«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер


Курс тақырыбы 7. Графикалық объектілердің формаларын өзгерту және арнайы эффекттер қолдану



бет57/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Курс тақырыбы 7. Графикалық объектілердің формаларын өзгерту және арнайы эффекттер қолдану.

Сабақ тақырыбы: Қабаттар мен объектілер менеджеріндегі қабаттар.

Динамикалық бағыттауыштар.

Динамикалық бағыттауыштар – бұл бағдарламаның 12 нұсқасында пайда болған элементтер. Оның негізгі ерекшелігі сурет салу және құрастыру жүргізе білуіне назар аудару керек. Динамикалық бағыттауыштарды қарапайым бағыттауыштар мен байлау нүктелерінің қатынасы ретінде түсіндіруге де болады. Динамикалық бағыттауыштарда байлау нүктелерін соның ішінде орталықты, түйінді, квадранты, мәтіннің базалық сызығын «керіп қою» қасиеті бар.

Динамикалық бағыттауыштарды екпінді қылу үшін Түр – Динамикалық

бағыттауыштар меню бұйрықтарын орындалады. Бұл жағдайда динамикалық

бағыттауыштар меню қатарында жалауша болады. Ал егер сөндіру керек болса, дәл осы тәртіппен командалар тізбегін орындау керек. Сол жағдайда жалауша алынып қалады.

Сонымен қатар динамикалық бағыттауыштарды қосу/сөндіру бұйрықтарын экран бетіндегі атрибуттар тақтасында орналасқан  батырманы басса болғаны.(6.31-суреттен қараңыз)



6.31-сурет


Динамикалық бағыттауыштарды пайдаланып, объектіні орналастыру үшін келесі әрикеттер орындау керек:

1. Объектіні ерекшелеу;

2. Объектінің кез келген жерінен (түйінінен, орталығынан, шетінен) ұстап тұрып, жіберместен белгілі бір орынға жылжытыңыз. Бұл жағдайда сіздің объектіңіз қозғалыссыз тұрады да, көгірдір түспен боялып пайда болған оның көшірмесі сіздің бағыттаған орнына жылжиды. (6.32-сурет)

3. Ал егерде сіз тышқан курсорын бір жерге жіберіп қалсаңыз, бастапқы объектіңіз сол көшірмеңізді орналастырған жеріне көшіріліп, алғашқы орнынан жоғалып кетеді. Міне осы көгілдір түсті объектінің көшірмесі динамикалық объектісі, яғни белігі бір орынға бағытталған динамикалық көшірмесі болып табылады.



.32-сурет

Динамикалық бағыттауыштарға да тиісті параметрлерін баптау қажет. Оны іске қосу үшін Түр – Динамикалық бағыттауыштарды баптау (Вид - Настройка динамических направляющих) бұйрықтарын таңдайсыз. Сол жағдайда экран бетіне оның параметрлер терезесі шығады. (6.33-сурет)



.33-сурет

Таңдалған бағытты Бағыттауышты алдын ала қарау жолынан көре аламыз.

Сонымен қатар параметрлер терезесінде бағыттауыштардың бұрышын

орналастыратын тізімде бар. Оны біздер өзіміз градус деген бөлікте мәнді

орналастыруымызға да болады немесе оның төменгі жағында орналасқан тізімнен керекті бұрышты таңдауға да болады. Бұрыш таңдалғаннан кейін Қосу (Добавить) батырмасын басамыз. Егер бұрышыңыздың мәні керек болмаса, дәл осы тәртіпті орындап, Жою (Удалить) батырмасын баса саласыз. Бұрыш экранының кеңесін және де арақашықтың экранының кеңесін алып тастауға/қосуға да болады. Ол тек қана тиісті бөліктен жалаушаны алып тастау/ қою әрикеттерін орындайсыз.

6-жаттығу: «Евросоюз» бейнесін құру

1. Квадратты құрыңыз

2. Оның ішіне эллипсті салыңыз.

3. Динамикалық бағыттауышты екпіндеңіз:Түр – Динаикалық бағыттауыш;

4. Динамикалық бағыттауыш параметрлерін баптау терезесін ашыңыз: Түр –

Динамикалық бағыттауыштарды баптау



  1. Динамикалық бағыттауыштардың келесі бұрыштық мәндерін беріңіз: 00, 300, 600, 900, 1200, 1500;

6. «Жұлдызша»  құрын таңдаңыз.

7. Жұлдызшаның 11 көшірмесін алыңыз.



8. Сол көшірменің біреуін алып тышқан курсорын жіберместен эллипстің шеттеріне жылдытасыз. ( мысалға 6.34-суретте көрсетілгендей 300 бұрыш бағытына апарыңыз)

9. Дәл осы тәртіппен қарған 11 жұлдызшаны да 00, 300, 600, 900, 1200, 150бұрыштарына орналастырасыз. (6.35-сурет)

10. Эллипсті жойып тастаңыз

11. Жұлдызшаларға ақ түс орнатыңыз да, квадратқа қара түс беріңіз. Нәтижесінде 6.36-сурет шығарыңыз.



Тегістеу және орналастыру

Бұл әрикеттер бір немесе бірнеше объектілерді орналастыру орнын тегістеуге

немесе дұрыс, дәл орналастыруға қолданылады. Тегістеу және орналастыру әрикеті орындалуы: Реттеу – тегістеу және орналастыру (Упорядочить – выравнять и распредилить) меню қатарынан командасы арқылы орындалады. Нәтижесінде келесі командалар тізбегі көрсетіледі.



6.37-сурет

Салынған объектімізді тегістеу және орналастыру әрикеттерін орындағымыз

келсе, жоғарыдағы көрсетлігн 6.37-суреттегі меню қатарынан Реттеу – тегістеу және орналастыру - тегістеу және орналастыру (Упорядочить – выравнять и распредилить ) командаларын таңдап, сұхбаттық терезесін ашасыз.(6.38 (а,б)-сурет)

Терезе өзі 2 бөліктен құралады:





7-жаттығу: Браслет бейнесін құру.

1. Квадрат құрыңыз

2. оның 4 көшіресін алыңыз

3. Оларды 6.39-суреттегідей орналастырыңыз, бояңыз

4. Барлық объектілерді ерекшелеңіз де, Реттеу – тегістеу және орналастыру -тегістеу және орналастыру командасын таңдап, Орналастыру сұхбаттық терезе бөлігін ашыңыз

5. Ортадан (По центру) ұяшығына жалауша қойыңыз да, Қолдану (Применить) батырмасын басыңыз



Өзіндік жұмыс тапсырмалар:

1.Тор қосымша объектісін және қисық безье құралдарын пайдаланып, келесі «Адреса»  бейнені құрыңыз:



2. Бағыттауыштарды пайдаланып, «Сильвер» логотипін құрыңыз. 

3. Обектімен байлауды пайдаланып, «Silver Star» логотипін құру.

4. Тегістеу және Орналастыру командаларын пайдаланып «Баспалдақ» сөзінің әрбір әрпін баспалдақ бейнесінде шығару. 





Сұрақтары:

1. Corel Draw бағдарламасында қандай қосымша объектілердің қызметтерімен таныстыңыздар?

2. Corel Draw бағдарламасында тор атқаратын қызметі қандай?

3. Corel Draw бағдарламасында Бағыттауыштар деп нені айтамыз және оның

қызметі?

4. Бағыттауыштармен жұмыстанғанда қисық безъе құралының қызметі қандай және не үшін қажет?

5. Corel Draw бағдарламасында объектілерді байлау дегеніміз не және оны қалай орындайды?

6. Corel Draw бағдарламасында динамикалық бағыттауыштар дегеніміз не және қызметі?

7. Corel Draw бағдарламасында қолданылатын реттеу жұмыстарының қатарына кіретін тегістеу және орналастырудың қызметі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет