің,
мәдениеттанушылардың, әлеуметтанушы-
лардың жазған еңбектері жетерлік. Солар-
дың ішінде шет тілін оқытатын оқытушылар
Шб
үшін классикаға айналған Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаровтың
«Тіл мен мәдениет» кітабында: «Адам орыс, неміс, жапон және т.б.
болып тумайды, тек белгілі бір үлт қауымында өмір сүру барысында
сол ұлт өкілі болып қалыптасады. Баланы қоршаған ортаның ұлттық
мәдениеті оныңтәрбиесіне де ықпал етеді»,1- делінген.
Алайда
адам тәрбиесінде, оның тұлға ретінде қалыптасуында
мәдениетпен ажырамас бірліктегі тілдің айырыңша рөл атқараты-
нын ұмытпайық. Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров келтірген
кеңестік кезеңнің танымал психологі Б.Г. Ананьевтің «Тұлға - мә-
дениет өнімі»
деген белгілі афоризмін «Тұлға - тіл мен мәдениет
өнімі» деп толықтыра кеткенді жөн көрдік.
Адам шыр етіп дүние есігін ашқан алғашқы сәттен-ақ болашақана
тіліндегі дыбыстарды естиді. Тіл оны қоршаған ортамен таныстырып,
оған дейін-ақ, онсыз да «салынып қойған» көріністерді,
бейнелерді
таңа бастайды. Тілді меңгерумен қатар, ол енді қоршаған орта, өз мү-
шесі болып саналатын қоғам, ондағы мәдениет, құндылықтар жүйесі,
мораль, іс-әрекет және т.б. жайындағы ақпаратқа қанығады.
Достарыңызбен бөлісу: