Зертханалық жұмыс №1
Әдістемелік нұсқау:
Ellipse(Эллипс) құралының көмегімен келесі фигураларды құру болады: эллипс, дөңгелек, сектор, доға. (2.1-сурет)
2.1-сурет
Бұл фигураларды эллипстің атрибуттар тақтасынан көре аласыз. Бұлардан басқа эллипс құралына пайданып, әртүрлі өзгерістер келтіруге болатын бірнеше батырмалар орналасады. (2.2-сурет)
2.2-сурет. Эллипстің атрибуттар тақтасы
Эллипстің атрибуттар тақтасының ішінен төмендегі 2.3-суреттегі эллипстің
қасиеттер тақтасының параметрлерін қарастырайық:
2.3-сурет
Сектор (Pie) және Доға (Arc) объектілердің сыртқы түрін анықтайтын келесі
параметрлер бар:
Бастапқы және соңғы бұрыштар (Starting and Ending Angles) - доға дөңгелегінің ұзындығының бұрыштық өлшемі.
Сағат тіліне қарсы доға мен сектор (Clockwise/Counterclockwise Arcs or Pies) батырмасы доға мен секторды инверсиалды түрде бейнелейтін санап шығару бағытына сұраныс қояды.
Қасиеттер тақтасындағы сектормен доғаның бастапқы және соңғы бұрыштарына нұсқау үшін берілген жолдарды қолдануға геометрия ілімін білуді талап етеді.
Көбінесе қолданатын ыңғайлы әрикеттің бірі, ол Форма құралын пайдалану болып келеді. (2.4-сурет)
2.4-сурет. Бақылау түйін нүктесінің көмегімен доға, сектор және эллипстің өзгеруі
1. Сектор және/немесе Доғаның Бастапқы және соңғы бұрыштарына мәндерін беріп келе, төменде орналасқан суреттегідей бейнелерді құрыңыз. (2.6-сурет)
Өзіндік жұмыс тапсырмалар:
1. «Өнерлер» бейнелерін құру.
2. «Электромеханика» компаниясынынң логотипін құру
3. «Сатурн» бейнесін құру
Сұрақтары:
1. Эллипс құралының қызметі?
2. Эллипстен басқа қандай фигуралар бар?
3. Эллипстің атрибуттар тақтасының элементтері қандай және қызметтерін
айтыңыз?
4. Формасын өзгертуге берілген эллипстің қандай қасиеттерін білесіз.
5. Форманың көмегіменен эллипстің, сектордың, доғаның формаларын
өзгертткенде қандай нәтиже шығады?
6. Сектор формасының бастапқы және соңғы бұрыштарының мәнін өзгерткенде не өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |