Сонымен, адамды қоршаған орта үш формада көрініс табады:
- әлемнің шынайы бейнесі;
- әлемнің мәдени (немесе түсініктер) бейнесі;
- әлемнің тілдік бейнесі.
Әлемнің шынайы бейнесі - бүл адамзаттан тыс объективті
мәліметтер, бұл адамды қоршаған орта.
Әлемнің мәдени (түсініктер) бейнесі - үжымдық тұрғыдан да,
жеке адам түрғысынан да адам қабылдауының негізінде
қалыптас-
қан, сезім органдары арқылы алынған және оның санасы арқылы
жеткен тусініктер сүзгісінен өткен шынайы бейненің көрінісі.
Әлемнің мәдени бейнесі ерекше және әр халықта өзгеше бола-
ды. Бул көптеген факторларға тікелей байланысты: география, ауа
райы,
табиғи жағдайлар, тарих, әлеуметтік қүрылыс, сенім, дәстүр,
өмір суру салты т.с.с. Мүны мысалдармен безендіріп көрелік.
1994 жылы Финляндияда өткен халықаралық SIETAR конгресін-
де норвегиялық Мәдениетаралық коммуникация орталығы дайын-
даған Еуропаның мәдени картасы үсынылды. Карта Еуропа елде-
рінің географиялық
және саяси ерекшеліктерін емес, керісінше,
норвегиялықтардың мәдени қабылдауындағы стереотиптерге не-
гізделген осы елдердегі ерекшеліктерді үсынады. Басқаша айтқан-
да, бүл Еуропаның Норвегия түрғындары
көзімен жасалған мәдени
бейнесі.
Төменде картаның суреті усынылып отыр:
Достарыңызбен бөлісу: