Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КӨРКЕМ ӘДЕБИ НОРМАЛАРЫ



бет3/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КӨРКЕМ ӘДЕБИ НОРМАЛАРЫ

1.1. Ұлттық көркем сөз нормалары
Әдеби тілдің лексикалық қоры мен құрамын байытып отыру әр кезде, әр дәуірде болып отыратын жағдай. Сонымен қатар әдеби тілдің әр дәуірнің, әр кезеңінің өзіне тән көркемдік нормалары болады. Мысалы, қазақ әдеби тілінің жазба дәуірге дейінгі кезеңдерінің көркем нормаларының алуан түрлі болғандығын көрсете келіп, Р.Сыздықова өзінің «XVIII – XIX ғ.ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы» деген монографиясында көркемдік амал-тәсілдер мен көріктеуіш құралдардың басты-басты түрлерін жинақтап, көркем тіл нормаларының негізгі типтерінің әдеби тіл дамуының кезеңдері (жыраулық, жыраулық-ақындық, ақындық) мен дәірлері бойынша жүйелеп береді. Олар қысқаша айтқанда мыналар: параллелизмдер, образдың символ түрінде берілуі, реалистік сөз қолданыс, персонифкация, перифраздар, т.б.

Әр түрлі дайын үлгілердің штамп, клишелердің бұзылуы, сапалық өзгерістерге түсуі немесе жаңа түрлерінің пайда болуы, сөйтіп көркем тәсіл ретінде дүниеге келуі алдымен суреткер заманына байланысты болады. «Заман сырын ұғуға тырысқан, заманамен ілесе отырған ақындар өз заманында туған жаңа ұғымдарды атауға, жаңа образдарды сол заманға сай түрде жасауға ұмтылады. «Заманмен ілесе отыру дәстүрлі шарттылықты бұзу деген сөз, стандарт пен штамптарды ығыстырып, жаңа атаулар, жаңа фразеологизмдер, жаңа поэтикалық құралдар туғызуға жол ашу деген сөз. Демек, бұл тілге, оның әдеби түріне сапалық белгі беретін әрекет. Осы процесс ХІХ ғасырдың орта тұсында батылырақ жүре бастағаны басталады» [9,70].

Әуелде, М.Әуезов айтқандай, «Жазба әдеби тіл мен ауызша сөйлем тілінің жігі ажыраспаған» [13,30] болса, ендігі жерде жазба әдеби тілдің (оның көркем проза жанрының) өзіндік белгілері мен ерекшеліктері жинақтала бастады. Жалпыхалықтық тіл, оның ішінде әдеби тіл айналымындағы лексикалық қордың сапалық жақтан түрлендіру, яғни семантикалық-структуралық құрылымын модификациялау, тосын контекст, дағдыда жоқ тіркес іздеу, стильдік контраст жасау, негізінен әдеби тілдің ерекшеліктерін көрсететін белгілердің бірі деуге болады. Сонымен қатар түрлендірулерді әдеби тіл дамуының ұлттық дәуіріне тән ұлттық көркем нормаларды құрайтын арсеналдың бірі деп танимыз.

Көркем прозалық шығармалардағы кейіпкер тілі мен авторлық баяндауды салыстыра қарасақ, кейіпкер тілінде көркемдік мақсатқа орай қолданылған бейәдеби лексика (диалектизмдер, мазмұны бәсең қарапайым сәздер, тосын қолданыстар, өзге тілдік элементтер т.б.) әлдеқайда жиі кездеседі. Бұл – көркем шығарма тіліндегі дәстүрлі тәсіл. Ал соңғы жылдарда бейәдеби лексиканың көркем тіл кестесіндегі орны кеңейе түсті деуге болады. Оның басты екі себебі бар. Біріншісі – кейбір қаламгерлеріміздің өмір шындығын кейіпкер көзімен суреттеуінде, кейіпкер атымен баяндауға байланысты болса, екіншісі – жергілікті сөз, қарапайым лексика, өзге тілдік элементтерді жазушының сөйлеу тілі белгісі ретінде қолдануына байланысты. Орнымен жұмсалған ондай ауытқулар автор мен оқырман арасындағы байланысты күшейте түседі.

Көркем проза тіліндегі мұндай құбылыс әдеби тілдің лексикалық нормасына әсер-ықпалын тигізуі мүмкін. Бірақ бұл жалпы әдеби тіл нормасының іргесін шайқалтып, көбесін сөгу деген сөз емес.

Соңғы жылдардағы кейбір әңгіме, повестерде көріне бастаған ерекшелік - әдеби емес формалардың көркем шығарма контексінде авторлық баяндаудан гөрі кейіпкер тілінде белсендірек қызмет атқаруы. Тіл өрнегі негізінен диалогке құрылған ондай шығарманың түп қазық идеясын оқырман алдымен кейіпкердің сөзінен іздейді. Әрине, жазушы мұндайда диалогті сөйлеу тілі ыңғайында беретіндігі белгілі. Мысалы, мына өзіндіге назар аударып көрелік:



  • Әкең күйлі ме? - әңгіменің ретіне қарай есіне түскен соң сұрай салды.

  • О кісі күйлі болмаса, осынша сыра ішіп отырар ма едік, Сәке, а?

  • Бопты. Сол қойда ғой.

  • Жоқ. Министр боп кетті.

  • Бопты. Әкесімен қалжыңдай ма екен?... Әй, сендерді де баламыз бар деп жүрміз-ау. Менің жүгірмегім де мені сыртымнан дәл сендей қонжитып жататын шығар-ау? [21,125]

Міне, автордың құрған диалогі осылайша өрби береді. Әңгіме кейіпкері Садырдың аузы бопты сөзіне үйір. Сондай-ақ, жүгермек, қонжиту тәрізді мазмұны бәсең сөздер, зарплат тәрізді өзге тілдік элементтер кейіпкер тілінің «мінездемесі». Бірақ бұл әрі кейіпкерлердің даралығын көрсететін белгі емес. Өйткені мындай сөздер әңгіме Садырдың ғана емес, тіршілік әрекеті, таңдыры ұқсастау белгілі бір әлеуметтік топтың тіліне де тән. Осындай характерологиялық белгілерді еске алсақ Садыр мен Төлегенннің де репликасы интонация жағынан айтарлықтай дараланып тұр деуге болмас еді. Садыр мен Гүлбаршын арасындағы диалог те мына тәрізді:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет