Сетевое программное обеспечение
Виртуальная связь
Драйвер
Виртуальная связь
Плата сетевого адаптера
Сурет 4. Желілік адаптер платасы мен желілік бағдарламалық жасау арасындағы байланыс
Желілік адаптерді шығарушылар әдетте оларды өзінің өнімдерінің қатарына қосатын желілік бағдарламалар жасауды шығарушыларға ұсынады. Желілік операционды жүйелерді шығарушылар құрылғыға үйлесетіндердің тізімдерін (Hardware Compatibility List, HCL) – құрылғылар тізімі, операционды жүйелер құрамына енгізілген және тестіленген драйверлер тізімін жариялайды. Мысалы, Microsoft Windows NT Server HCL операционды жүйе үшін 100-ден астам желілік адаптер платалар моделін қамтиды (әртүрлі өндірушілерден), бұлардың драйверлері тестіленіп берілген операционды жүйелер құрамына енгізілген.
Драйверді әрекетке енгізу тәртібі.
Драйверді әрекетке енгізу мен басқару оларды орнату, баптау, жаңарту және жоюды меңзейді.
Орнату. Қазіргі уақытта атақты желілік операционды жүйелер орнату үшін әдетте интерактивті графикалық интерфейсті пайдаланады. Мысалы, Microsoft Windows NT Server бұны Control Panel утилиттерінің көмегімен жасайды (сурет 5).
Сурет 5. Windows NT Server желілік адаптер платасын орнату.
Баптау. Әдетте желілік адаптер платасының бірнеше параметрлері болады, олардың дұрыс орнатылуынан адаптердің өзінің дұрыс жұмыс жасауы тәуелді болады. Жоғарыда айтылғандай (3 бөлім), параметрлерді баптауды мойнақтарды (перемычка) немесе DIP ауыстырып қосуларды ауыстырумен іске асыруға болады. Әйтсе де, қазіргі желілік адаптер платаларынң көпшілігінде мойнақта жоқ, DIP ауыстырып қосуда жоқ. Олар бағдарламалы түрде – драйверлерді орнату кезінде немесе одан кейін конфигурацияланады.
Жаңарту. Уақыт өте өндірушілер драйверлерге желілік компоненттердің өндіргіштігін жоғарлататын қосымшалар немесе өзгерістер енгізеді. Драйверлерді жаңарту үрдісі оларды орнату үрдісіне ұқсас.
Жою. Кейде драйверлерді жоюды қажет ететін жағдайлар тууы мүмкін. Әдетте бұл шығатын драйверлердің жаңалар мен конфликтісінен туындайды. Мысалы, жүйеден кейбір құрылғыларды жою кезінде, осы драйверлермен соңында орнатылатын драйверлер арасындағы болуы мүмкін конфликтіні болдырмау үшін олармен байланысты драйверлерді жою қажет. Драйверлерді жою үрдісі оларды орнату немесе жаңарту үрдісіне ұқсас. Transceiver Type
|
Twisted-Pair (TPE)
|
Тапсырма.
1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
2. Желілік адрес дегеніміз не?
3. Желілік адаптер параметрлері атаңыз
4. Драйверлер дегеніміз не?
5. Мәліметтердің беру жылдамдығына әсер ететін факторларға нелер жатады?
6.1. Желілік тораптарды әкімшілігі
Достарыңызбен бөлісу: |