Компьютерлік желілер



бет3/7
Дата29.09.2023
өлшемі157,5 Kb.
#111264
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Желінің жұмыс жасау үдерісінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология. Мұндай байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығу жалпы байланысты бұзады.
Басқарылу тәсіліне қарай желілер

  • БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ, МҰНДА БІР КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРАДЫ. Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

  • БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.


БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:
Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).
Сервер – басқаға қызмет көрсе-тетін объект.
Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген (выделенный) сервер болуы мүмкін. Оларда мәліметтерді таралған түрде өңдеу (распреде-ленная обработка) жүзеге асырылады. Атқара-тын қызметіне қарай серверлердің бірнеше типтері болады:

  • Файлдық сервер;

  • Баспа сервері;

  • Қолданбалы программалар сервері;

  • Мәліметтер базасы сервері;

  • Коммуникациялық сервер, т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет