Зертханалық жұмыс №1
Желі топологиясы
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Желі негізінен жекеше мекемелерде болады және әлдебір аумақты алады, аумақтық танымы бойынша мыналарға бөлінеді:
Локальдық есептеуіш желілері (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан мекемелерде орналасады. ЛЕЖ негізінен қандай да бір ұйымдарда (корпорация, мекеме) орналасады, сондықтан корпорациялық деп аталады.
Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды немесе Wide Area Network (WAN), әр түрлі мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасып территориялық, араласқан және глобальдық болады. Осыдан глобальды желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. Өте үлекн аумақтық бөлінген желілерге мысал ретінде: Internet, EUNET, Relcom, FIDO-ны атауға болады.
Жалпы жағдайда желі құрамына келесі элементтер кіреді:
Желілік компьютер (желілік адаптермен қамтылған);
Байланыс каналдары (кабельді, спутникті, телефонды, цифрлық, талшықты-оптикалық, радиоканалды және т.б.);
Сигнал түрлендірулерінің коптеген түрлері;
Желілік құралдар.
Екі түрлі желілік ұғымдарды айырады: коммуникациялық және ақпараттық желі. (1-сурет)
Коммуникациялық желі ақпаратты беруге арналған, және де мәліметтерді түрлендіруге байланысты тапсырмаларды орындайды. Коммуникациялық желі физикалық құралдарды қолдану типімен айырылады.
Ақпараттық желі ақпаратты сақтауға арналған және ақпараттық системалардан тұрады. Коммуникациялық желі базасында ақпараттық желі тобы құрылуы мүмкін.
1.1.1-сурет. Ақпараттық және коммуникациялық желілер
Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдарынан тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпаратты сақтауға, өңдеуге және беруге болатын обьекті айтуға болады. Ақпараттық жүйе құрамына: ақпаратты өңдеу және мәліметті беру процесіне арналған компьютерлер, программалар, қолданушылар және басқа да құраушылар кіреді. Қолданушының тапсырмаларын орындауға арналған ақпараттық жүйе – жұмыс станциясы (client). Желіде жұмыс станциясы дербес компьютерден айырмашылығы ақпаратты беруге және желілік программалық жабдықтама арналы желілік картасы бар.
Сигнал беретін жолы мен құралын байланыс арнасы деп аталынады. Сигналдарды беру құралдарын абоненттік, физикалық және арна деп татайды.
Байланыс арнасы (data link) желілік құралдар мен физикалық байланыс құралдары арқылы байланыс тізбегі құрылады. Физикалық байланыс құралдары есулі ќос өткізгіш, коаксалды кабель, оптикалық канал немесе эфир негізінде құралады. Ақпараттық жүйенің физикалық коммуникациялық желі арнасы және коммуникация әрекеттестігі арасында логикалық арна орнатылады.
Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы. Логикалық арна бір немесе бірнеше физикалық арналар маршруты бойынша қаланады. Логикалық арнаны физикалық канал және коммуникация торабының маршруды деп атауға болады.
Желідегі ақпарат обьектер арасында ауысу процедурасы арқылы ақпарат блоктарымен беріледі. Бұл процедуралар ақпарат алмасу протоколдары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |