Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы


Ұлттық-мәдени концептілер



бет8/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы

Ұлттық-мәдени концептілер. Тек ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала, көш, домбыра, қамшы, тары). Мысалы, "дала" концептісі қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Автор танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ жеріндегі ұлттық-мәдени өмірді, яғни қазақ даласындағы жырмен оянған еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. Мысалы ойсурет құрлымында танылуы: Қазақ жері - алып бір қара қазан, қазанда қайран жұртым қуырылды. Мұндағы лингвомәдени бірлік - қара қазан. Сценарийлік құрылымда танылу: Қашаннан жерік қара Жер, жесірдің қайғы- мұңына. Дала, дала… Сал дала селеулеген, Жырмен ұйықтап оянған өлеңменен. Дала деген күйсандық бұл қазаққа, Абай десе құлағы елеңдеген. Уһ, дала! Дала толған көл-көсір жыр, Дала-қобыз, тұтпайды пернесін кір.
Эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт, мұң). Кейбір ақиқат дүниелер адам саласындағы эмоционалды, аффективті көңіл-күй арқылы, ішкі сезімі арқылы танылады. Мысалы уайым ұғымы жағымсыз мағында танылатыны, оның сары уайымға салыну, күйзелу, көңіл-күйі болмау" деп объективтенетіні белгілі. Бірақ оны нақты денотатпен көрсете алмаймыз.



Қазақша

Ағылшынша

жүрегім менің жаралы

Heart is bleeding

жүрегім ауырды

to eat one s heart out

жан жүйесін босатты

to the bottom ofone's soul

Концептілердің әртүрлі ассоциативтік түсінікте танылу деңгейіне қарай контраст концептілер және калейдаскоптық концептілер деп топтастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет