Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
- Бақшада қауын, қарбыз, буылдық, сәбіз, қияр, пияз, күнге бағар сияқты жемістер егетін жерді айтады.

- Мен бау-бақша дегенді бір сөз екен деп ойлаушы ем.

- Сен білмейсің. Өйткені біздің Арқада бау болмайды. Бау - әкесі де, бақша - баласы. Сіздің жақта "тайынша" дейді. Біз "тана" дейміз. Сөздің әкесі- Сырда, баласы- қырда, Аркада ғой (...) [8,93].

Шағын әңгімеде жазушы кейіпкер сөзімен жергілікті, кәсіби сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған кәсіби лексиканың можа болу ("ағаштың қартайып, мүжіле бастауы"), қыл буыттау ("ағашты екі жағынан керте шабу"), тұжыру ("жайыла өсу үшін торанғы сияқты ағаштардың басын қырқу") тәрізді түрлерін қолданады. Жазушы мұндай "бейтаныс" сөздерді оқырман жатырқамас үшін контекст арқылы, мәндес сөздермен қабаттастыра қолдана отырып, олардың мағынасын аңғартып отырады. Сөйтіп бейтаныс сөздерді етене таныс сөздерге айналдырады.

Кейіпкер тілінің лексикалық құрамы, әсіресе соңғы жылдарда кәсіби сөздермен, этнографизмдермен байи түсті. Жазушы қарамағындағы мұндай пассив лексиканың түрлері кейіпкер сөзінің дәл, нақты болуына қызмет етті.



"Сендерге өтірік, маған шын, осы жасымда аяғына көз (қан түсуден пайда болған түйін-түйін беріш), қан түсу, тұяғының көбісі сөгіліп, ақ бас болу, доғала, тышкан, қыршаңқы, мандам, маңқа сияқты ауруларға жылқы берм деген едім... Оның (Көкжалдың- Н.У.) білім-білім болып желі тартып кеткен мандамын неше жерден қиып, анжы өткіздім, - тоқтамады (Н. Қазыбеков. Көкеңнің Көкжалы. Әңгіме).

Қазіргі көркем шығарма тілінде кездесіп отыратын сөздердің бір алуаны- ел ішіндегі байырғы кәсіпке, шаруашылыққа қатысты кәсіби лексика. Қазақ тілі лексиканың бұл тобына жататын сөздердін жалпы халықтық сипат алғандары бар да, тіліміздің шеткері койнауларында қалып қойғандары да бар. Үйші, ерші, зергер, саятшы т. б. кәсіп, өнер иелерінің былайғы жұртқа мәлім емес, тек өзара қолданатын кәсіби сөздері қаншама. Қиюын тауып, орынды сөйлете білсе, ұмыт бола бастаған ондай байырғы атаулардың шығарма тіліне шынайылық үстеп тұратын қасиеті де болады. Сол сөздер арқылы оқырман өзіне бейтаныс құбылысты ашады.



- Тозаңын ала ғой, - дейді ұста. Тозаңды ең әдемі аппақ ұн деп ойлаған шайтан итаяқты ұрып козғалтып тұратын шақылдақ жасап беріпті... Әйтеуір, диірменді таныстырып тауыспадым. Білмегенімді диірмен тісеп, жөндеп жатқан атамның қасына келіп сұраймын (Ә.Бөриев. Алматы әңгімелері. 1979). "Мейір гүлдеген жерде" деп аталатын бұл повесте жазушы диірменнің пәресі, итаяқ, еркек тас, ұйық, шот, балға (диірмен тасын тістейтін құрал) т.б. кәсіби сөздерді қолдана отырып, олардың оқырмандарға түсінікті болу жағын да ескерген.

Байырғы кәсіп, қол өнері, шаруашылық салаларына қатысты қолданылатын арнаулы сөздердің техника тілінде қайта жаңғырып, терминдік мәнге ие болуы - әдеби тіл лексикасындағы жаңалықтардың бірі. Мысалы: шанақ (диірменнің шанағы) - комбайн шанағы (бункері); қалбағай (омыртқаның түрі) - комбайн қалбағайы (мотовилка); білектеу (киіз білектеу) - білектеу "кулачить" (тех. термин); диірмен пәресі (су ағысының күшімен айналатын шығыршық) – пәре (турбина) т. б. Мұндай процесте көркем шығарма арнасы арқылы әдеби тілімізде орнығып жататын сөздер аз кездеспейді.

Автор қаламы кейде қолдану жиілігі жоғары сөздерді де дағдыдағыдай жұмсамай, өзгертуге бейім тұратындығы байқалады. Кей тұста ондай түрлендіру жібі түзу сияқты көрінгенмен, құйрығын тигізді, назар жықты, көз жықты, саңлақтанды, сауқаттасты тәрізділерді оқырманның ілтипатпен қарсы ала коюы қиын.

Аға буын жазушыларымыздың тіл кестесіне зер салсақ, сөз сонылығын тек қана әдеби тілден тысқары жатқан тұстардан іздемейді. Жазушы қаламы арқылы жай ғана танымал сөздің өзі жаңа бейнеге ие болып, тосын күйге түседі. Ондай сөз оқырманды сонылығымен баурап алады. Мәселен, қалам сөзінің пәлендей сиқыры жоқ, бар болғаны - "жазу әбзелі" ғана. Ал қаламшы деу ше? Бұлай деу - дағдыда жоқ. Бірақ сөздік құрамда жоқ қолданыстардың қаламгер тілінде кездесіп отыратынын да байқаймыз: "Жаман-жұман шығармасын ағайыншылықпен шығарып алып, сол бытпылдығына Әуезовтің, Мүсіреповтің пікірін тосқан каламшыларды да көргенбіз" [8,93]. Әдетте -шы, -ші жалғанатын сөз кәсіп иесін білдіретіндігі белгілі. Жазушы қаламы қосымшаның тап осы қызметіне заряд берген. Қалам ұстауды кәсіпке айналдырған "жазушыны" қаламшы деп, нысанаға сауыт бұзар жалғыз-ақ жебе жұмсайды. Бірқолданым сөзде (окказионал), осындай жаңа астар болса, соны қолданыстың әсері айырықша болады. Көріктеудің мұндай тәсілі көркем шығарма тіліне де жат емес. Дағдыдан жөнімен ауытқи отырып, сөзді контексте түрлендіру кейінгі буын қаламгерлеріміздің тіл кестесінде мол кездеседі дей алмас еді.

Жоғарыда айтылған мысалдардағы теңеу, метафораларға қарап, суреткер айтып отырған жайды оқырман тек бейнелеуіш, көріктеуіш тәсілдер арқылы ғана көз алдына елестетеді немесе түйсіне алады деуге болмайды. Күнделікті қарым-қатынас қызметін өтеп жүрген қатардағы жай сөздердің өзі де көркем тіл кестесіне енгенде образға айналады. Образға айналу үшін олардың метафора, троп болуы шарт емес. Тіпті көркем тіл кестесіне енген жай ғана сөздер арқылы да затты, іс-әрекетті, сапаны шындық өмірдегідей түйсініп, "көзбен көріп, құлақпен естігендей" күй кешеміз. Контекстегі сөз арқылы сол "заттын", "іс-әрекеттің", "сапаның" санамызда нақтылы сәулесі пайда болады. Сондықтан көркем тіл кестесіне енген шам, білезік, сырға, бөрік тәрізді ешбір сиқыры жоқ сөздер сөз образға (словообраз) айналады. Екінің бірі айтатын "қатардағы" сөздердің өнер материалына, басқаша айтқанда сөз образға қалай айналатынын байқау үшін мынадай текске назар аударып көрейік:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет