ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қазақ көркем прозасының тіліндегі сөз қолданыс проблемасын жалпы әдеби тіл нормасынан да, көркем әдебиеттің ұлттық көркем сөз нормасы тұрғысынан да қарастырғанда, мәселе әдеби стандарт (қалып) және сол қалыптан мақсатты –мақсатсыз ауытқушылық деп қойылады да, сөз таңдау проблемасына барып тіреледі. Көркем шығармада сөз таңдауды туызатын факторлардың бастысы – көремдік-эстетикалық талапты өтеу.ол үшін сөздің контекстік қызиетін тану – негізгі міндет. Сөз таңдау әрекеті мәтін түзу, яғни «колорит түзуші лексика шоғырын» құрастыру дегенді алға қояды. Мәтін түзуде әр алуан стилизацияны, яғни тілдік элементтердің стильдік жүк арқалай қолданылуын зерттеу қажеттігі туады.
Сөз белгілі бір стильдік бояу алғанда, өзінің номинатив мағынасынан, қалыпты қызметінен ауытқып қолданылуы заңды. Сондықтан жалпы әдеби тілдік лексикалық нормасына сәйкес келмейтін қолданыстардың барлығы бейнормалық құбылыс болып табылмайды. Стильдік мақсатпен келген ауытқулар көркем әдебиет тілінің нормасына сай келеді. Осы себептен көркем әдебиеттің лексикасын норма тұрғысынан зерттеуде ауытқудың мақсатсыз-мақсатты түрлерін ажырата білу – басты шарт. Мақсатсыз ауыту жалпы әдеби тіл талабы тұрғысынан да, көркем тіл заңдылықтары тұрғысынан да болуы мүмкін. әсіресе көркем тіл нормасына қайшы қолданыстың баршасыдерлік мақсатсыз ауытқу болып шығады.
Жазушы жеке сөздің лексикалық мағынасын дұрыс түсінбей, орынсыз қолданса, тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің компоненттерін ешбір стильдік мақсат көздемей өзгертіп жіберсе, әдеби тілдің сыртында тұратын диалектизм, жаргонизм, қарапайым сөз, жасанды сөз сияқтыларды ешбір зәруліксіз жұмсаса, бұлар жалпы ұлттық әдеби тіл нормасынан жөнсіз ауытқу болмақ. Бұл құбылыс қазіргі қазақ прозасында едәуір байқалады, бұл көрініс көбінесе жазушының тілдік сауатының дәрежесін танытады. Ал сөзге немесе фразеологизмге, сондай-ақ мақал-мәтелдер құрамына белгілі бір стильдік мақсат көздемей, өзгеше бір мағына үстеп немесе құрамын өзгертіп қолданса, ол өзгерістер көркем тіл нормасын бұзу болмақ. Соңғы көрініс көбінесе жазушы шеберлігінің, талантының дәрежесін танытады. Жоғарыда талданған фактілер осындай тұжырымдарға алып келеді.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: Ғылым, 1984, – 123 б.
Балақаев М.Б., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1968, - 234 б.
Балақаев М.Б., Томанов М., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы: Мектеп, 1961, - 210 б.
Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар). – Алматы: Арыс, 2004. – 288 б.
Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XVІІІ-XIX ғасырлар). – Алматы: Мектеп, 1984. – 288 б.
Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 216 б.
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.
Әуезов М.О. Абай жолы. Роман-эпопея. 1-к. Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 320 б.
Әуезов М.О. Абай жолы. Роман-эпопея. 2-к. Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 336 б.
Әуезов М.О. Қазақтың әдеби тілі туралы. ∕∕ Әдебиет және искусство №4, 1951. -30-32 бб.∕∕
Балақаев М.Б. Әдеби тілдің дамуы туралы бірер сөз. ∕∕ Қазақ тілі мен әдебиеті №1, 1958. -28-30 бб.∕∕
Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. – Алматы: Ғылым, 2002. – 184 б.
Дүкенбай Д. Алаң. Роман. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 272 б.
Дүкенбай Д. Таңдамалы шығармалар.1-т. –Алматы: Өлке, 2008.– 336 б.
Дүкенбай Д. Келіншек асуы. Әңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 320 б.
Исаева Ж. Көркем әдебиет тіліндегі кейбір сөздердің қолданылу ерекшеліктері. // Қазақ тілі мен әдебиеті №11, 2005. -85-91 бб.
Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 128 б.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. – 590 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-том. Алматы, 1976. – 560 б.
Жанпейісов Е. Қазақ прозасың тілі. Алматы: Ғылым, 1963. - 220 б.
(Р.Сейсембаев. «Майдан әндері»)
(С.Асылбеков. Құлтай. "Жұлдыз" 1981, N1).
Достарыңызбен бөлісу: |