Компьютерді қолданып оқытуды автоматты түрде бағдарламалық басқарудың әдістемесі

бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі2,53 Mb.
#35154
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Физика педагогтарын даярлау Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту, сонымен қатар компьютерлік мәдіметтерді өңдеу әдістері мен құралдарын жасау құралы. Орындаған: Айтабанов Ғ. Қабылдаған: Ордабаева Р. Тараз 2022

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Оқу бағдарламаларын, оның артықшылықтары

б) Оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін

с) АКТ, қашықтықтан оқыту

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады.

Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.

Лернер Исаак Яковлевичтің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Оқу жоспары оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет