«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу »
пәнінен оқу тәжірибесі бойынша
тәжірибелік жұмыстар жинағы
Мамандық: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру
(түрлері бойынша)»
Курс, тобы: 18 VT-3, 18 VT - 5
Дайындаған оқытушылар: Раева Р.С.
2021-2022 оқу жылы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып талқыланды
Хаттама №____«___»__________________2022 ж.
Циклдық комиссия төрағасы:_______ Мукушева Л.А.
Техника қауіпсіздігінің ережелері
Техникаға ұқыпты көңіл бөлу керек, кабинетке асықпай, итермелей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кіру қажет, жұмыс үстелінде ЭЕМ-ның құрамды бөліктері-жүйелік блок, пернетақта, монитор (дисплей) орнатылған.
Жұмыс кезінде монитордың электр желілері өте үлкен кернеумен жұмыс істейді. Құрылғыға, электр желілері мен мониторға дұрыс көңіл бөлмеу құрылғының күйіп кетуіне, электр тоғымен зақымдануға алып келеді.
Қатаң түрде тиым салынады:
- Біріктірілген желілердің жалғасқан жерлерін қозғауға;
- Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиісуге;
- Оқытушының рұқсатынсыз құрылғыны қосып өшіруге;
- Монитор мен пернетақтаның бетіне дискілер, кітап, дәптерлер қоюға;
- Су киіммен, дымқыл қолмен жұмыс істеуге.
1. Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе дереу құрылғымен жұмысты тоқтатып, оқытушыға хабарлау қажет. Өрт сөндіруге көмек көрсету қажет.
2. ДК жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- ДК-ді іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған, зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;
- Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;
- Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда, оқытушыға беру қажет;
- Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.
3. ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.
ЭЕМ –мен жұмыс істеу кезінде 60-70 см қашықтықта, бірақ монитор экранынан кем дегенде 50 см қашықтықта қисайып, еңкейіп, жатып алмай, денені тік ұстап тұру қажет. Тұрақты көзәйнегі бар окушылыр көзәйнекпен жұмыс істеуі керек.
ДК-де жұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді.
Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.
ДК-де жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптар
- ДК-де жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтап, оқытушы тапсырмасын мұқият орындау керек;
- Құрылғыны бүлінбеуі мен бұзылмауын қадағалау керек. Жұмыс жасап отырған кезде құрылғыдан ерекше дыбыс шықса немесе ол өздігінен өшіп қалса, бұл туралы оқытушыға хабарлау керек;
- Пертетақта пернелерін қатты соқпай, жәйлап басу керек;
- Егер компьютер іске қосылмай тұрса, пернетақтаға тиіспеу оны қолданбау қажет;
- Құрылғының бұзылған жерін өздігімен қалыпқа келтіруге тырыспау керек;
- Кабинетке бөгде адамдар келсе, жұмыс орнынан тұрмай-ақ қоюға болады.
ДК жұмыс істеу соңындағы қойылатын талаптар
- ДК-ді оқытушының рұқсатымен өшіру қажет;
- Жұмысты тіркеу журналына жұмысты аяқтау уақытын толтыру керек;
- Құрылғыны таза, жұмсақ матамен сүрту қажет;
ДК-де жұмыс істеу ережелерін білу және ол ережелерді сауатты турде орындап келсеңіз жағдайлардан сақтандырады, білім мен білік дағдыларын табысты жетік меңгеруге , мемлекеттік мүлік- компьютерлік техника мен құрылғыларды қорғап сақтай білуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |