Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сґз талєауєа, олардыѕ басын ќўрап, сґз саптауєа тікелей јсер ететін аса маѕызды шарттылыќ


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет2/11
Дата06.01.2022
өлшемі250 Kb.
#16556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты көркем шығармалар негізінде көркем әдебиет тіліндегі әдеби нормадан ауытқушылықтың түрлеріне талдау жасап, оларға сипаттама беру, қызметін айқындау.

 Жоғарыда айтылған мақсаттар мынадай м і н д е т т е р д і орындау арқылы жүзеге асыруға болады:

    - әдеби тіл және оның нормалары жөнінде теориялық мәселелерге тоқталу; нормалардың түр-түрін көрсетіп, сипаттама жасау; тілдік норманы кодификациялаудың негіздерін айқындау;

    - тілдік норманы тілдік жүйе және дағды (узус) құбылыстарымен байланысты қарау; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;



  • коммуникацияның аса маңызды құрылымдық компонентерінің бірі ретінде этикеттік таңбалардың қызметі мен өзіне тән нормаларын, қарым-қатынас мәдениетіне тигізетін әсерін көрсету;

  • қолданыла келе дәстүрлі нормаға айналған, сөз жұмсауда ешбір қиындық келтірмейтін нормаларды қайта кодификациялауға жол бермеудің мәнін түсіндіру;

  • фразеологиялық норма және одан ауытқудың түрлеріне талдау жасау.

  Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында мерзімді басылымдар мен баспа өнімдері, монографиялар және нормативті сөздіктердің материалдары пайдаланылады.

  Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салыстырма-тарихи әдіс сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.

  Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары.

  Тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса, ендігі кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, әдеби және әдеби емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің сапасын анықтауда тілдік нормаға сүйену жеткіліксіз, әдеби емес нормаларды да ескеру, нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты жаңалығы. 

 Зерттеудің теориялық құндылығы мен практикалық мәнділігі.    Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары, материалдары жоғары мектептерде сөз мәдениеті, стилистика, когнитивтік лингвистика, коммуникация теориясы бойынша оқылатын лекциялық курстарда пайдаланылуына болады.

  Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, сонымен бірге пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет