V – топ элементтерiнiң комплекстi қосылыстары.
Комплекс қосылыстарының: H[Sb(OH)6]; K2[Zn(NH2)4]; K[AsF4]; Na[VF6]; K2[TaF4]; K2[NbOF6]; комплекс түзушiсiн көрсетiп, оның координациялық санын тотығу дәрежесiн, комплекс ионының зарядын анықтап, атын атаңыз.
Комплекс түзушiнiң As+3 координациялық саны 4 болса, фторидтi, гидроксо-комплекстерiнiң формулалары қандай?
Төмендегi қосылыстардың координациялық формулаларын құрастырыңыз: BiI3 · KI; 2KNH2 · Zn(NH2)2; VF5 · KF; TaF5 · 2KF;
Төмендегi берiлген комплекс қосылыстарының зарядын анықтап, комплекс қосылысының формуласын толық жазыңыз: [Ta+5F7]; [Nb+5OF5]; [V+5F6]:
ВС теориясы тұрғысынан төмендегi берiлген молекулалар мен иондардың лиганда бола алатынын түсiндiрiңiз: NH2OH, N2H4, NH3, NO2-, NH4+.
Төмнедегi өзгерiстi жүзеге асырғанда қандай процес жүредi?
AsCl3 H[As(OH)4]
Не себептен ол қайтымды?
Bi+5, Bi+3 түзетiн комплекс иондарының зарядын анықтаңыз: K[Bi(SO4)2]; K[Bi(NO3)4]; Na2[BiOF5]:
Төмендегi комплекстiң қайсысы катион типтi анион типтi электронейтралды: K[AsF5(OH)]; Na[Sb(OH)6]; K2[Zn(NH2)4]; K2[NbOF5]; [V(H2O)6] · Cl3; [Co(NH3)3(NO2)3].
Алатған комплекстредiң координациялық формулаларын жазыңыз:
а) калийдiң гексафторовонадат (V);
б) калийдiң тетранитровисмут (III);
в) калийдiң тетрааминцинкат (III);
г) калийдiң гидроксопентафтороарсенат (V).
Комплекс ионының зарядын, комплекс түзушiнiң координациялық санын, тотығу дәрежесiн анықтап, төмендегi комплекстердiң диссоциациясын жазыңыз: K[AsF4]; H[Sb(OH)4]:
[As(OH)4]+ және [As(OH)6]+ иондарының диссоциациялану теңдеуiн жазыңыз. Әрекеттесушi массалар заңына сүйенiп, тұрақсыздық константасын қорытып шығарыңыз.
Көрсетiлген қатарда: [As(OH)6]-; [Sb(OH)6]-; [Bi(OH)6]-: комплекс иондарының тұрақтылығы кемидi. Ендеше қандай қосылыстың тұрақсыздық константасы кiшi мәндi болады?
NH3 және РН3 молекулаларының, структурасы ұқсас, екеунiде де орталық атомды жұптасқан электрон жұптары бар болса да, NH3 лигандалық қасиетi не себептен басымырақ?
Төмендегi заттар арасында жүретiн реакцияларды молекулалық, иондық теңдеулерiн жазыңыз:
а) Na[As(OH)4] және AgNO3
б) Bi(OH)3 және Na2[Sn(OH)4]
[Zn(NH3)4]2+ ионының АО гибридтелу типiн және пiшiнiн анықтаңыз.
[AsF4] ионының магниттiк қасиетi қандай?
[Sb(OH)4]- ионының түсi бар ма? Түсiндiрiңiз.
Достарыңызбен бөлісу: |